жауабын қайдан алады. Онда да қүрғақ мақтау, тамсанумен
жазылған. Тип туралы да, характер туралы да нақты үғым
берілмеген. Д әлелді пікір айтылмаған. О қулы қта Абай
бейнесіне біршама назар аударылған. Дегенмен әр кітаптағы
Абай бейнесі, жазуш ы шеберлігі түжырымды, дәлелді түрде
ж азы л са, б ерілетін білім тереңдер еді. Эпопеяның әр
кітабының аяғында жазуш ының өзі берген түжырымдар
бар. Солар п айдаланы лса, он ү ш тегі А байды ң “А бай
ж олы на” үласқан қасиетті жолы аш ылар еді, сонда оқушы
алдына да “Абай ж олы ” сарнап ж атар еді. Мысалы, бірінші
кітаптағы “Қияда” бөлімінің соңғы абзаңына қарайық:
“Бір кезде ж алаң қүздың басындағы тақы р қүм мен
тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда
болған. Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бүл күнде сол
шыңға ш ыққан ж алғы з шынар балғын тартып, ж ас қуатқа
толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да
қатер болудан қалған еді” — деген сипаттама бірінші кітап-
тағы Абай ш ыққан биікті көрсетеді. Ал төртінші кітаптың
аяғындағы Абай монологы, эпилогтағы Дәрмен сөзі — Абай
бейнесін ашып түрған негізгі алтын кілттер ғой.
Төрт томдағы Абайды нақты ғылыми тілмен түжырымды
түрде саралай талдаса, сөз ж оқ берілетін білім тереңдігі мен
кең д ігі ү л ғ а я р еді. А л әйелдер бейнесін ж а н -ж а қ т ы
түжырымды талдауға болады. “Қарашығым, қоңыр қозым,
Абай ж аны м ” — аналар бейнесі; Ана мен бала проблемасы;
“Көзімнің қарасы ” — Әйгерім, Тоғжан, яғни Абай ғашық-
тары, “Күндестің аты күндес те” проблемасы — Күңке,
А йғыз, М әнікелер; “Ер мінезді ер к е л ер ” — Салтанат,
Нүрғаным, Еркежандар; “Сенсіз маған өмір ж о қ ” — Мәкен,
Мағрипалар деп түтастай қарастырып, эпопеядағы әйелдер
галереясына оқушыны үңілтсе, берер білім толыға түседі.
Ж алпы, образдарды жеке-дара қарастыру эпопея секілді
үлы туьшдьшы танытуда әлсіз қармақ алып, мүхиттан шабак
аулау сияқты дәрменсіз іс-әрекет сияқты. “Абай ж олы ”
ж алқы роман емес, ол — тетрология, эпопея. Образдарды іс-
әрекеттерінің Абайға қатысына байланысты топтай, іріктей
беру ж ән е эп опеяда к етер іл іп оты рған
проблем алар
айналасына жинақтай беру дүрыс. Тек Қүнанбай емес, оның
айналасындағы, сол типтестерді “Дала билеушілері” деп
жинақтай, топтай талдау — эпопеяны мүмкіндігіне қарай
түтастай қар асты р у д ы ң бір ж олы . О қулы қ ж азаты н
авторлар соз
ж оқ педагогика, психология, әдістеме сияқты
бір-бірімен тығыз байланыстағы ғылымдар саласын жете
1
2
меңгерген де болу керек. Мысалы, оқытуда өзіндік стилі бар
ізденімпаз мұғалім казір көркем мәтінді оқулықтағыдан
басқалай тиімді жолмен талдайды. Идея, тақырып, одан
кейін образ, одан кейін көркемдік ерекшелікті талдау әбден
ескірді. Керісінше, қаламгердің жазушылық шеберлігі, стилі,
бай тілі, эстетикалық жетістігі арқы лы образға, одан идея,
тақырыпқа қарай аяқ басу дүрыс. Көркем шығарманың
негізгі қуаты — оның тілі. Тіл арқылы образ да, тақырып
та, идея да ашылады. Оқулықта “Абай жолындай” алып
туындының көркемдігін танытуға бір-ақ бет берілген. Бүл
жеткіліксіз.
М.Әуезовтің тілі — күрделі тіл. “Еңлік—Кебектегі” билер
тартысы тілі, “Абай жолының” тілі ж ы лдар өткен сайын
балаларға, әсіресе орыс мектептерінен ауысқан балаларға,
солтүстік, батыс, шығысты
(қалалық жерлер) мекендеген
оқушы қауымға ауыр тиюде. Сондықтан арнайы түсіндірме
сөздік жазылса, ж азуш ы мүрасын үрпаққа танытуда елеулі
іс атқарылар еді.
Тағы бір маңызды мәселе — арнайы оқулық-хрестоматия
қүрастыру, шығару. Ж инақы түрде 5—11-сынып аралығын-
дағы оқу бағдарламасына кірген ж азуш ы шығармаларын
беру
(әсіресе “Абай жолы’ бойыніиа).
Тереңдетіп оқытуға бағытталған гуманитарлық бағыт-
тағы мектеп, сыныптар үшін
(әдебиетті тереңдетіп оқыту)
Әуезовтануға негізделген оқу хрестоматиясын ш ығару да
маңызды іс.
Ж аңа типтегі бүгінгі оқыту талап-тілегінен шығатын
кешенді корнекіліктер, дидактикалық материалдар шығару
да кезекте түрған маңызды істердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: