Туберкулездің емі



бет4/6
Дата20.06.2023
өлшемі24,26 Kb.
#102552
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
туб. емдеу принципі. 1

ІІ категория.
• II (екiншi) категорияға туберкулездің қайталануы бар науқастар, емi
сәтсiз аяқталған науқастар, үзiлiстен кейiнгi ем алушы науқастар және
басқа науқастар жатады.
• емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен
жайылуына байланысты үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын қақырықты дақылды әдіспен тексеріп, ДСТ жүргізу
қажет;
• алғашқы екi ай мерзiмiнде ем бес дәрімен салмақ мөлшерiне сәйкес
жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е), стрептомицин (S). Кейiннен ем стрептомицинсiз төрт дәрімен жалғастыры-лады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е);
• үш ай өткеннен кейiн емнің жалғастыру кезеңіне қақырық
жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған жағдайда ғана көшеді;
• егер үш айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ
қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады; егер төртiншi айдың соңында екi рет қақырық жағындысы теріс нәтижелi болса, науқас емнің жалғастыру кезеңiне ауыстырылады; егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды кезеңi тағы бiр айға созылады; бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған жағдайда, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады; егер бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, науқаста «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталып, IV категорияға ауыстырылады.
Науқасқа қандай ем тағайындау керек екенін ОДКК қайта тiркеуден кейiн
шешедi. қарқынды кезеңнің аяғына дейiн ДСТ дәрiге төзiмдiлiктi анықтаса, науқас қабылдап жатқан емнiң (II категория бойынша) тиiмдiлiгiне қарамастан IV категорияға ауыстырылып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
IV категорияға тіркелгеннен кейін II категория бойынша емі тиімді (қақырық
жағындысының конверсиясы, оң нәтижелi клиникалық рентгенологиялық
динамикасы бар) болған науқас сол аталған категория бойынша емiн
жалғастырады. Ал II категория бойынша ем тиiмсiз болса, онда науқасқа ОДКК шешімімен резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындалады;
емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе күнде
изониазид (Н), рифампицин (R) және этамбутолмен (Е) жүргізіледі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет