Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша блум таксономиясы негізінде тапсырмалар құрастыру



Дата01.04.2022
өлшемі18,58 Kb.
#29577
түріСабақ
Байланысты:
пед7


Тапсырма: Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша блум таксономиясы негізінде тапсырмалар құрастыру.

Мұғалім сабақ жоспарлағанда пәнінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қазақ тілі сабағында оқушының сыни ойлау, өз ойын жаттанды емес, өз сөзімен еркін жеткізе алу, өз жауабына сенімді болу қабілеттерін ашуымыз керек. Кембридж тәсілімен оқыту Блум таксономиясына негізделіп жоспарланады. Таксономия құрылымның (сабақ жоспарының) жүйелілігін білдіреді. Блум таксономиясының негізін салушы американдық психолог, педагог, профессор Бенджамин Блум. Ол сабақ құрылымын алты деңгейге бөліп қарастырады. Олар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Сабақтың жалпы мақсатынан басқа әр деңгейге мақсат пен күтілетін нәтиже, сондай-ақ әр деңгейдің тапсырмасына критерийлер мен дескрипторлар қойылады. Бұл оқушының әр деңгейде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп, білім деңгейін бақылап отыру үшін қажет. Мысалы, қазақ тілі сабағын жоспарлағанда білу деңгейінде тақырыпты оқушылардың өзі анықтау мақсатында түрткі болатындай тапсырмалар, сұрақтар немесе 5 минуттық бейнероликтер көрсетуге болады.



«Туған өлкем – тұғырым» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы «Елтаңба мен ту туралы жыр».

Бұл сабақтың негізгі мақсаты:

– Мәтінді түсініп оқиды, оның мазмұнын ұғынады, Қазақстан рәміздері туралы білімдерін топпен бірлесе отырып талқылайды;

– «Пырақ» пен «қыран» сөздерінен диалог құра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

– Балалар еліміздің рәміздерін, олардың тарихын білуге, қастерлеуге үйренеді. Елге, жерге деген патриоттық сезімі оянады.



Енді осы тұста ойлау деңгейлеріне тоқталып өтсек.

Білу мақсаты: Бұған дейінгі оқушылардың мемлекеттік рәміздер жайлы білетінін анықтау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Әр топ бейнелері қайда орын алған? ҚР рәміздері туралы мен не білемін?

Бағалау: Смаилик арқылы бағалау

Түсінуі мақсаты: Білетіндерін әңгімелеу. Мәтінді оқу, талқылау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Мәтінді «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, постер құрайды,әр топтан елшілер постерді қорғайды.

Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды(бағдаршам) әдісі.

Қолдану мақсаты: Қисынды ойлауға әкелу. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрастыру.

Бағалау: Жұлдызша беру арқылы

Талдау мақсаты: Бұған дейінгі білімін зерделеу.

Тағы бір тапсырма – «Ауызша волейбол» ойыны. Ойын шарты бойыфнша жүргізуші мақалды бастап, допты екінші балаға лақтырады. Допты алған оқушы мақалды аяқтайды. Өзі мақалды бастап, келесі оқушыға лақтырады. Әр аяқталған мақалға 1 ұпай, егер аяқтай алмаса 1 ұпай алынып тасталады.

Жинақтау мақсаты: Оқушыларды өз ойын жинақтап айтуға итермелеу.

Тапсырма: Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау. Жетонмен немесе фишкалармен бағалау. Толық талданған мақалға 5 ұпай. Бұл тапсырманы орындау барысында.

Бағалау мақсаты: Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін бағалай алуын бақылау.

Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Гүлнұр Оразымбетованың «Туған өлкем» әнін тыңдау. Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Сен өз еліңнен жырақта жүрсің, сағынышыңды қалай білдіресің? «Туған елге сағыныш» тақырыбында эссе жазу. Бұл тапсырмада оқушылар өз ойын ашық бейнелей алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет