Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет2/22
Дата03.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#78823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Ò?òû?ïàñû áàð áàëàëàðäû? ?àðûì-?àòûíàñòû? ñ?éëåó ?ðåêåò³í ?àëûïò

Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынасындағы сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмысы барысында ойын әрекетін қолданудың әсерін теоретикалық тұрғыда нақтылап және эксперименталды түрде тексеріп көру.
Зерттеу пәні – тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балаларда қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің темптік- ырғақтың бұзылуы.
Зерттеу нысаны – тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру процесі.
Зерттеу жұмысының негізінде мынадай болжам жатыр: егер мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмысы барысында ойын мен ойындық амалдарды мақсатты бағытталған түрде қолданса, онда осы топтағы балалардың қарым-қатынастық сөйлеу тілі жағдайын максималды түрде жақсартуға болады.
Зерттеу жұмысының негізгі мәселесі мақсаты мен пәніне сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

  1. Ойын әрекетін қолдану арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларда тұтығу кемістігін жою мәселесі бойынша зерттеудің теоретикалық талдау жұмысын орындау;

  2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтау;

  3. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін түзету шаралары барысында ойын амалдарын қолданып, коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру кезінде жасалатын жаттығулар кешенін жасау және саралау.

Зерттеудің теоретикалық-әдіснамалык қоры:

  • Л.С. Выготскиидің бала ағзасының компенсаторлы мүмкіндіктері туралы, ағзадағы биологиялық және әлеуметтік динамикалық әрекеттер туралы, актуалды және жақын даму аймақтары туралы зерттеулері;

  • Кемістігі бар баланы зерттеуге деген кешенді және толық жақтындау концепцпиясы (Л.С. Выготский, А.Р. Лурия, П.Л. Гальперин, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин).

  • Баланың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау барысында ересек адамның көмегінің ролі туралы концептуалды идеялар (Т.В. Егорова, А.Л. Иванова, Н.Ю. Борякова, М.С. Певзнер, В.И. Лубовский).

  • Тұлғалық даму кезінде әрекеттік жақындау концепциясы (Л.С. Выготскийғ В.В.Давыдов, Г.И. Железовская, Л.Н. Леонтьев, Г.И. Щукина).

Зерттеу әдістемелері зерттеу пәні мен нысанының ерекшеліктерін ескере отырып, таңдалып алынды және жұмыстың мақсатына, міндеттері мен болжамына сәйкес болды:

  • зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық және оқу-әдістемелік теоретикалық талдау;

  • қарым-ақтынастық сөйлеу әрекеті дамуының параметрлерінің психолого-лингвистикалық диагностикасы;

  • алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдауы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет