Туындыларын


“ШЬЩҒА  Ш ЫҚҚАН  ЖАС  Ш Ы НАР”  (7-сынып)



Pdf көрінісі
бет46/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

“ШЬЩҒА  Ш ЫҚҚАН  ЖАС  Ш Ы НАР”  (7-сынып)
Абай  енді  елге  қайтпақ,  соңғы  рет  Ақбаспен  көріскелі 
келгенде, қарт адвокат Абайға ақыл айтты:
Сен  жас  болсаң  да,  ақылды  адамсың,  халқыңа  жаның 
ашиды  екен...  Оның зор қасиет.  Бірақ сол елің мен өзіңнің 
қамыңды шын ойласаң, білім жарығына үмтыл! Оқу ізде! — 
деді.
1 0 2


Бүл сөздер — Абайдың өз арманының дәл үстінен түскен 
сөздер.
— Оқуға  жаным  қүмар.  Бірақ  қайтіп  оқимын?  Ш колға 
түсуге үлғайып кеттім... Басқа оқудың жолы бар ма? А қыл 
айтыңызшы! — деген.
Адвокат көп мәслихат берді. Ең әуелі үлкейгендік бөгет 
емес  екенін  айтты.  Ж асы  қы ры ққа  келіп  те  білім  ізденіп, 
галым болып ш ыққан кісілер бар екен.  Солардың аттарын 
атады.  Ж әне  оқуды  ш колға  түспей  оқуға  болатынын  да 
айтты.
Ж ас  ж ігіт  талайдан  бері  көкейін  тескен  бір  түйіннің 
шешуін  тапқандай  боп,  қуанып  кетті.  Енді  ауылға  барып, 
үй  ішінен  рүқсат  алып,  пүл  қамдап,  тез  уақы тта  қайта 
оралмақ  боп,  елге  қайтты.  Көптен  бері  жас  көңіліне  ж ат 
боп кеткен, көтеріңкі қызу мен сергек ж елік тауып қайтты.
Жидебайға келген соң, Абай көп бөгелген жоқ. Ділдә мен 
шешесінің  рүқсатын  оңай  алды.  Басқа  кісілермен  ақыл- 
дасқан  ж оқ.  Соңғы  күндері  қ ал а  ж а қ қ а   М ы рзаханды  
жөнелткен. Соятын соғым жіберді. Үстауға пүл керек. Соған 
арнап  мүндағы  соғым  терілері  мен  бірен-саран  ірі  қара 
айдатты.
Енді өзі де ж үргелі отыр.
Осы жазда Ділдәнің үшінші баласы туған-ды. Кішкентай, 
ақ  сарылау  келген  Әбдірахман  қазір  күлуге,  талпынуға 
ж арап қапты. Абайдың ең алғаш бейіл бере бастаған баласы 
осы. Өзінің еті де, түсі де ақш ы л келген. Бет бітімі дөңгелек 
емес, сопақтау және жүқалаң. Қасы, көзі қыйылып түр. Бар 
түлғасында нәзік келген бекзадалық бар.
Ділдәнің бар баласы рең жағынан Абайға тартпай шешеге 
тартып  келеді.  Бәрі  де  ақш ы л  сарғыш.  Бірақ  мына  бала 
сонымен  бірге  туысты,  сүйкімді.  Абай  Ділдәмен  оңаша 
қоштасты.  Көп  сөз  айтысқан  ж оқ.  Татулық,  тілеулестік 
арқасында  қабақпен  танысқан.  Сөзге  сараң,  сырға  сырдаң 
Ділдә бір-ақ тілек айтты:
— Кәрі шешең бар, жас балаларың бар.  Бізді ойламасаң 
да, соларды ескер. Көп сарғайтпай келе жүр! — деп күлген- 
ді. Оншалық күрсініп, қиналып қалатын емес. Ондайға Ділдә 
шорқақ. Ішінде көп нәрсе жүрмейді. Ж үрер болса, қатқы л 
мінез, қатаңдау үнмен оп-оңай айтып қалып отыратын. Абай 
әйеліне кешіріммен қарап, иығынан қақты да:
—  Мен  ж елік  іздеп  бара  ж атқ ам   ж оқ.  А дам ш ы лы қ 
қасиетін іздеп барам!.. Соны үққайсың! — деді.
Әбдірахманды  киіндіріп  түрып,  көтеріп  қолына  алып, 
шешесінің үйіне келді.
1 0 3


Бүл  ш ақтарда  недәуір  картайып  қалған  Үлжан  бала- 
сының жүзінен көз алмай,  көп қарады.
Әбдірахманды өз қолына алып иіскеді де, Ділдаға берді. 
Азғана күрсініп қалып, Абайды да өз қасына тартып, бетінен 
сүйді.  Қ уаң  тар тқ ан   ж үзін д е  ана  ж ү р егін ің   терең  бір 
толқыны сезіледі.
—  Қарағым,  әж ең  м арқүм   сені  ж алғы зы м   деуші  еді. 
Айналасындағы өзге өрен-жараны бір төбе болғанда, сен оған 
бір төбе едің.  Есіңде бар ма, ж оқ па?  Сырқаттанып жатқан 
ш ағы нда,  зау ал   у ақы ты н д а  бір  тіл ек   ай ты п  еді.  Осы 
қарағыма өзгелердің тас бауыр, қатыбас мінезін бере көрме 
деген  еді.  Сол  сөзді  айтқан  анаң  да  кетті!..  —  деп  тоқта- 
лыңқырап қалды.
Әжесі айтқан жаңағы сөз Абайдың есінде болатын. Қазір 
де өз шешесінің біраз өзгертіп айтқанын да түсінді. Үлжан 
тағы да ойланып отырып:
— Заман сенікі, майдан сенікі. Соларыңның балуаны бол. 
Қай жолмен жүрсең, мүратың орындалады. Оны енді бізден 
де өзің артық танитын болдың. Аяғыңа оралғы боламыз ба? 
Ж олың болсын! — деді.
Абай  анасын  бала  күндегідей  қүш ақтады  да,  үндемей 
қоштасты. Ербол екеуі тысқа шығып, атқа мінерде, барлық 
ауыл  ере  шыққан.  Дәл  жөнелер  кезде  Үлжан  ат  үстінде 
түрған Абайды озіне қарай ш ақыртып алып:
— Абайжан, Тойғүлының аулына бара кет. Әкелерің қүда 
түсе кетіпті. Осы ауыл тегіс барсын деген екен. Мен қайдан 
сүйретіліп  ж үрейін.  Б ір ақ   сен  бармасаң,  бізге  тағы  да 
ренжиді. Ж олш ыбай аз аялдап, кете берерсің! — деді.
Абай баруға уәде берді.  Сонымен барлық жүртпен тағы 
да үзақ-үзақ қоштасып ж үріп кетті.
Үлжан  айтқан  Тойғүлының  аулы  дәл  жолда  емес.  Бүл 
арадан қиғашырақ, Орда тауының бөктерінде. Бірақ Семей 
ж аққа Жидебайдан кері кірісірек.
Тойғүлы — Мамай руыньщ үлкен байы. Түбірлі, шоғырлы 
жердің бір шоқысы еді. Сонымен Қүнанбай осы қыста қүда 
болатын  бопты.  Қыс  ж ақсы ,  мал  күйлі  болғандықтан, 
Тойғүлы   қ ү д а л а р ға   у ақ ы т  ай тқ ан   екен.  Қыз  алаты н 
Қүнанбай жағы.  Енді қүда түспекке, қонақ боп қайтпаққа, 
сол Тойғүлы аулына Қүнанбайлар барыпты.
Абай мен Ербол да келді. Қүнанбай қасындағы ылғи қарт 
серіктер:  бастығы  Қ ар атай ,  ж о р ға  Ж үм абай ,  Ж ақ ы п  
сияқтылар.  Тойғүлының үш тамы лы қ толы жиын.  Күлкі, 
қызу дырду көп. Абайлар Қүнанбай отырған бөлмеге кіріп, 
үндемей әңгіме тыңцады. Сөздің көбін Қаратай бастап отыр.
104


Үлкендердің әңгімесі әр саққа соғып кеп, бір кезде заман 
мен заман арасын салғастыруға ауысты. Қаратай өздерінің 
ж ас  кезін  айтып,  әкелер  заманының  ж ұтаң  тартып  бара 
жатқанын  айтты.
Абай осы тұста мырс күлді де, қиғаш сөйледі:
— Бүрынғы заманның жақсылығы со ма, қатар отырған 
бір  туысқан  елдер  бірін-бірі  шауып,  шаншып,  сойқаннан 
арылмауш ы  еді.  Кемпір-шал,  қатын-бала  тыныштықпен 
үйқы үйықтап, түгелімен асын іше алмаушы еді. Осы түрған 
Сыбан мен Тобықты арасында, Тобықты мен Семей арасында 
жалғыз-жарым қатынаса алмаушы еді. Алып кетеді, жүлып 
кетеді деп, ылғи ғана жасанып жүретін едіңдер... Сол заман 
да жақсы ма екен? — деген.
Қарттар  көнген  жоқ.  Ол  күндерден  әр  түрлі  қасиеттер 
тауып: барлықты, байлықты да санады. Бүрынғы адамның 
бітімді  келетінін,  ірілігін  де  айтты.  Көпш іліктің  сөзіне 
Құнанбай қосылып кеп, тағы бір салмақты дәлел тастады.
—  Дәурен  үзаған  сайын,  ақырзаман  белгісі  айқындай 
бермек.  А дам  қ ү л қ ы   өзгеріп,  азғы ндай  түседі.  Б іздің 
заманымыз  өзгені  қойғанда,  пайғамбар  заманына  жақын- 
ырақ.  Бір  табан  ж ақы н  болса,  ілкім  артық  та  болар!..  — 
деген.
— Ж ақсылық пен игілікке алыс-жақын жоқ. Алатаудың 
басы күнге жақын.  Бірақ басында кетпес мүз жатады.  Ал, 
бауырында  неше  түрлі  гүл,  жеміс,  неше  алуан  нәбеттер 
оседі.  Ж ан-ж ануарларды ң  барш асы  содан  қуат  алады. 
Сіздер пайғамбарға Абуталыптан жақын емессіздер. Ол әкесі 
еді. Бірақ Абуталып кәпір болатын! — деді.
Қүнанбай салқын жүзбен, кінәлай қарады:
—  Сен  оқыдың да,  білім  алдың,  үстаз  көрдің.  Біз  надан 
өстік.  Бірақ сол білімің,  ж үрт  алдында  ата сыйлауды неге 
білдірм ейді  саған?  Көп  көзін ш е  тал асы п   кеп,  әк ең д і 
сүрінткенде, не мүратқа жетпексің?
Әкесі жеңілгенін біліпті. Енді суық жүзі солғындау, үлкен 
бойы басылып, кішірейіп қалған.  Әлдеқандай бала  сияқты 
кінә тағып, өкпе айтып отыр.  Үлкен алдында ж ас қарызы, 
ата  алдында  бала  қарызы — әдеп  пен  сый  екені рас.  Абай 
бүған дауласқысы келмеді.
— Ол кінәңыз орынды. Айып менде екені рас. Ғафу етіңіз! — 
деді.
Осымен сөз біткен шығар деп ойлады. Бірақ әкесінің тағы 
да бір айтпағы бар екен. Ол азырақ бөгеліп отырды да, қайта 
сөйледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет