Пайдалануга усынылатын материалдар: Р.Ғамзатов.
“М үхтар а ғ а ”, С.Мәуленов. “М үхтар асу ы ”, Д.Әбілов.
“Мақтанышымыз еді ғой бәріміздің”, Б. Адамбаев. “Үйықтап
кетті үстазым”, Н. Ахметбеков. “Біздің Мүқаң».
71
Ш ЫҒАРМА Ж ОНЕ ОҒАН ҚОЙЫ ЛАТЫ Н
ТАЛАПТАР, Ш ЫҒАРМ АНЫҢ Н ЕҒІЗП ТҮРЛЕРІ
Мектептегі ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдаланатын
жазба жүмыстардың ішінде күрделісі де, ең маңыздысы да
ш ы гарма ж үмыстары. Ш ыгарма ж азды рудың ең басты
мақсаттары мыналар:
1. Бала біліміне бақылау жасау, білім деңгейін тексеру.
2. Ж азбаш а көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін
сарамандық жүмыстарда қолдана білу.
3. Ой еңбегіне баулу, өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін
салыстыра, қорытынды ж асай білуге дагдыландыру.
4. О қуш ы ларды ң қабілетін, дары ны н ояту, ш ығар-
маш ылық жүмыстарга баулу.
«Ш ығарма” деген сөздің негізінде “ш ығару” деген үгым
жатады. Көркем туындыны — “көркем ш ыгарма” дейміз.
“М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз”, — деп жатады. Бүдан
ш ығатын қорытынды: ш ығармага қойы латын талап аса
күрделі әрі маңызды болады. Б үл жүмысты мектептегі
ш ы ғарм аш ы лы қ іздендіруге негізделген ж үмыстардың
күретамыры десек, артық емес. Ш ыгарманың күрделілігі
сол, бүл — оқу үрдісіндегі бірден-бір жеке-дара орындалатын
ж ү м ы ст ы ң т ү р і. Қ а р а с т ы р ы л а т ы н м әселе, ж а за т ы н
тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді,
яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туынды, не
кейіпкерлерді қабылдау дәрежесіне байланысты болады.
Дегенмен ш ығармаға қойылатын негізгі талаптарды оқу
кабинетіне “Ж азба жүмыстарына байланысты нүсқаулар”
деген атпен ж азып қоюдың тиімділігі зор.
Үлгі:
Ш ығарма жазуда басшылыққа алатын негізгі мәселелер:
Таңдаған тақырыбыңды әбден ойлан. Ж оспар тақы-
рыптарьша байланысты нақты жасалсын. Эпиграф алыңцар.
7 2
Ол тақы ры п пен негізгі идеяны аш уға сөйкес алынсын.
Пікірлердің, ойдың, ж азаты н негізгі мәселелердің реті мен
жүйесін сақтаңдар:
а) Тақырыптан ауытқымаңдар;
ә) Кіріспең түжырымды, бірақ шығарманың қалған
бөлімдерінің де дүрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар
беретіндей болсын;
б) Пайымдауларың, дәйексөзің, салыстыруың негізгі
пікірге байланысты алынсын;
в) Қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пайда-
ланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылсын.
г) Негізгі бөлімнің толық әрі дәлелді келуімен қатар,
шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын
есте сақтаңдар.
д) Қорытынды негізгі пікіріңнің төңірегінде жазылсын.
Оған ерекш е назар аудар. Себебі түйін, соңғы пікір,
жүмысыңның нәтижесі осында көрінеді. Тақырыптарыңа
байланысты материалдарды алдын-ала дайындап, іздеп,
оларды іріктей отырып, ең негізгісін сүрыптап алындар.
Ш ы ғарм аны ң тіліне, стиліне аса ж ауапкерш ілікп ен
қараған жөн:
а) Сөйлемдерің тиянақты, ойлы болсын. Ш үбалаң-
қылықтан сақтаңдар;
ә) Әдемі, айшықты создерді пайдаланыңдар. Бүл —
шығарма, сондықтан оның тілі де төгіліп түруы қажет;
б) М ақал-мәтел, сөз тіркестерін немесе әдемі сөз
оралымын пайдаланғың келсе, алдын ала ж азып алуға
болады. Содан соң керегіңді пайдаланасың;
в) Қате жібермей жазуға талаптаныңдар. Емле сөздігі
ж аны ңда болсын. С ауатты лы қ — ш ы ғарм а үш ін ең
маңызды мәселе. Ж азу мәдениетіне де ерекше ден қойып,
таза, үқыпты жазыңдар әрі әрбір әрпің айқын, еркін
оқуға жарайтындай болсын, жазуы ң көркем түссін.
5—6-сыныптарда, әсіресе, ш ағын шығарма-суреттеме,
ш ы ғарм а-си п аттам а, ш ы ғарм а-кескінд ем е, ш ы ғарм а-
бейнелеме, т.б. жаздыруға болады. Бүлар — көркемөнер
ту ы н д ы л а р ы бойы нш а ж а з ы л а т ы н ш ы ға р м а ш ы л ы қ
бағыттағы жүмыстар. Көлемі шағын болып келеді, бірақ
нақты бір өнер туындысының негізінде жазылады. Мүғалім
бүл тапсырмаларды орындауда нақты көмек көрсетеді, ең
алдымен сынып болып, сол өнер туындылары бойынша
ауы зш а ж үм ы с ж үр гізед і, ш ы ғар м ал ар д а қан дай сөз
тіркестері, көркем, айшықты, бейнелі сөздерді пайдаланады,
7 3
соған б ағы т -б ағд ар б ер іл ед і. Б ү л ш ы ғар м а ар қ ы л ы
оқушылардың көркем тілін дамытудың бір үтымды тәсілі —
көп болып талқылау, олардың өздеріне пікір айтқызу.
М үғалім өзі тексеріп, талдау ж асап келгеннен кейін,
ш ығармаларды оқытып, бірігіп талдау жасатқызады. Олар
шығарманың тілі, мағынасы, стилистикасына назар ауда-
рады, өздеріне үнағанын айтады, кемшілігіне тоқталады.
Ш ығарма жазу бар да, оны түсіндіру, талдау, онымен жүмыс
ж асау түрлері бар. Екеуін де тиімді, дүрыс үйымдастыра
білген мүғалім көп нәрсені үтпақ. Бүл әдістерді жоғары
сыныптарда пайдаланған дүрыс. 5—6-сыныптарға өздері
оқып ж атқан көркем туындылардың жанрына байланысты
ж азулары на болады. Мысалы, ертегілерді оқып болган соң,
өз қалаулары бойынша ертегі, әңгіме, мысал жаздырған
жөн. Біріншіден, мүндай шығармалар балалардың дүние-
танымьш, білімін кеңейтеді, екіншіден, қабілеті, дарынына
әсер етеді, үшіншіден, көркем тілін дамытады. 5—7-сы-
ныптарда өтілген әдеби тақырыптарга жазылатын шығар-
малардың көркемдік ерекшеліктері, оған қойылатьш талаптар:
1. Өздері оқыган бір көркем туындыны негізге алады.
Сыныпты, ондагы балаларды ң ж асы н ескере отырып,
мүғалім ж азаты н тақырыпты ойластырады, ауыр, жеңілін
сүрыптайды. Кейде бір ғана тақырып емес, бірнеше тақырып
береді. Б үл өте тиімді болады. Бір ғана тақырыпқа қамап
қою оқуш ы ны ң м үм кіндігін, тіпті ынтасын, дарынын
тежейді. Ш ыгарма жаздыруда ең басты мәселенің бірі —
оқушының өз қалауы , өз тілегін ескеру. Зорлап таңу —
шығарма сияқты күрделі ж үмысқа келмейтін нәрсе.
2. Қай тақы ры пқа, қай ж анрға ш ығарма жазылсын,
мүгалім бүл жүмысты ж үйелі ж үргізуі керек. Қарапайым
ш ы ғарм адан күрделіге қ ар ай бірте-бірте баулу қаж ет.
Мысалы, 5—6-сыныптарда образға немесе поэтикалық тілге
яки ақын-жазуш ы стиліне шығарма ж аздыру дүрыс емес,
себебі олардың әдеби талдауды талап ететін шығармаларға
ш амасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі, алган әсерін
білдіретін тақырыптарды жаздыру тиімді болмақ. Ғалым-
әдіскерлер, ізденімпаз мүгалімдер іс-тәжірибесі бойынша
шыгармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
I. Публиңистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон,
м ақ ал ал ар , п ікірлер ж азд ы р у ж атады . М ысалы: “Тіл
тағдыры — ел тагдыры”, “Ж ариялы лы қ — бақыттың басы».
II. Ш ығармаш ылық бағыттағы ш ығармаларға әңгіме
инсңенировка, өлеңдер жаздыру жатады (Әдеби жанрларды
басиіылыққа алады).
7 4
III. Ғылыми зерттеу сипатындағы ш ығармалар. Оған
реф ерат, ғылыми сипаттағы м ақала, аннотация, әдеби
ш олулар, пікірлер ж атады . Мысалы: “Бейімбет әңгіме-
леріндегі деталь, штрихтың маңызы”.
IV. Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл
байлығын тексеруге арналған шығармалар:
1. Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сараның
сипаты.
2. “Абай ж олы ” эпопеясындағы кедейлер өмірінің
жанды суреттері.
3. Бақтығүл қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші ме?
т . б .
Соңғы ш ығарма тақырыбы ж аттанды лы қтан сақтан-
дырады. Әдетте, мектептерде әдеби кейіпкерлерге мінездеме
көптеп жазылады. Мысалы: “Абайға мінездеме” немесе “Абай
бейнесі”, т.б. Ал бүл шығарма тақырыбы Бақтығүл бейнесі,
іс-әрекетінің маңызды, басты мәселелерін ғана назарға алып
түр. Олай болса, әдеби туындыларға шығарма жаздыруға
оның ең н егізгі м әселесі а р қ а у болуы керек. Н ақты ,
түжырымды, дөлелді деректермен жеткізе білуді талап еткен
дүрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |