Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 11 сыныпқа арналған физика бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы
(Барлығы 72 сағ, аптасына 2 сағ)
11 сынып «Физика» пәніне жасалған күнтізбелік тақырыптық жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулармен 2020 жылғы 27 қарашада № 496 бұйрығы) сүйене отырып жасалды.
«Физика пәнінің мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүниетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық – ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан
білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық коммуникативтік және рефлективтік
мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
меңгерген дағдыларын табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
11 сынып «Физика» оқу пәнінің базалық мазмұны: механикалық тербелістер; еркін және мәжбүрлі электромагниттік тербелістер; механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықтар; айнымалы то; электромагниттік толқындар, оптика; салыстырмалы теориясының элементтері; Атомдық және кванттық физика; нанотехнологиялар мен наноматериалдар; космология.
«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1 тоқсанға сағат саны -17
2 тоқсанға сағат саны -16
3 тоқсанға сағат саны -20
4 тоқсанға сағат саны -19