Түсініктеме хат (Барлығы – 96 сағат, аптасына -6 сағат)



бет18/20
Дата23.12.2022
өлшемі87,84 Kb.
#59281
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
«Дүниетану» пәнінен 1сыныпқа арналған күнтізбелік –тақырыптық жоспарға
Түсініктеме хат
(Барлығы – 35 сағат, аптасына -1 сағат)
Осы нормативтік құжаттар негізінде құрастырылған:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы);
«2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында» әдістемелік-нұсқау хат.
«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты: білім алушыларда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан адамның, қоғам мен табиғаттың өзара байланысы мен өзара шарттылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу міндеттері:
1) білім алушыларда қоғамның, табиғи құбылыстар мен объектілердің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерді қалыптастыру;
2) білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортада мінез-құлық нормалары мен қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
3) білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шындықты тану дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету: байқау, эксперимент, сауалнама;
4) білім алушылардың танымдық қызметін дамытуды қамтамасыз ету;
5) білім алушыларға қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
6) оқушылардың қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына оң көзқарасын қалыптастыру
«Дүниетану» пәнінің мазмұны осы пән қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының кіріспе курсы болып табылатындай өзгертілген. Ол Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, оқушыларда ең алдымен өзі, үйі және отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған әлем туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет