Өңдіру және өңдеу
Өндіріс әдісі - жоғары температурада балқыту. Әрбір
бұйымның артында ұзақ және қажырлы еңбек жатыр –
металдар өңделеді және соғу, дәнекерлеу, престеу, штамптау,
астарлау және басқа да процестерден өтеді.
Түсті металлдарды балқыту
Металды кратер арқылы алу
Қазақстан түсті металдары
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол
екі саладан тұрады — қара металлургия және түсті
металлургия: — Қара металлургия темір, марганец, хром
кенін, болат, шойын, прокат, ферроқүймасы, отқа төзімді
өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты
12 саладан тұрады;
Түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш,
мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден
концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан
тұрады.
( Қарағанды, Нұрқазған карьері)
Елімізде түсті металдардың барлық түрі өндіріледі. Қазақстан
кейбір түсті металдар бойынша (мыс, қалайы, мырыш, уран,
вольфрам, қорғасын, вайнадий, т.б) дүние жүзінде үштік
орындардың бірін алады.
Қолдануы
Соңғы жылдары түсті металдарға сұраныс күрт өсті. Олар
көптеген салалардың дамуына әсер етіп, авиация мен
машина жасауда, радиоэлектроникада, зымырандық
және ядролық техникада, жоғары технологияда, сонымен
қатар күнделікті өмірде кеңінен қолданылады.
Түсті
металдар
металл
прокаттарын,
ірі
конструкцияларды және ұсақ бұйымдарды өндіруде
таптырмас шикізат болып табылады.
|