Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары


Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынасындағы сөйлеу әрекетінің қалыптасуы жөніндегі салыстырмалы талдау



бет20/22
Дата03.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#78823
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Ò?òû?ïàñû áàð áàëàëàðäû? ?àðûì-?àòûíàñòû? ñ?éëåó ?ðåêåò³í ?àëûïò

2.3 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынасындағы сөйлеу әрекетінің қалыптасуы жөніндегі салыстырмалы талдау
Логопедиялық жұмыстың тиімділігін анықтау мақстында тәжірибелік және бақылау топтарында бақылау өткізілді, ол ұсынылған түзету сабақтардың тиімділігін дәлелдеді.
2 кестеде тәжірибенің қорытынды кезеңінде бақылау және тәжірибелік топтардағы тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейін зерттеу нәтижелері ұсынылды.

2 кесте – Бақылау және тәжрибелік топтардағы қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейін анықтау бойынша жүргізілген бақылау тәжірибесі





Қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейі



Ұпай түріндегі орташа көрсеткіш

Пайыз түріндегі орташа көрсеткіш

Тәжірибелік топ

Бақылау тобы

Тәжірибелік топ

Бақылау тобы

1. Таныс жағдайда дайындалған шара

2,2

1,78

73,3

59,3

2. Таныс емес ортада өткізілетін шара

1,78

1,72

59,3

40

3. Өзіне таныс ортада қарым-қатынасқа түсе алуы

1,9

1,74

63,3

58

4. Өзіне таныс емес ортада қарым-қатынасқа түсе алуы

1,67

1,56

55,6

52

5. Коммуниканттардың сөздік және сөздік емес тәртібін реттеу

1,7

1,6

56,6

53,3

Барлығы
(орташа көрсеткіш)

1,85

1,68

61,6

56

Алынған мәліметтер тұтығатын балалардың ақпарат алмасуы және өзіне аз таныс ортада қарым-қатынасқа түсе алулары жақсы дамымағанын, сонымен қатар олар ақпарт жинауда қиналатынын көрсетті. Сөздік және сөздік емес бұзылыстардың болатынын: бала тәрбиешінің немес логопедтің сұрақтарына жауап қайтара алмайды, сөйлеу барысында көп тоқтайды, сөздерді және логикалық ойларды тастап кетеді, қарым-қатынастық экстралингвистикалық амалдарын аз қолданады; беттің мимикасының кедейлігі, аз байқалатын пантомимика, жесттің болмауы.


Бақылау тәжірибесі барысында келесі нәтижелер алынды. өзіне таныс адамдар ортасында таныс жағдайда дайындалған шара барысында тәжірибелі топтың зерттелушіері 2,2 ұпай алып, 73,3% құрады, ал бақылау тобы 1,78 ұпай алып, 59,3% құрады. өзіне таныс емес ортада өткізілген шара кезінде тәжірибелі топтың зерттелушілері 1,78 ұпай алып, 59,3% құраса, бақылау тобы 1,72 ұпай алып 40% құрады. өзіне таныс адамдар арасында таныс ортада қарым-қатынасқа түсе алу кезінде тәжірибелі топ зерттелушілері 1,9 ұпай алып 63,3% құраса, бақылау тобы 1,74 ұпай алып 58% құрады.



1- таныс жағдайда дайындалған шара
2- таныс емес ортада өткізілген шара
3- өзіне таныс ортада қарым-қатынастық түсе алу
4- өзіне таныс емес ортада қарым-қатынасқа түсе алу
5- коммуниканттық сөздік және сөздік емес тәртібін реттеу

Сурет 3. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың тәжірибелі және бақылау топтарында қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің


қалыптасу деңгейі

Өзіне таныс емес адамдар ортасында таныс жағдайда дайындалған шара барысында тәжірибелік топтың зерттелушілері 2,2 ұпай алып, 73,3% құрады, ал бақылау тобы 1,78 ұпай алып,59,3% құрады. Өзіне таныс емес ортада өткізілген шара кезінде тәжірибелік топтың зерттелушілері 1,78 ұпай алып, 59,3% құраса, бақылау тобы 1,72 ұпай алып 40% құрады. Өзіне таныс адамдар арасында таныс ортада қарым-қатынасқа түсе алу кезінде тәжірибелік топ зерттелушілері 1,9 ұпай алып 63,3% құраса, бақылау тобы 1,74 ұпай алып 58% құрады. Өзіне таныс емес адамдар арасында таныс емес ортада қарым-қатынасқа түсе алу кезінде тәжірибелік топ зерттелушілері 1,67 ұпай алып 55,6% құраса, бақылау тобы 1,56 ұпай алып 52% құрады. Коммуниканттық сөздік және сөздік емес тәртібін реттеу кезінде тәжірибелік топтың зерттелушілері 1,7 ұпай лып 56,6% құраса, бақылау тобы 1,6 ұпай алып 53,3% құрады.


Бақылау тәжірибесінің нәтижелері мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың тәжірибелі тобында жүргізілген түзету жұмысының тиімді екенін дәлелдейді. Ол диаграммада көрсетілген (Сурет 3).
Тәжірибенің бақылау кезеңіндегі тәжірибе топтың көрсеткіштері бақылау тобына қарағанда жоғары.
Тәжірибелі жұмыстың тиімділігін бақылау үшін бастапқы тәжірибе мен бақылау тәжірибесінің нәтижелерін салыстырып көрдік.
Нәтижелер 3 кестесе ұсынылған.

3 кесте – Бақылау және тәжірибелік топтардағы қарым-қатынастық


сөйлеу әрекетінің деңгейлерінің орташа көрсеткіші



Қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейі

Ұпай түріндегі орташа көрсеткіш

Пайыз түріндегі орташа көрсеткіш

Тәжірибелік топ

Бақылау тобы

Тәжірибелік топ

Бақылау тобы

Бастапқы тәжірибенің нәтижелері

1,64

1,64

54,6

54,6

Бақылау тәжірибесінің нәтижелері

1,85

1,68

61,6

56

Мұнда қалыптастырушы тәжірибегден соң тәжірибелі және бақылау тобындағы қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті деңгейінің өскенін бақылауға болады.


Бақылау және тәжірибелік топтардағы қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейін анықтау бойынша жүргізілген бастапқы және бақылау тәжірибесінің нәтижелерін талдай отырып біз диаграмма 3 құрдық. Бастапқы тәжірибе кезеңінде бақылау тобындағы қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейінің орташа көрсеткіші 1,64 үпай болып 54,66℅ құрады, олш бақылау тәжірибесінің мәліметтері бойынша 1,68 ұпай болып 56℅ құрады. Мұндай жоғары көрсеткіш логопедтің мектепке дейінгі мекеме бағдарламасының шеңберінде күнтізбелі-тақырыптық және жеке жоспарға сәйкес топтық және жеке сабақтарда, жүргізген жүйелі түзету жұмысымен түсіндіріледі. Салыстырмалы түрде ол келесі диаграммадан байқауға болады (Сурет 4).





1 - бастапқы тәжірибе
2 - бақылау тәжірибесі
Сурет 4. Бақылау және тәжірибелік топтардағы қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің деңгейінің орташа көрсеткіштерінің салыстырылуы.

Бастапқы тәжірибе кезеңінде қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейінің тәжірибелік топтағы орташа көрсеткіші 1,64 ұпай болып, сәйкесінше 54,6℅ құрады, ал бақылау тәжірибелі кезеңінде бұл көрсеткіш 1,85 ұпай болып, сәйкесінше 61,6℅ ұқүрады. Бұл көрсеткіштер біз ұсынған түзете-дамыту әдісінің тиімділін дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет