Тұтығудың таралуы Тұтығудың таралуы жас ерекшелікке, жынысқа, қызмет түріне, мекен ететін жеріне байланысты және басқа да факторлар мен шартталған.Тұтығу көбінесе 2 жастан 4 жасқа дейінгі аралықта пайда болады,бұл кезде баланың сөйлеу қызметі жүйесі қарқынды дамиды және жеке тұлғалық қасиеттері қалыптаса бастайды. Сосын тұтығуға деген бейімдік төмендейді,кейінгі 10 жылда (4-14) тұтығудың болуы 1 жастан 3 жасқа дейінгі аралықтағыдай. Сосын мектепке баратын кезде тұтыңатындар саны көбейеді.Тұтығудың көбейіп,күшеюінің себебі жетекші әрекетін өзгертуі (ойынның орнына оқу), балаға деген талаптың күшеюі. Тұтығу жыныстық жетілу кезінде асқынуы мүмкін.
Ауылды жерлерде тұратын балаларда қалалық балаларға қарағанда тұты,у сирек кездеседі.
Кейбір ғалымдар климаттық жағдайдың тұтығудың күшеюіне әкелетінін айтады. Мысалы: күз, көктем мезгілдері. (М.Зееман).
Тұтығу дамыған елдерде кқп кездеседі. Англияда, АҚШ-та және Ресейде тұтығатын адамдар саны бірдей деуге болады. Статистика бойынша бұрыңғы СССР-да 250 млн. адам тұрса, соның 6 млн тұтығатындар. Африка елдерінде мұндай аурумен ауыратындар саны өте аз. Қытайда оданда басқа сирек (бірақ бұл жерде дамуға емес, тілдің басқа жүйесіне байланысты).
Тұтығу интелектісі жоғары адамдарда кезджеседі. Тұтығуды жеңу көп жағдайларда тәуелді ол ең алдымен тұтығу механизіміне, кещенді түрде емдеп оны қолдануды бастау кезеңіне, жасына байланысты.
Тәжірибе көрсеткендей жасы аз болған сайын, жалпы жағдайы, көңіл-күйң белсенді болғансайын, сөйлеу аппаратының мүшелерінің бөлігі аз зақымдалған сайын, діріл әлсіз болған сайын, психикалық қозу сирек болған сайын, емдеу жағымды жағдайда болады.
Демдік діріл дыбыстық дірілге қарағанда жеңіл жойылады. Клоникалық тұтығу, тоникалыққа қарағанда оңай кетеді, өйткені клоникалық дірілдер бас миы қабығын қоздырады. Сондықтан оларға 2 сигналды жүйе арқылы әсер ету оңай, өйткені оған қабақасты қоздырғыштары тән.
2-4 жас аралықтары сәтті кезең болып табылады (жағымды жағдай жасау оңай және тұтығу уақыты аз). Сәтсіз кезең 10-16 жас аралықтары, пубертантты кезең. Жоғалып кеткен тұтығу сақталып қалады да, кез-келген жағымсыз жағдайда қайта туындауға дайын тұрады.
Н.А. Власованың ойынша инфекцияның, психикалық зақымданудың немесе еліктеудің нәтижесінде туындаған тұтығу жеңіл жойылады. Өйткені инфекция көп жағдайда тек функционалды ауытқу туғызады да, орталық жүйке жүйесіне органикалық жағынан өзгертпейді. Психо жарақат нәтижесінде туындаған тұтығу тек бір кездерде ғана байқалады (паравоздың дауысы, иттің үруі және т.б.).
Көбінесе сөйлеудің кеш дамуы ата-анасына еліктеу салдарынан туындаған тұтығу оңай жойылады. Сол автордың мәліметтеріне сүйенсек мектепке дейінгі жастағы балалардың 70℅ толық кемістігінен арылады, ал 30℅ қалдық кемістіктер сақталып қалады.
Е.Ф. Раудың мәліметтері бойынша: 60℅ - кемістік толық жойылады, 19℅-айтарлықтай жақсару көрінеді, 13℅-жақсару болмайды, 8℅ - рецидивті.
Г.А. Волкованың мәліметтері бойынша: 4-7 жас аралығындағы тұтығатын балаларда сабақтары аяқталған соң тұтықпай сөйлемейтіндер – 70,2℅ құраса, айтарлықтай жақсару 26,93℅ байқалса, 3,5℅ сәтті көрсеткіш көрсеткен.
В.И. Селиверстовтың мәліметтері бойынша: 6 жас 17жас аралығындағы тұтығатын балаларда арнайы санаториде болса да келген соң тұтықпай 39,7℅ бала сөйлеген, 47,8℅ балада айтарлықтай жақсы көрсеткіш болған, 12,5 ℅ балалардың көрсеткіші сәтсіз болған.
С.С. Ляпидевскиидің және В.И. Селиверстовтың бақылауларынша рецидив болған жағдайда тқтықпаны тұзету басталған кезінен аяғына дейңн жетпейді.
Тұтығудың органикалық тұрінде функционалды тұріне қарағанда нәтиже сәтсіз болады.
Тұтығуды жеңудің нәтижелі болуына оның күрделілгі науқастың өз кемістігіне қарай көңіл бөлетіндігі әсер етеді. Логопедиялық жқмыстың нәтижесә тұтығудың жеңіл тұрінде едәуір көрінеді; (фиксациясы нөлдік деңгейі).
Тұтығуды жеңудің әдістері
Логопедиялық сабақтар-тұтығатын балаға кешенді, емдік-педагогикалық әсер етудің теке құрамдас бөлігі ғана. Мынадай шараларды жасау керек: медикаментозды ем, физиотерапия, спихотерапия, микроәлеуметтік ортаны қалыптастыру. Сонымен қатар, таңдалып алынған әдістің адекваттылығы мен дифференциалдылығы өте маңызды.
Әдісті таңдағанда ол міндетті түрде жеке болуы тиіс. Ата-аналар түтығуды емдеу белгілі бір жүйеде болуы керек екенін тек бір рет қана ем алу бұл жағдайда дұрыс емес екендігін естерінде ұстағаны жөн.
Балаға уақытында көмек көрсету үшін тұтығудың ал,ашқы белгілерін жіберіп алмау өте мағызды, егер бала бірден үндемей қалса, сөйлеуден бас тартса (бұл 2 сағаттан 1 күнге дейін жалғасуы мүмкін, бірақ кейін бала қайта сөйлей бастайды, алайда енді тұтығады). – егер тұтығу пайда болғанша маманға қаралса, онда оның алдын алуға болады; бір сөзді айтар алдында жеке дыбыстарды айту (а,и), сөйлер алдында бір буынды немесе толық бір сөзді қайталау; сөздің, тіркестің ортасындағы әдейі тоқтау; сөйлеу алдында қиналу.
Осы себептерді білу ата-аналарға дабыл белгілерін уақытында байқап, мамандарға дер кезінде көрінуге (психологқа, психоневрологқа, логопедке) көмектесуі тиіс. Өйткені тұтығуды емдеуге қарағанда алдын алған оңай.