Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет19/22
Дата03.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#78823
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Ò?òû?ïàñû áàð áàëàëàðäû? ?àðûì-?àòûíàñòû? ñ?éëåó ?ðåêåò³í ?àëûïò

Өтпелі кезең
Өтпелі кезеңнің мазмұны ішкі сөздік бағдарламаны жүзеге асыруға және дұрыс құрудан тұрады. Бұл кезеңде сұрақ-жауаптық сөйлеуі қалыптасады.
Бұл кезеңде белгілі бір жағдайда балалар өз бетінше сөйлеуді қолданады: сұраққа жауап береді, сұрақ қояды. Тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балалар әлі үйренбеген. Сөйлеудің күрделі түрдерінде (мазмұнын айту) логопед оларға ойын білдірудің ішкі бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі.
ІІІ кезеңнің негізгі міндеті балалардың өздеріне таныс жағдайды тануы және тілдік қатынастырдың адекватты түрін таңдауы болып табылады. Сабақтың тақырыбын жариялап болған соң логопед сұрақтардың көмегімен жағдайдың құрылымын нақтылайды:

  1. сөздік емес мақсат (Алаңда сендерге таныс емес балалар ойнап жүр. Сендер не істейсіңдер?);

  2. коммуникативті міндет (сендерді ойынға қатыстыру үшін сендер не істедіңдер?);

  3. сөздік бағдарлама ( сендер ойынға қатыстыруды қалай өтініп сұрайсыңдар?);

