Түсінік хат Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы


-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары»



бет2/5
Дата07.01.2022
өлшемі81,82 Kb.
#20119
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
11 сынып АЛГ ГЕОМ КТП гумм бағыт

7. 11-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау;

2) «Алғашқы функция және интеграл». Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері. Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Жазық фигуралар аудандары мен айналу денелерінің көлемдерін анықталған интеграл көмегімен есептеу;

3) «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция». n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Иррационал өрнектерді түрлендіру. Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы;

4) «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар». Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері мен графигі. Санның логарифмі және оның қасиеттері. Логарифмдік функция, оның қасиеттері мен графигі. Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы. Логарифмдік функцияның туындысы; 5) «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер». Көрсеткіштік теңдеулер. Логарифмдік теңдеулер. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңдеулер. Логарифмдік теңсіздіктер;

6) «Иррационал теңдеулер». Иррационал теңдеулер. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері;

7) «Математикалық статистика элементтері». Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдама бойынша бағалау;

8) 10-11 сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.


8. Оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер күтілетін нәтижелер (біліктер немесе дағдылар, білім немесе түсініктер) түрінде берілген сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде тізбектеліп жазылған оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.

9. Оқу пәнінің мазмұны төрт бөлімді қамтиды: «Сандар», «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ».

10. «Сандар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


  1. Сандар және шамалар туралы түсініктер;

  2. Сандарға амалдар қолдану.

11. «Алгебра» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру;

2) Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары;

3) Тригонометрия.

12. «Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


  1. Комбинаторика негіздері;

  2. Ықтималдықтар теориясының негіздері;

  3. Статистика және деректерді талдау.

13. «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Математикалық анализ бастамалары;

  2. Математикалық тіл және математикалық модель;

  3. Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет