Түстер жаттығуы


-сурет 2. "Лабиринт" әдістемесі



бет5/6
Дата11.04.2023
өлшемі174,05 Kb.
#81573
1   2   3   4   5   6
10-сурет
2. "Лабиринт" әдістемесі
Ережелерді сақтай білуін бағалау
Балаға 16, 16а суреттерді ұсыныңыз. Оларда қиындық деңгейі жоғарылай беретін лабиринттер бейнеленген.
Мақсат: мүмкіндінше лабиринттен тез шығу.
Жұмыс барысында орындау қажет шарттар бар екенін балаға түсіндіріңіз.
Жұмыс басында қарындашты лабиринттің центріне қою керек те, лабиринттен шыққанша қарындашты қағаздан алмау керек.
Алдын-ала шығу жолын іздемей, қозғалысты бірден қарынлашпен орындау.
Лабиринт сызықтарына тиіспеу, оларды қимау (бұл қате болып саналады).
Кейін бұрылуға болмайды (бұл да қате).
Әр лабиринттен шығу уақыты- 1 минуттан артық болмау керек, әр жағдайдағы қателер саны 5 тен артық емес.Жаттығу үшін жаңа, күрделірек лабиринттер ойлап табыңыз.

11-сурет
3. "Үйшік"әдістемесі
Үлгі бойынша жұмыс істеуін бағалау
Балаға таза қағаз парағын және қарындаш беріңіз де, үлгіге (17-сурет) мұқият қарауын және дәл осындай суретті өз парағында аунытпай салуға тырысуын сұраңыз. Және де ескертіңіз: Егер сен қателесіп кетсең, онда өшіргішпен өшіруге болмайды, қате суреттің үстінен немесе жанында дұрыс сурет салу керек.
Баланың тапсырманы түсінгендігіне көзіңіз жетсе, бастауға рұхсат-белгі (команда) беріңіз.
Сурет салу барысында бала тапсырманы қалай орындайтынын бақылаңыз: үлгіге жиі қарайды ма, үлгі-суреттің үстінен сурет пішінін қайталайтын сызықтар (ауада) жүргізе ме, сағанын үлгімен салыстыра ма, немесе көз қиығын бір тастап қана,есінде сақтап салады ма, жұмыс барысында алаңдай ма, сұрақтар береді ме және т.б.
Бала жұмысының аяқтағанын білдіргенде, оның салған суреті дұрыс шықты ма, өзіне тексеруін ұсыныңыз. Егер ол өз суретінен қате тапса, ол оны түзей алады. Баланың суретіне қандай да бір түзетулер енгізудің және білмей қалған жерлерін есіне салудың қажеті жоқ..
Бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады.
сурет көшірмесінің дәлдігі: суретте барлық бөліктері бар ма (түтін, тұрба, үйшіктің негізін бейнелейтін сызық және т.б);
барлық суреттің немесе оның жекелеген бөліктерінің өлшемдерінің сақталуы (2 еседен артық үлкею қате болып саналады);
суреттің элементтерінің дұрыс бейнеленуі (түтін сақиналары, шарбақ, шатырдағы штриховкалар);
6-7 жасар бала бұл суретті әжептәуір дәл сала алады, жекелеген жағдайларда қандай да бір элементтердің қате бейнеленуі немесе үздіксіз болатын жерлерде сызықтардың үзілуі сияқты шамалы қателер кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет