II (екінші) категория – туберкелездің қайталанған жағдайы («рецидив», «емніңсәтсіздігі», «үзілістен кейінгі ем», «басқалары»);
IV (төртінші) категория – препараттарға көптік тұрақтылық және препарат -тарға кең тұрақтылық лабораторлық жағдайда дәлелденген, 1,2,4
категорияларда «емнің сәтсіздігі» нәтижесімен
полирезистентті туберкулез
І категория. • емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына байланысты екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын туберкулез микробактерияларының туберкулезге қарсы ДСТ анықтау үшін қақырықты дақылды әдіспен тексеру қажет;
• ем мөлшері науқастың салмағына сәйкес төрт дәрімен жүргiзiледi:
изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе стрептомицин (S).Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды.
• екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;
• егер екiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса,
ДСТ-і қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;
• егер үшiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
• егер үшiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса,
емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;
• төртiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
• егер төртiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса немесе жалғастыру кезеңінде бактерия бөлушiлiк пайда болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталады. ТМБ ТҚД сезiмталдығы сақталған жағдайда, науқас II категория бойынша емге қайта тiркеледi. Полирезистенттiлік анықталған жағдайда науқас IV категорияға ауыстырылып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады.
Қайта емдi бастау мүмкіндігін ОДКК шешедi; • егер науқаста туберкулезге қарсы дәрілерге көптеген төзімділік дәледенсе, онда I категория бойынша ем тиімділігіне қарамастан, VI категорияға ауыстырлып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
• ІV категорияға тіркелгеннен кейін I категория бойынша емі тиімді
(қақырық жағындысының конверсиясы, оң нәтижелi клиникалық
рентгенологиялық динамикасы бар) болған науқас сол аталған категория бойынша емiн жалғастырады. Егер I категория бойынша ем тиiмсiз болса (2/3 айдан кейiн қақырық жағындысының конверсиясы болмаса, оң клиникалық рентгенологиялық динамика болмаса), онда науқасқа резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындау мүмкіндігін ОДКК қарастырады;
• емнің жалғастыру кезеңі 4 ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе
күнде екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинмен (R) жүргізіледі;
• ТБ/АИВ ко-инфекциясы бар науқастарға жалғастыру фазасы күнделікті
тәртіпте жүргізіледі.
• ауыр жағдайларда емнің жалғастыру кезеңі 7 айға дейін күнде немесе
күнара жүргізіледі.
• Изониазидке монорезистенттілік анықталса, жалғастыру фазасына
этамбутол қосумен жүргізілідеі.