Сосын логопед балаларға өздеріне таныс жағдайды ойнауды ұсынады.
І кезеңде болған жағдайлар ІІІ кезеңде 2 реттен қайталанылады. Алдымен баланың жағдайды тануын, коммуникативті тапсырманы қалай орындайтынын, ішкі сөздік бағдарламалық қажетті нұсқасын өз бетінше таңдай алуын анықтау үшін оның құрылымын өзгертпейді. Бағдарламаны жүзеге асыру сұраққа жауап беру түрінде болады, бұл сөйлеудің осы кезеңіне-сұрақ-жауапқа сәйкес келеді. Тұтығушының қалауы бойынша өз бетінше сөйлеудің басқа түрлерін де қолдануға мүмкіндік береді: сәлемдесу, өзіне қарату, әңгімелеу;
Жағдайды қайталау кезінде оның құрылымына қатынастық табиғи түріне ұқсас болып келетін өзгерістер енгізіледі. Бұл балалар жағдайдың компоненттерінің өзгеруі кезінде соған бейімделіп үйренуі үшін қажет. Таныс жағдайда өтетін сабақтарға таным емес коммуниканттар шақырылады – тұтықпайтн ересек адамдар және құрдастары. Ересек адамның ролін (ананыіһң. Мұғалімнің, сатушының, қонақтың) енді логопед емес, басқа да адам орындайды, мысалы басқа топ тәрбиешісі, әдіскер, тәрбиешінің көмекшісі. Логопедтің жұмысы мектепке дейінгі тұтығатын баланы тілдік бағдарламаны дұрыс құруға және сөздік амалдарды таңдауға бағыт көрсету: «Қонаққа суреттерді көруді ұсын», «Аанңнаң сұрашы бұл ойынды ойнауға бола ма?», «Мүмкін мынадан жақсы машина бар шығар сатушыдан бер деп сұрашы».
Тұтығатындардың сөйлеу тәрбиесін бағалауды тек логопед қана жасай алады. Қарым-қатынас кезіндегі белсенділік пен батылдық, қасындағы әңгімелесушіге деген жағымды қатынас мадақталады. Ішкі сөйлеу бағдарламасын жасау нұсқалары талданып, сол жағдайға сәйкес нұсқа таңдалады.
Бұл кезеңнің ойындық жағдайлардың құрылымы келесі ойындарда көрсетілген: «Саяхат », «Туылған күн».
ІV қорытынды кезеңде мектепке дейнгі балалармен сөздік және сөздік емес тәртіпті дұрыс бекіту жұмысы жүргізіледі. Бұл кезеңнің негізгі міндеті-балалардың әр алуан жағдайларда іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде сөйлеудің әр алуан түрлерін меңгеруі.
Бұл кезеңде ойындағысын айтып сөйлеу қолданады. Логопедиялық сабақтар табиғи жағдайда өтеді-көшеде, басқа топта, мектепте,ойын алаңында, дүкенде және т.б.
Сабақ логопедиялық бөлмеде басталады. Логопед балаға қайда баратындарын хабарлайды. Сөдік емес әрекеттердің мақсаты, коммуникативті міндет, сөздік бағдарламаның құрылуы мен оның болуы мүмкін нұсқалары анықталды. Мысалы, логопед хабарлайды: «Бүгін біз сабаққа серуендеуге барамыз.саябақта ойын алаңында сендер сияқты балалар ойнайтынын мен білемін. Егер сендер солармен ойнағыларың келсе не істейсіңдер? Балалармен қалай танысуға болады? Балаларды өз достарымен қалай таныстырған дұрыс? Егер олар ойнап жатқан ойынды білмесеңдер не істейсіңдер? өз ойындағы ойынды қалай ұсынған жөн?»
Осыдан соң педагог балалармен серуенге шығады. Логопедтің мектепке дейінгі балалардың еркін тілдесулері кезіндегі әрекеті мынадай: тұтығатындардың сөйлеуге деген ынтасын құптау, сөздік бағдарламаны құрғанда немесе жағдайдың құрылымының бірден өзгеруі кезінде көмек көрсету; сөйлеу бағдарламасын дұрыс жүзеге асыруда қиналған кезде көмектесу. Ол үшін сұрақ қою, тілдесу үлгісін көрсету, бірге қайталау сияқты амалдар қолданылады.
Қорытынды жасау логопедиялық кабинетте болады. Педагог балаларға осы жағдайдағы өздерінің сөздік және сөздік емес тәртібін талдауды, өз құрдастарының әрекетін талдауды ұсынады, балаларды белсенділігі, өз беттіліктері мен мейірімділіктері үшін мадақтайды.
Тұтығатын 6 жастағы балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтың қысқаша конспекті қосымша Д ұсынылған.
Бұл кезеңде логопед ата-аналармен балалардың үйде және үйден тыс жерде қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін ұйымдастыру бойынша жеке кеңестер өткізеді.
Тәрбиеші тұтығатын мектепке дейінгі балалардың топта әр түрлі әрекет бойынша қарым-қатынасқа түсуін қадағалайды. Ол сабақты тұтығушылар өздеріне өздері көмек көрсете алатындай етіп ұйымдастырады: әңгіме жоспарын құру, кішкентайларға тапсырманы қалай орындайтынын түсіндіру, ермексазды илеу кезінде, сурет салуда, құрастыруда өздерінің көмектерін ұсыну және т.б. логопед пен тәрбиеші мектепке дейінгі жастағы балаларға басқа топтың логопедіне, тәрбиешісіне музыкалық жетекшісіне, құрдастырына қатысты тапсырмалар береді.
Түтықпа балаларды түзету, оқыгу, тәрбиелеу жүйесі төмендегідей дидактикалық қағвдаларға негіздеіп жүргізіледі: жекелеу, бірлестіктік, жүйелілік, бірізділік, саналы белсенділік, көрнекілік, беріктік т.б.
Логопедиялық сабақтар курсы бінеше кезеңдерге бөлінеді (дайындық, жаттығу, қорытындылау). Әр кезеңнің өз мақсаты болады және олар бірнеше бөліктерден түрады (мысалы, үндемеу кезеңі, бірге сөйлеу, қайталап сөйлеу т.б.).
Дайындық кезеңнің мақсаты күн тәртібін сақтау, баланы сабаққа дайындау, дүрыс сөйлеу үлгісін көрсету. Жаттықтыру кезеңінің мақсатына баланың барлық қиын сөйлеу түрлерін, әр түрлі сөйлеу жағдайларын меңгеру жатады.
Қорытындылау кезеңінің мақсаты баланың дүрыс сөйлеуі мен тәртібінің дағдыларын әр түрлі жағдайда және әр түрлі сөйлеу іс әрекетінде машықтандыру. Әр сабақта оның қүрылымындағы бөліктерінің кезектілігі сақталады: дайындық, негізгі, қорытындылау.
Дайындық бөлігінде балаларды сабаққа үйымдастыру, психологиялық сипатта өңгіме өткізу, сөйлеу жаттығулары, өткен сабақтардағы сөйлеу материалдарын қайталау және бекіту, алдағы жүмысқа дайындау көзделген.
Негізгі бөлікте жаңа сөйлеу жаттығулары немесе жаңа жағдайда өткізіледі.
Қорытындылау бөлігінде логопед жаңа тақырыпты бекітеді, балалардың істеген жүмысын қорытындылайды, олардың жетістіктеріне көңіл аударады, логопедиялық сабақтан тыс уақытта орындайтын тапсырмаларды және арнайы кеңестерді береді.
Логопед логопедиялық сабақтардың мақсатын тек сөйлеу ақаулығын түзетумен қатар, түтықпаға байланысты түлғаның өзгерістерін, тәртібін өзінің кемшілігін, көзқарасын тәрбиелеу деп түсіну керек. Баланың езінің тәртібі мен сөйлеу кемшіліктерін және түтықпаны түзету тәсілдерін меңгеруі, оның түзету логопедиялық процесіне белсенді табысты қатысуына мүмкіндік береді. Түтықпа балалармен жүмыс барысында әр түрлі дәстүрлі және арнайы оқу қүралдары қолданылады. Оларға оқу процесінде көптеген қолданып жүрген оқулықтыр, оқу қүралдары, ойындар, диафильмдер, видео материалдар жатады.
Арнайы техникалық қүралдарға жататындар: Дераксне корректофоны, эхо аппараты, дыбысты күшейтетін аппарат, магнитафон т.б компьютерлік бағдарламалар.
Дераксне аппараты дыбысты басып, естуге жол бермеуге негізделген. Қүлаққа резеңке түтікше қойып, әр түрлі күшпен шу беріледі де, баланың өз сөзін естіртпейді. Өз ақаулығына көңіл бөлетін балалар үшін естудің бақылауын алып тастағанда сөйлеу жаттығу ларын орындау жеңілдейді. Біртіндеп корректофонсыз сөйлеуге үйренеді.
Б. Адамчик қүрастырған эхо аппараты екі магнитафоннан түрады. Жазылған дыбыс, бірнеше секундтан кейін жаңғырып естіледі.
Дүрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға магнитафондық сабақтардың маңызы зор. Бүл сабақтардың мақсаты баланың зейін сөйлеу жылдамдығына, мәнерлігіне, ырғақтылығына, сөйлемді дүрыс қүрастыруға аудару болып саналады. Магнитофондық сабақтарды жүргізудің әр түрлі варианттары қолданылады. Мысалы көркем сөз шеберлерін еліктеу, қайталау, салыстырмалы сабақтар т.б.
Қазіргі кезеңде «көрінетін сөйлеу» әсерін тудыратын әр түрлі компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылуда. Сөйлеу кезін-дегі тыныс алуды үзарту, сөйлеудің интонациялық саздылық жағын және оның кідіріс процестерін қалыпқа келтіріп, түзету мақсатында көрінетін сөйлеу бағдарламасының бірнеше модульдері қолданады. Мысалы,

  1. «¥зақ демалу модулімен жүмыс». Мақсаты тыныс алудың
    үзақтылығы мен күшін ерікті реттеу дағдысын қалыптастыру.
    Бірнеше ойын жүйесін қолдану арқылы бала жүтқан ауаны үнемді
    бөліп пайдалану. Тапсырманы көзбен көріп бақылауы, жаңа дағдының қалыптасуына көп көмегін тигізеді.

  1. «Дауыстың жоғарылығын өзгерту» модулінің мақсаты дауысын ерікті, жоғарылату, бәсеңдету.

  1. «Интонация» модулімен жүмыстың мақсаты дүрыс интона-
    цияны қалыптастыру.

  2. «Дауыстың қаттылығы мен жоғарылығы» модулімен жүмыстың мақсаты сөйлеудің кідірісін, жылдамдығын, бірге айтылуын
    түзету.

Бүл модульді пайдалану түтығушыны компьютер экранында графикалық жазумен берілгенін өз сөзін қадағалау және өзінің айтқанын логопедтің үлгісімен салыстыруға мүмкіндік береді.
«Көрінетін сөйлеу» компьютерлік бағдарламаны қолдану барысында түтығушының сөйлеуі туралы нақты деректер алуға болады.

Түтықпаны түзетудің кешенді әдістемелеріне логопедиялық сылау жатады. Сылау кезінде тері мен бүлшық еттердің рецеп торлары тітіркенеді, клетканың қан айналысын, зат алмасу процеістерін жақсартады. Бұлшықеттердің тонусын жоғарылатуға, төмси детуге бағытталған сылақтың әр түрлі тәсілдері қолданылады Жалпы, сылақ сөйлеу процесінде негізгі роль атқаратын жүйіи және бүлшықеттер жүйесін, бүкіл организмге жағымды ықпал етеді. Сылауды арнайы дайындықтан өткен, логопедиялық сылау тәсілдерін меңгерген логопед немесе дефектолог жасайды. Кей жағдайда, логопедтің нүсқауымен, қадағалауымен ата-аналарға да жасауға болады.
Осылайша түзету жұмысының соңғы кезеңінде балалардың әр алуан жағдайда қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті өзіндік қызметті жаттығуы жүзеге асады.біздің тәжірибе жұмысының соңғы кезеңінде мектепке дейінгі жастағы балалар қарым-қатынастық сөйеу әрекетін сенімді қолданып, аз таныс жағдайларда бейімделулері оңай бола бастады: өз беттерінше сұрақ қойды, ойын ережесі туралы айтып береді, ойыншықтардың құрылымын айтып, олардың ролдерін бөліп береді және т.б. Бұл біз жүргізген жұмыстың нәтижелігін дәлелдейді. Тәжірибеге қатысқан барлық балаларда жағымды динамика байқалды.
Тұтықпасы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары
Сабақтың мақсаты: Қорғаныштық режимін қалыптастыру, алдағы сабаққа ынталандыру. Дұрыс тыныс алуын қалыптастырып, сөйлеу ережесін, сөйлеу тілін қалыптастыру. Еркін сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Сөйлеу мүшелерінің қимылқозғалысын белсендіру. Дененің бұлшықеттерін және артикуляциялық аппаратты ерікті түрде меңгеру біліктеріне үйрету. Сөйлеудегі дем алуды, әртүрлі дауыс ырғағын және дауыс кірісін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Сабырлы болуға және денені шынықтыруға баулу.
Тұтықпа - сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпа күрделі тіл кемістігі болып саналады. Онда сөйлеу функциясының бұзылуымен қатар нерв жүйесінің, соматикалық денсаулығының, жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуы және психологиялық ерекшелктері байқалады. тұтығу негізінен нерв жүйесі әлсіз, балаларда пайда болады.
Тұтықпаның негізгі белгісі – ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады. Тыртысу негізгі үш түрге бөлінеді: тоникалық және клоникалық, сонымен.қатар кейде аралас түрге де бөледі.
Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің (мысалы: еріннің, тілдің т.б.) тонусының қатаюымен сипатталады. Тұтығушы сөйлеу кезінде тоқтап, бөгеліп қалады (М:т....тауық). Ауыз бұл кезде жартылай ашық немесе еріндер қосылып тұрады.
Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің біркелкі қайталанып қысқаруымен сипатталады. Көбінесе тұтықпада тыртысудың клоникалық және тоникалық түрлері бірдей байқалады ( М:та-та-та-тауық).
Аралас
М:кь..кіт-та-тап
Сонымен қатар, тұтықпада жалпы және сөйлеу моторикасының әртүрлі деңгейде бұзылуы байқалады. Олар ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Ерікті қимылдарға тұтығушы өзінің қиын сөйлеуін білдірмеуге немесе жеңілдету мақсатымен әртүрлі қимылдарды қолдану ( теңселу, қолын қимылдату, саңылау т.б) жатады.
Еріксіз қимылдарға сөйлеу кезіндегі тыртысу жатады. Б.И. Шостак, сөйлеу кезіндегі тыртысумен қатар тұтықпа балалардың сөйлеу аппаратында, беттің, мойынның, қолдың бұлшық еттерінде күштелген қимылдардың болатыны анықталған.
Тұтықпаның таралуы.
Тұтықпа көбінесе 2-5жас арасында пайда болады, яғни фразалық сөйлеудің қарқынды даму кезінде.
Тұтықпа бастауыш сынып (әсіресе 1-сынып) оқушыларында жиі кездеседі. Мектепте оқу кезінде және жыныстық жетілу кезеңінде күшейеді.
Ер балалар арасында тұтықпа қыздарға қарағанда 3 есе көбірек кездеседі. Қыздардың моторлық функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек қалыптасады деп болжамдайды.
Жалпы балабақшалар мен мектептерді салыстырғанда балалар үйіндегі, мектеп интернатының балалар арасында балаларда тұтықпа жиі кездеседі. 
Тұтықпа 2 түрлі себептерден болуы мүмкін:
Біріншісі -тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы;Тұтықпаның пайда болуына әкеп соғатын бірқатар себептер: моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмау, тұйықталу салдарынан пайда болатын, жасырын психикалық аурулар.
Екінші себебі :
- кенеттен пайда болған психикалық травмалар (қорқу, шошыну)
- Отбасындағы екі немесе одан да көп тілде қарым-қатынасқа түсу
- Шет тілдерін үйрету.
- Еліктеу
- Тахилалия (өте жылдам сөйлеу)
Тұтықпа балалардың арасында солақайлар жиі кездеседі және сол қолды оң қолға қайта тәрбиелеу кезінде тұтықпа пайда болуы мүмкін.
Тұтықпа балалардың ауызша сөйлеуін ұйымдастырудағы сол жақ жарты шардың басқарушы ролінің бұзылатындығы электрофизиологиялық зерттеулерде анықталған 
Логопедиялық және емдеу сауықтыру жұмысын тиімді жүргізу үшін және дұрыс жоспарлау үшін тұтықпа баланы барлық тұтықпаның симптомдарын ескере отырып толық зерттеу қажет. Зерттеу кешенді жүргізілу керек. 
В.С. Кочергинаның зерттеулерінде тұтықпа балалардың көбінде жүйке жүйесі мен физикалық денсаулығында әртүрлі бұзылыстардың болатыны анықталған: ашуланшақ, өкпешіл, жылауық, негативизм, ұйқының және тәбетінің бұзылуы, суық тигіш және инфекциялық ауруларға бейімділік, энурез. Мектеп жасындағы балалардың жүйке жүйесі жұқарып, ызақор, ашуланшақ болып кетеді. Себебі: олар өсе келе өз кемістіктерін түсіне бастағанда, мен неге бұлай сөйлеймін?- деген сияқты сұрақтар туындайды.
Баланың жүйке жүйесіне әсер тигізеді.Тек қана достарымен қарым – қатынасқа түсуде қиналып қана қоймай, сонымен бірге сабағында да үлгермеушілік байқалуы мүмкін.Ата-аналар балаға әрқашан көңіл бөліп, үйде жылы қарым – қатынас орнатқаны жөн Сондықтан аталған сөйлеу кемістігін баланың мектепке келмей тұрған кезінде түзету керек. 
Тұтықпаны зерттеу: Психологиялық, педагогикалық, логопедиялық, медициналық тексеруден тұрады, 
Тексеру үш кезеңнен тұрады:
Анамнестикалық мәліметтерді жинау;
Жалпы, ұсақ, мимикалық және артикуляциялық моторикасын тексеру;
Тұтықпаның байқалуын тұлғалық ерекшеліктерін тексеру.
Тұтығуға комплекстік әсер ету мынандай түзету жұмыстарынан тұрады:
1. Медициналық әсер ету. Ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
2. Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Әрдайым әңгімелесу барысында сөйлесіп жатқан адамының жүзіне қара. Бұл сенің бойында сенімділік пен батылдықты сездіреді. Есіңе сақта, қай жерден болмасаң да, асықпай, баяу, сабырлы сөйле. Сөйлеп тұрғанында басынды төмен салбыратпа, артық қимылдар жасама. Басынды жоғары көтеріп, өзіне сенімді бол! Жауап беруге асықпа, ең алдымен іштей айтып ал.
3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына /8-9 ай/, жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру
болып табылады.
4. Логопедиялық ритмика. /ырғақ/. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.
5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. /балалар мекмелер мен жанұясында баланың жақындары/. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де осылай сөйлегу дағдыланады. Баламен бірқалыпта қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезекте мадақтап отыру қажет. Сол сяиқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу, баланың психикасына шамадан тыс салмақ түсірмеу керек. Мысалы: ересектер көретін телебағдарламалар көсетпеу, ұйқы алдында гиперэмоционалды ертегілер айтпау қажет.
Тұтықпасы бар балалармен жүргізелетін түзету жұмыстары
Қоса сөйлеу, қайталау, тыныс алу жаттығулары, сұрақ-жауап түрі, мазмұндау, артикуляциялық жаттығулар, үндемеу тәртібі
Буын, сөз, жай фраза, жайылма фраза Дыбыстар жаттығуы, сыбырлап сөйлеу, ақырын сөйлеу, қатты дауыстап сөйлеу, қалыпты дауыспен сөйлеу Дыбыстар жаттығуы Тұтықпасы бар балалар мына нәрселерді есте ұстағандары жөн: 
Бірінші жақсылап ойланып ал, сосын сөйле 
Сөйлер алдында терең тыныс ал. 
Асықпай, саспай , бірқалыпты сөйлеуге тырыс. 
Батыл бол. 
Егер сөйлеуге қиналсаң, іштей 5-ке дейін сана, содан кейін барып
қажетті ережелерді сақтай отырып сөйле. 
Қол боста ән айтқан артықшылық етпейді. 
Теледидарға көп қарама, ол жүйкеге артық салмақ түсіреді. 
Сөйлемдерді қысқа қолдан. 
Өлеңдер оқып тұр. 
Жүгіріп келген соң бірден сөйлеме, ентігінді басып ал.
Ішке дем сорып, бірденнен 5-ке, 10-ға, 12-ге дейін сана, аптаның күндерін, айды, жылды ата. 
Сөйлеп тұрғанда өзіңе саусақ қимылдары арқылы көмектесуге тырыс. 
Доппен көбірек ойна, ойын кезінде соққыларды дұрыстап сана.
Бірқалыпты әуендер тыңда және айт.
Ата-аналарға кеңес айналасындағылар асықпай, анық сөйлегендері жөн; баладанда асықпай, анық сөлеуді талап ету; баланы психикалық, физикалық, жарақаттанудан, соғылудан қорғау керек;
жанұяда балаға кітап оқып бермеу, оқығанын айтып бермеу, онымен тақпақ жаттамау, аз сөйлеу, дұрыс сөйлемеген жерінде түзетпеу де үлкен зиян келтіреді; баланың көңіл-күйіне әсер ететін жағдайларды болдырмау керек;
өкінішке орай, кейбір ата-аналар, әкелер, аталар балаларын киноға, циркке, театрға жиі апарады, телевизорды көп қарауға рұқсат етеді. Мектепке дейінгі баланы кинотеатрға көп апаруға мүлдем болмайды; сол қолымен жұмыс істейтін балалар ерекше көңіл аударуды қажет етеді; күн тәртіп ережесін сақтау; үндемеу тәртібін өткізу; үй тапсырмасын орындалуын қадағалау; медициналық ем алып тұру. Қорыта келгенде, бұл жұмыс түрлері ата -аналар мен логопедтің тығыз қарым – қатынаста бола отыра, қалай түзету жұмысын жүргізу керектігін толық атап өтілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет