Туындыларын


ИСАНЫҢ  ЕРЛ ІП   (8-сынып)



Pdf көрінісі
бет49/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

ИСАНЫҢ  ЕРЛ ІП   (8-сынып)
Күздің қысқарған күні кешкіре бастаған шақта, алыстагы 
Шыңғыстың үзақ ирек жоталарына қалың қара бүлт қона 
берді.  Аз-ақ уақыт ішінде сол бүлт өндеп өрлеп,  бүктетіле 
ж айы лып,  аспанның  бір  ж ағы н  қаптап  алды.  Әзберген 
Ш үйгінсуға  беттеген  түсында,  әлпеті  аса  ж ам ан  қатты  
қаһардай асыға жаланып, апшыны қуырып келеді. Таудай 
зор  қара  бүлт  лезде  ш ыққан  ақ бүлтпен алыса  шарпысып
1 0 7


араласып кетіп, бүліне жүлқынды. Сәтте түнеріп, караңгы 
тартып бара ж аткан аспанда таулар тулап, әлем апаты бар 
бүлігін айдап келе жаткандай.
Сол  сүрапы л  көш кіннің  суык  тынысындай,  ш апш аң 
хабаршысындай боп катты   ж ел соға жөнелді.  Дауыл желі 
тынымсыздана,  салған  сайын  өктеп,  қатайған  әрі  өлердей 
суық,  әрі  бет  қаратпастай  өткір  ызғарлы.  Бүл  кезде  мал 
атаулы  ауылға  келіп  тығылып,  әлсіз  ықтырмаға  паналап 
қалған.  Ы мырт  бүгін  әп-сәтте  жетті де,  түн қараңғылығы 
тез  төнді.  Енді  бүлт  бейнесі,  аспан  әл егі  адам   көзіне 
көрінбейді.  Бірақ ж ел дауылға айналып ап, өкіріп түр.
А йналада  ш илер,  ш еңгелдер  суылдап,  ж ел   ш улап, 
ысқырып,  дүние  азан-қазан  боп  барады.  Түннен,  суықтан 
сескенген  мал  атаулы  маңырап-мөңіреп,  иттер  арсылдап 
тынымсыз үріп, ауыл үстіне қалы ң шу тағы орнады.
Тәкежан, Әзімбайлар ж ы лы  киініп алып, дамыл таппай 
айқайлап,  бүйрық етіп тыста  жүр.
— Күн жаман боп барады!  Сақ бол!..
— Малға сақ бол, шығып кетпесін!...
— Ықтырманы баға көріңдер. Малшылар, қатындар, тегіс 
тыста  бол!
— Ш ық тысқа тегіс, көз айырма малдан!..
— Ықтьфма қүламасын!.. Малға ие бола алмай қаламыз!.. — 
десіп  ә б іг ер -әл ек к е  тү скен   м ал ж ан д ы   б айлар  ақ ы р а 
айқайлап  жүр.
А ралары әдейі мал үшін тығыз қонған он шақты үйдің 
б ар л ы қ   ер кек-әй ел ін ,  баласы на  ш ейін  айдап  ш ығып, 
қораның  шет-шетіне  қарақш ы   қы лы п  қойған.  Тәкеж ан 
барлық ж үртқа тағы бір әмір берген.
— Айқайлап түрыңдар! Малды шәйт-шәйттап қайырып 
түр.  Ес  болыңдар  м алға.  Қ асқы р...  М үндайда  қасқы р 
араласып жүрмесін, айқайла! Дабыста! Үзбе айқайды! —деп, 
әр түстағы барлық жанға қатты бүйрық жасап, тынымсыз 
кезіп жүр.
Қазір бүл ауылдағы күзетші, сауыншы, түйеші, қауғашы, 
отыншы,  асшы  атаулы   —  бәрі  де  ж ам ан  ж ы рты қ  киім- 
дерінен  ж ел  азынап,  бүрсең  қағып  бай малының қамында 
ж үр.
Үзақ күнгі қара суықтан қатты жаурап, қалтырап үшып 
келген Иса ғана әзір үйде, жылына алмай дірілдеп отырған. 
Мүның күйін көрген Иіс байларды қарғайды.
— Үсіп өлер болдың-ау, қарашығым, кеселдінің малы деп! 
Қойың қүрғырдың қойы неге қүрымайды жылқысындай...
1 0 8
і


өл де маған.  Ы стық үртташы, тым қүрыса! — деп қүр қара 
шай мен қатқан қүртты баласының бауырына, иегіне үсына 
береді.
Үй  ішінде  және  де  жөнді  от  жоқ.  Қара  лаш ықтың  бар 
тесігінен, іргесінен жел азынап, баспананы пана емес, анық 
қүлан түздей суытып, бүрістіріп түр.
Ауру келін, қабагын тастай түйіп, екі кішкентай баласын 
жаман күпінің өңіріне тыгып, қүш ақтап қысып отыр.
Иса да  келгелі екі баласын аялап,  аяқ-қолдарын  әлсін- 
әлсін қымтаган, қоршаган болды. Әредікте шешесінің зарын 
қостап:
—  Төбеңнен  үрғыр  қорқаулар,  көп кедейдің  жерін  жеп 
жалмаймын  деп  көрмеймісің?  Қақ  қасында  түрған  ж ылы 
қорасына көшпей әлек салып отырғанын карашы! Келмейді 
ғой тағы бір апат қырылғырға!  Қатын-балам,  кәрі шешем, 
сен сорлыларым, үсіп өлетін болдыңдар-ау әбден! — деді.
Осы кезде Тәкежанның үй сыртындағы айқайы естілді. 
Ол осы ауылдағы бар үйдің тысқа ш ыққан жандарын есепке 
алып  кепті.  Ж алғы з  Иістің  үйінен  басқаның  бәрін  айдап 
далаға  ш ығарыпты.  Енді  бүлардың  ш ы қпағаны н  біліп, 
ақырып түр:
— Мынау үйден неге шықпайды, қырылып қалған ба, түгі! 
Қайдасың Иіс! Иіс?!.
Иіс есікке жүгіріп кеп жөнін айтты.
— Күндізгі қойдан жаурап келді ғой Иса, ыстық үрттасын 
деп отырмын... шығады.
—  Шық,  шықсын  тез!  Мал  қауіпте  түр!  Бол!  — дегенде 
ашулы байдың кәріне шыдай алмаған Иіс өзі жаман тонды 
арқасына іле бере жүгіре басты.
— Ал шығайын, тым қүрыса өзім шығайын... Міне, міне, 
шықтым!  —  деп  жөнеле  берді.  Исаның  “Барма,  өлемісің, 
отыр!” дегеніне қарамай кете барды.
Сөнген  оттың  қоламтасына  болса  да  ығыса  түсіп,  бір 
бүйірін, арқасын соған беріп киімшең күйде жантайды да, 
Иса біраз жан тыныштық алмақ болды. Әйелі мен балаларын 
да  бар  мейірімен,  жанашырымен  жүбатып  аймалап,  “көз 
ш ы ры мы н  алыңдарш ы!  Ү рейлерің  де  кетіп  болды-ау, 
сәулелерім-ай!” деп қасына жатқызды. Екі баланы әйелі мен 
өзінің ортасына жатқызып, шоқпыт көрпемен орап, қымтап 
қойды.  Асан  естиярлау  болғандықтан  үйы қтай  алм ай, 
үрейленіп  жатыр.  Ж ел  ыш қына  соққан  сайын  ол  әкесіне 
тығыла беріп:
—  Аға,  ағатай,  үйді  жықпай  ма,  дауыл  қандай  қатты!.. 
Үйді қарашы, солқылдап барады, үйді жықса не болдық! — 
деді.
1 0 9
I


Ш ынында,  көптен  бері  кіш кен е  лаш ы қты ң  барлы қ 
уықтары  сықырлап,  ш аңырақ  та  ойнақшып,  киіз  атаулы 
ж елпіл қағып уық  пен керегені соққылап түрған.  Барлық 
әлсіз сорлы жүдеу баспана ышқынып соққан қара желдің, 
кәрлі дауылдың астында қалтақтап, шошынғандай шақыр- 
ш үқы р қағып, өрекпіп түр.  Иса ішінен өзі де: “Үйді жығар 
ма  екен!”  деп  қауып  ете  түссе  де,  баласына  сенімді  ж ауап 
айтты:
—  Үй  ж ығылмайды ,  бүраулар  мықты.  Үйықтай  бер, 
жаным!  Ал,  үйықтай  қал!  —  деп,  иығынан  тербете  қағып 
аялап қойды.
Қанша уақыт өткенін Иса білмейді, үйықтап кеткен екен, 
бір сәтте шешесі келді.
— Ойбай, жарығым Иса, қой ығып барады... Ықтырманы 
қүлатып кетті. Әзімбай сені шақырып, әлек салып жатыр, — 
деді.
Иса түрды да, шешесіне:
— Ал,  мен  кеттім.  Бірақ  өзің  енді  тапжылма!  Өлемісің, 
үстің әбден сүмектеп бітіпті. Ж ат, ж ат мына менің орныма!
— деп, қатты бүйырып шешесін өз орнына жатқызды да, өзі 
керегеден қара шоқпарды ала бере атып шықты. Сол-ақ екен 
Тәкежан  мен  Әзімбай  да  мүны  боқтай  жоқтап,  осы  түсқа 
келіп қалған екен.
— Қайда жүрсің, сен сүмелек, неге жатырсың, сен ит! — 
деп Тәкеж ан ақыра берді.
— Уә, мен күн бойы малдан келдім ғой.
—  Қараш ы,  сөзін  қараш ы ...  әкеңнің...  қаскөйдің,  жоқ 
қылайын сен итті, — деп, Әзімбай тап берді.
— Өлуші ме ем тыным алмай! — деп Иса сөйлей бергенде, 
иығына Әзімбайдың жуан таяғы сарт етті. Тағы көтеріп үра 
бергенде, Иса таяқтан үстай алды.
Тартысып  түрған  Әзімбайдың  төніп  келген  жүзін  қап- 
қ а р а   сақалы   ай қы н д ап   түр.  Қ ара  ж үзін де  қ аскө й л ік 
бейнесіндей ақсиған ж ы ртқы ш  тістері де ж арқ етіп көрініп 
қалды.  Маңдайының жарасын танып алған ақ  шүберек те 
долының  айықпас  ыза  суатындай.  Барлық  ж үзі  қап-қара 
албастыдай,  жауыз  пәледей  боп  елестеп  түр.  Иса  таяқты 
жібермей түрғанда, Тәкежан кеп, баласын тоқтатты.
— Бар,  Иса,  бір топ қой ығып кетті.  Бөлініп кетті талай 
қой,  жүгір,  жүгірш і  шапшаң соның  соңынан...  Ж ет,  жете 
көрші жылдам! — деді.
Иса  Әзімбайды  таяғымен  қоса  итеріп  тастап,  жүгіре 
жөнелді. Қолында шоқпары, үстінде жалғыз көнетоз шапаны 
бар.  Етігі де шойқиған жыртық-тесігі көп еді. Ж үгіре бере
1 1 0


өкшесіне су кіргізгенін сезді. Бірак оған қараған жоқ. Ығып 
кеткен  қойдың  артынан,  ж азықсыз  малға  ж аны  аш ыған 
бетімен қатты жүгірді.
Қойдың ауылдағысы да  бой бермей,  бөліне жөнелердей 
үйтқып жүрген.  Сондықтан барлық еркек-әйел сол қалың 
қойды қоршап алып, айқай салып қамап түр.
Иса қуған бір топ қойдың қанш а екенін ешкім аңғарған 
ж оқ,  әйтеуір  ықтырманы  тап  ортасынан  ж ел  қүлаты п 
кеткен  сәтте  бір  топ  қойдың  үркіп  жосып  жөнелгені,  бой 
бермей кеткені мәлім. Артынан қуғандар да болмай қалды. 
“Оны қуатын кім бар?” дегенде, Тәкежанның есіне Иса түсіп, 
Әзімбай екеуі қоса үмтылған болатын.
Иса айқайды салып ж үгіріп келеді. Қойға ес болсын деп 
және  қасқыр  маңайласа,  адам  даусынан  жасқансын  деп, 
ы ққа қарай кеткен қойға айқайын үзбей үмтылады.
Енді  аңғарса,  қатты  дауыл  үстіне  сабалап  ж ауы н  да 
қүй ы п   кетіп ті.  Әп-сәтте  сол  ж ау ы н   қ и ы р ш ы қ   қ а р ғ а  
айналды.  Қолы  мен  мойнының,  бетінің  аш ық  жерлеріне 
тиген  қиырш ық  қар  темірдей,  ж үз  инемен  шанышқандай 
сүққылап, соққылайды.
Қой  қайтіп  шыдасын!  Ы қтап  алған  бетімен  бастарын 
төмен  салып,  жондарын  суыққа  беріп,  бірін-бірі  паналай 
түсіп  жосып  барады.  Иса  айқайы н  үзбей  отырып  әбден 
өкпесі  күйген  шағында,  ы ққан  қойды  қуып  жетті.  Шәйт- 
шәйттап  арасына  кірейін  деп  еді,  біріне-бірі  сығылысып 
алған  тоңған  қойлар  ж ол  бермеді.  Сонан  соң  ағашымен 
шеткі қойларды жасқай отырып жүгіре  түсіп шыға  берді. 
Осы  сәтте,  беті  ж ел  өтіне  қар сы   қ арағанд а,  дауы лды  
соққының  қандай  қатты,  кәрлі  екенін  енді  аңғарды.  Бет 
қаратар емес. Омырауын аша соққан үскірік өзінің де мойны 
мен  бетін,  кеудесін  қол-басын  қары п  барады.  Сонда  да 
қойдың алдын іркілтпек болып айқайын салып, кейде зекіп, 
кейде  шәйт-шәйт  деп  қатты  арпалысты.  Басын  амалсыз 
түқыртқан  өткір  соққы  өзін  де  қүлатып  кете  жаздайды. 
Омырауын асығыс қымтай жүгіріп, қойды сәл-сәл байыздата 
беріп  еді.  Дәл  осы  кезде,  сол  ж ақ   бүйірден  қалың  шоғыр 
боп кеп қара барқындап жүмарланған бір тасқын ақтарыла 
берді.
Иса жинап топтаған қой шамасы елудей еді. Сол қойлар 
енді  тас-талқан  боп,  маңырай  шулап,  дүркірей  бытырап, 
безіп  жөнелді.  Иса  енді  ғана  аңғарды.  Ж аңағы   ағынды 
шоғыр, кәрлі тасқын, анық осындайдағы апат ж ау қасқыр 
тобы  екен.  Ж ақындап  ағызған  топтың  ырсылдап,  тістері
111


сақылдап,  қүты ры на  қүлш ы нған  зәрі  білінді.  Маңырап 
безген  қойлар  енді  Исаға  жалынып,  жәрдем  тілегендей. 
Байдың малы, Әзімбай иттің малы болса да, қой байгүста не 
ж азы қ бар? Жасынан осындай момын жануар қасында үнемі 
ж анасы п  өскен  Исаның  мына  малға  ж аны   қатты  ашып 
кетті. Ол енді ес те жиып алды. Өзіне де оқыс болған ызалы 
қайратқа мініп, айқайды салып, қасқырларға үмтылды.
Ж аяу,  ж алғы з  Исаға  қарсы,  қойға  шапқан  қасқырдың 
саны  бесеу  екен.  Бүлар  Исаның  жанынан  ағындап  өтіп, 
айқайын  елеместен  қойға  шапты.  Иса  арттарынан  үшып 
үмтылды. Сол сәтте алдыңғы ақш ыл бөрі осы топтың анасы
—  қанш ы қ  қасқыр  екен,  бара  бір  саулықты  алып  соқты. 
Өзгелері жақында әрлі-берлі жосып жүрген қойларға қарай 
ағыза берді. Иса енді айқайын елемейтінін аңғарды да, басқа 
бір тәсілге мініп алған. Үлкен қойды алып соққан өлекшін 
тыпырлаған қойдың тамағын орып-орып жіберіп жайратып 
тастап,  енді  басын  көтере  беріп  еді,  дәл  осы  ш ақта  үнсіз 
жеткен Иса ш оқпарын қүлаш тап көтеріп ап, ақ қасқырды 
дәл қара түмсықтан періп кеп кетті.
Өршеленген  жігіт  ш оқпарын  тағы  шапшаң  көтеріп  ап 
тағы  соқпақ  еді,  сол  сәтте  ж аңағы қасқырдың ойда  жоқта 
омақасып  қүлап  түскені  көрінді.  Өзі  тамақтаған  қойдың 
басына қатарласып өз басы да сылқ түсіп, тырая кетті. Қара 
түмсықтан берген соққыға ит те, қасқыр да осал болатынын 
Иса көптен білетін. Соны ойлап қасқырдың жонынан үрмай, 
түмсығын меңзеп үрған. Енді өзіне-өзі сүйсініп: “Ал бәлем... 
Шоқ... Ж ат солай!” деп тағы да қара түмсықтан періп-періп 
жіберді де, ж үгіре жөнелді.
Қой  атау л ы   босып  ж ү р .  Д ауы лды   да,  ы қтауды   да 
үмытқан.  Есі ш ыққан жануар бір ілгері, бір кейін қашады. 
Әрбір жалтарысында арттарында әр қасқыр бір-бір қойды 
алып соғып қалады. Сәл тыпырлатып аунатады да, тағы да 
үмты лады.  Бүндайда  көп  қойға  ш апқанда,  бір  қасқы р 
болсын, топ қасқыр болсын, бәрінің де есуас бір қомағайлығы 
бар.  Олар  әуелі тек  өлтіре  береді.  Кейін  бәрін  соған  түгел 
ж е г із іп   қ о я ты н д ай   ә у е л і  м ол  а зы қ т ы   қ ы р ы п   ал у ға 
тырысады. Қазірде де төрт қасқыр сонысын істепті. Ж алғыз 
қойдың да ішін жарып, қарбытып асап, қансоқты жеген емес, 
тек қырып жүр.
Ж ү гір іп   келе  ж атқ ан   Исаны  ес  көрді  ме  маңырап, 
аңыраған қойлар  мүның үстіне  қарай ақтарылды.  Арттан 
ағындап жеткен бір бөрі Исаның үмтылғанына қарамастан, 
мүның қақ қасынан қойларды бөле-жара араласа беріп еді,
1 1 2


Иса  тағы  да  түмсығын  меңзеп  қара  шоқпарды  сілтеп  кеп 
қалғанда, бүл бөрі де тыраң асты. Ол күш ік қасқыр болатын. 
Ж аңағы ақ қаншықтың биыл баулып өсірғен үш  бөлтірігі 
қазір қомағай өжет қасқыр боп осы апатқа араласқан-ды.
Иса бүл қасқырды да түмсықтан пәрмендеп, мыжғылай 
үрып, сілейтіп салып, тағы үмтылды.  Енді қойға пана бола 
алмаса  да,  қасқыр  тобымен  жалғыз,  ж аяу  алысқан  және 
оларды  біртіндеп  жайратқан  өз  қайратына  өзі тамаш алай 
түседі.  Бар  денесі  сүрапыл  суықты  елемей,  жаурағанды 
үмытып,  оттай  қызып  қайнап  апты.  Өмірі  өштес  ж ауға 
жүмсамаған есіл қайрат қайтпас қаж ы р,  таймас ерлік бар 
екен бойында:  “Ж азым болармын,  ж аяу,  жалғызбын ғой!” 
деген  ойлар  да  басына  кіріп-ш ығар  емес.  Қатерді  мүлде 
үмытқан,  тек  қана  алысуға,  қары суға,  табандап  түрып 
салы суға  тісін  ны қ  басып  апты .  Тағы   да  ж ү л қ ы су ға 
қүмартып,  үмтылып  берді.  Ж үгіріп   үш ып  қойға  ж етіп 
келгенде  және  бір  кішілеу  бөрі бір  қойды  алып  согып  еді. 
Енді түмсығы дәл келмесе де, сырт қарап жүлқынып жатқан 
бөрінің  қарақүсынан  беріп  кетті.  Қасқыр  бүған  қарай  арс 
етіп үмтыла беріп, қиралаңдап тәлтіректей басып еді, оттай 
ыстық қайрат кернеген Иса бүл қасқырды және де тез періп 
жіберіп, қатыра қүлатты.
Қ ойлар  маңырауын  қоймастан,  Исаның  айналысына 
үйіріле дөңгелей  қашып,  босып  жүр.  Енді бір  сәтте,  талай 
қойды сүлатып, тамақтап өлтірген қарабарқын арлан бөрі 
тағы  келіп  араласты.  Қанға  масаттанып,  көзі  түмантып 
алған  қорқау  Исаны  көрер  емес.  Бүл  осы  топтың  басшы- 
қанды  ауызы болатын.  Бағанадан бері бір  өзі  кейін жемек 
боп  он қойды  сүлатқан-ды.  Қап-қара  түн болса  да  көзі өте 
көреген  Иса  бүл  бөріге  бағанадан  бері  кезіге  алмай,  тісін 
басып жүрген. Қазір сол арлан үлкен бір қошқарды көтеріп 
үрып, ыңқита соқты.
Үнсіз алысқан Иса жетіп келгенде, көкж ал арлан және 
де көлденең кезікпей,  сыртымен түрып арпалысып қалған 
екен.  Иса  ж аң ағы   ж ас  бөріге  істеген  әр ек етін   істеп, 
пәрмендеп түрып қарақүстан қатты періп кетті. Қасқыр сол 
сәтте қойды тастай беріп барынша “гүр” етіп,  Исаға қарай 
тап  берді.  Иса  шапшаң  бүрылып,  жүлқыны п  қалып  еді, 
қасқы рды ң  аузы  етіне  тимей,  тайқы п  кетті.  Б ірақ  ескі 
ш апаны ны ң  бір  ж ақ   ж еңін,  түтас  өңірін  дал-дал  қы п 
бөктеріп тастады.
Иса  жыртылған  жеңінен  шапшаң  ғана  қолын  суырып 
алы п,  енді  ақ ы р а  айбат  ш егіп,  ай қайд ы   сала  түры п, 
қасқырды  шоқпармен  қатты  үрып  жіберді.  Бірақ  асыға
1 1 3


ұрған  қаруы   тағы  да  түмсықтан  тимей,  қарақұстан  тиді. 
Ж әне де қасқырдың көзін ж аба қан саулап жөнелді.  Соған 
қарамастан, қозғалысы енді баяулап қалған болса да, қасқыр 
Исаға туралап шапшыды.
“Не  оліп,  не  тірілсем  де,  тағдырым  сенімен  болды  ғой, 
келсең, кел енді!” деп, бел байлай сала, Иса піоқпарды түсіріп 
ж іберіп,  қасқы р ды ң   тісі  өз  денесіне  ж еткенш е,  лезде 
алқымынан қос қолдап ала түсті де, тіреп, сығымдап түрып 
алды.  Қасқыр омырауласа да артқы екі аяғына ғана басып 
түрғандықтан балғын қайсар ж ігітті еңсере алмады. Иса өзі 
де тісін ақсита қайрап алып, темірдей қатқан қос шеңгелін 
қ а с қ ы р д ы ң   а л қ ы м ы н а н   б о с а т қ а н   ж о қ .  К ер іп   тір еп  
қы лғы нды ры п  ж аты п  ай қайға  басып,  кәр  ш апіып  түр. 
Ж үзбе*жүз бет алдында ақсиған ж ауы  аж алдай көрінсе де, 
әлі  түкте  ш іміріккен  жоқ.  Қасқырдың  басынан  жосыған 
ыстық қан Исаның қолына шүмектей төгіледі. Бірақ қасқыр 
әлі  әлсіреп,  жығылар  емес.  “Соған  айбар  боп  шошытсын” 
деп, Иса айқайын, ызалы кәрін үзбей дабыстап түр.
Қ ан ш а  м езгіл   өткенін  білмейді.  Қ ары судан  білегі, 
саусақтары  әбден  талып,  өзі  де  енді  болмаса  сүрінердей 
болып, бар сүлдері қүруға айналған шағында, Исаға жәрдем 
жетті.
Мүның артынан ауылдан тағы бір көрші кедей Қаңбақты 
да  ж өнелткен  екен.  Сол  енді  Исаның  даусын  ести  бере 
асыққан-ды.  Иса тек қана:
— Сал, пыш ақ сал өкпесінен! — дегенге келді.
Қ аңбақ  қы ны ндағы   қары с  қ ар а  пы ш ағы н  ш апш ып 
түрған қасқырдың тап жүрегіне қорс еткізіп салып-салып 
қалды. Сөйтуі-ақ мүң екен тайдай арлан талдай сынып түсті.
Сол сәтте Иса да сылқ қүлап кеткен еді. Барлық қажыр- 
қайраты ,  азам ат  қуаты   бір  ы залы   қайсарлы ққа  сайған 
бетінде мұның да сүлдері адам шамасьшан тыс қарсылықтан 
әбден  қүрып  болған  екен.  Сол  ж ақ   қолы,  иығы,  бүйірі  де 
тастай мүздап қатып қапты.  Үнсіз  жығылған  жігіттің бар 
сырын аңғарған, әншейінде, сырлас-мүңдас Қаңбақ Исаны 
қатты мүсіркеп кетті. Өз үстіндегі бір қабат шекпенін шешіп, 
Исаны қымтап киіндіріп алды. Иса сәл ес жиып алысымен, 
ам ан  қ ал ған   қойды  ж иы сты рды .  Елу  қойдан  бөрілер 
талағаны  он бес қой болыпты.  Оның орайына төрт қасқыр 
соғылған.
Бесінші — бөлтірік бөрі еді. Ол өзге қасқырлар жоқ болып 
кеткен соң,  өздігінен қаш ып кеткен-ді.  Он бес қойдың бәрі 
бірдей  өл ген   ж о қ ,  ж ар ы м ы н а  ж у ы ғы   т а м а қ т а л ғ а н ,
1 1 4


күйры ғы м ен  ж араланған  екен.  Б үл  ш амада  таң  біліне 
бастап,  дауыл  да  бәсеңдеп  еді.  Ж ерге  калыңдап  кар  түсіп 
қапты.  Енді біразда Қаңбақ пен Иса барлық қойды ауылга 
қарай айдады. Төрт қасқырды екі-екіден байластырып, екі 
бөліп сүйрете отырып, қоймен бірге ауылға жеткізді.
Тәкежан аулының бүрынғы пәлесі ел ішін мол кернеген 
көп өсек, алып қашты хабардың себепшісі еді.
Енді  “сол  ауылдың қойы  ығыпты”,  “қасқыр  көп  қойын 
қырып  кетіпті”  деген  неше  алуан  хабар  тағы  тамам  елге 
тарады. Бірақ осы лақаптар арасында Иса қойшының ерлігі, 
ж аяу күйде соққаны, мал үшін ж аны ашып қайсар, батыр 
қайратын айтқаны бар басқа хабардан өктем шықты. Тайдай 
арлан  бөрімен  шаппа-шап  үстасып  өлердей  жағаласқаны, 
тапжы лтпай  үстап  өлтірткені  —  бәрі  де  бүл  өңірде,  бүл 
заманда болмаған балғын азамат қасиеті боп тарады.
Тәкежан мен Әзімбайдың барлық малшы-көршіге ететін 
мейірімсіздігін, қаскөй иттігін білетін кедей-кепшік:
— Қадірін біле ме, сонда да қорқаулар!
— Қайран азамат, кері кеткеннің босагасында шіріп ж үр 
гой.
— Сол  қасқырға  жүмсаған  күшін  Әзшбайдың өзіне  бір 
сілтер  ме  еді,  айуанға еткен еңбек пе,  ерлік пе?  Еш болған 
еңбек қой, — деп кейбіреулер тереңге де кететін.
—  Қайтсін,  жазықсыз  малға  жаны  ашыған  да...  Көзбе- 
көз  қасқы рға  мал  талатып  түра  ала  ма!  —  деп,  Исаның 
шынын үғынган сөздер де көп айтылып жүрді.
Бірақ осы жайдың бәрін Исаның өз қүлагы бүл күндерде 
ести алмай түр. Өйткені дауылды күндерден үш күн өткенде, 
Иса  катты  науқастанып,  төсек  тартып  қалды.  Қазір  оның 
ж атқан жері киіз үй емес, кішкентай ғана түтіктей тар, жер 
үй. Төбе де аласа. Ол ыстан қап-қара болған жіңішке, қисық 
сыргауылмен  жабылған.  Ж әне  сол  төбеден  ескі  қамыс 
қоқсып шығып салбырап түрған жаман бөлме. Қойшының 
үйі аталатын  бүл бөлменің есік  алдында  Тәкежанның қой 
қорасы.  Есік ашылған сайын үйге келетін ж алғы з мол иіс, 
қалың қойдың шуашы мен жас қорданың иісі, күндіз-түні 
осы күлімсі дертті иістен басқа таза ауадан леп келмейді.
Бүл үйдің асты сызды, тасты қара жер: терезенің орнына 
бай үйінің сынған шынысынан бір ғана  көзді саңылау етіп 
кірпіш  арасына  кептеген.  Сорлы  үйшіктің  әр  бүрышында 
қамау  орнындай  жүдеу  қараңғылық.  Қабырға  атаулыда 
сылау жоқ, тек қара былжырды баттастырып ж аққан қопал 
жапсырма бар. Пеші жоқ, сызды қараңғы көрдей үйдің аласа
1 1 5


ғана үйілген кескінсіз, қап-қара күйе қазан аспасы түр. Осы 
үңгірдің өзіне кіргеніне де момын үйдің іттті ырза болғандай. 
Күндіз-түн үстерінде азынаған қара желден, қатты суықтан 
сәл қүтылғанға ш үкірлік еткен болады.
Дауылдың ертеңінде “тағы бір апат боп кетер” деп малы 
үшін сескенген Тәкежан енді қыстауға көшкен-ді.
Сол қатарда жы л сайын осы ауылдың қойшысы түратын 
дәл  осы  жер  үйге  Иіс  те  кеп  кірген.  Исаның соңғы  көшер 
күннен  бастап,  бойы  ауырлап,  басы  алып  түсе  беріп  еді. 
Қыстауға  қонган  күннің  ертеңінде,  кеш ке  ж ақы н  қатты 
ыңқылдап мүрттай үшты.
Салганнан  қызуы  асқындап,  демі  тарылып,  тыным  ала 
алмай дөңбекшіп ауырды. Талайдан бері күн бойы өз үйінде 
болмайтын Иса жығылған күннің ертеңінде қатты қиналып 
ж атса  да,  ез  үй  ішінің,  ж аны на  ж ақы ндары ны ң  тірлік 
болмысын көріп жатыр.
Ішқүстадан улангандай боп, сыртына шығырмай, дертті 
қабағын  түйіп  ж үз  толғанады.  Мал  дегенде  ж алғыз  көк 
сиыр,  енді  суалауға  да  ж ақы н  екен.  Ішер  ас  жоқ.  Кемпір 
шешесі  таң  атысымен  көк  ш алап  қып  шай  ішті,  қатқан 
қүртты сол шайына салып, жібіткен боп талшық етеді.  Екі 
балада  ойын жоқ,  ашылған қабақ,  сөз де жоқ.  Олар да сол 
ыстық көк суды қүмар асындай ішкен боп бүрыш-бүрышта 
әкесі мен шешесіне жалтақтап, үрке қарап бүрісіп отыр.
А уру  әйел  шоқпытына  оранып,  жаман  жөткіре  береді. 
Бар  үй  ішінің тосатыны  Иіс,  соның  бай  үйінен  қайтқанын 
болымсыз  талған  үмітпен  күтеді.  Кәрі  әж е  байғүс  күзден 
бері байлар үшін малма сапсыса, енді Қараж ан бәйбішенің 
тапсыруымен  ж іп  иіріп,  ш үйке  түтіп,  арқан -ж іп  есуге 
кіріскен. Қысы-жазы мүның қолын Қаражан сондай үздіксіз 
істен босатқан емес. Қазірде сол жүмысына салған-ды. Бай 
үйінде күнүзын отырып, белін жазбастан әрекет ететін Иіс 
күнде  кешке,  ымыртта  қайтқанда,  үйдегі  балапандарына 
болымсыз  тамақ  әкеледі.  Бай  дастарқанынан,  ас-суынан 
қалған  сорпа-сүйек,  қүр  бидай,  қатқан  ірімш ік  сияқты 
түйіршіктер алып қайтқан болды. Үй ішінің талшығы осы.
Иса есі ш ала кірген шақтарда, осыны көріп, көп уһлейді. 
Кеудесін әрі дерт қысып, әрі арманды шер қысып, өнбойын 
тырналай береді. Шешесі қасына кешке келіп күрсіне түсіп 
отыра бергенде, іштегі шерін жасыра алмады:
— 
А йналайы н  апатай-ай,  кердің-ау!  Босағада  шіріп 
кеттің-ау,  енді  не  боларсың!..  Әттең...  арманда  кетем  бе... 
Тым  қүры са  сендерді  айуан  емес,  адам  дерлік  біреудің 
босағасында да қалдырмадым-ау!... — деді.
1 1 6


Шешесі  мен  әйелі  Исаның  сөзінен  шошып,  зар  қақты. 
Екеуі де  дертті  асылының  басын  қүшып,  қолдарын  сүйіп, 
еңіреп қоя берісті. Екі бала да жас жүректері шошып, жылап 
жіберді.
Иса  оз  дертін  анық  танығандай.  Н ауқасына  бес  күн 
өткенде,  ыстығы  тыным  бермей  ж ан  алқымға  келгендей 
болды.  А л а сү р тқ ан   ауы р  дертінің  енді  естен  ай ы рар 
сандырағы араласты. Исаның кеберсіген еріндері бір нәрсені 
сыбырлағандай болды.
Ж аны шошыған шешесі мен әйелі бетіне төніп келгенде, 
үнемі  бір  алысқан,  егескен  кәрлі  сөздер  естіледі.  Не  деп 
ж атқаны үғымсыз.
Үзік-үзік үрыс үні сияқты.
Иса  бүл  ш ақта  үнемі  арлан  қасқырмен  алысу  үстінде 
жатыр... Көзі ашық, сүзіле қарап жатса да, сол бір шапшып 
үмтылып  түрған  дүшпанын  көреді.  Тістері  ақсиып,  аузы 
арандай ашылып, енді болмаса сақ етіп Исаның бетіне қанды 
аузын салғалы түрған қатал жау...  Бір сәт шекесінен қаны 
сорғалап,  қасқырдың  көзін  жауып  кетеді.  Тағы  бір  қатты 
қиналып ж атқан шағында,  қасқырдың қанды  шекесіне ақ 
орамал  оралғандай  болады.  Арандай  аж алды   тістердің, 
иектің  астына  қап-қара  сақал  орнайды,  қасқырдың  аузы 
қып-қызыл еріндерін қозғап, қатты боқтық айтады Исаға... 
Таяқтай қарумен салып та кетеді. Иса қарысып үстасып түр... 
Қасқыр  Әзімбай  болып  кетеді.  Мүны  үрып,  сөгіп  ж ауш а 
өшігіп айдаған Әзімбай енді анық арлан борімен үнемі ке- 
зектесіп төнеді.  Бірде  қасқыр  Әзімбай.  Кейде  жарым ж үзі 
Әзімбай, жарым түмсығы қасқыр боп қас-дүшпандары қо- 
сылып, бірлесіп кетеді... “Жейміз! Қүртамыз!.. Ж оямыз!...” — 
деп түр. Иса сонымен қарысып, ерегісіп жатып мүлде талып 
кетті.
Осы күйден түн бойы айықпай ж атқан науқасқа қайтып 
ес кірмеді.  Таң ата  кеудесіне  сырыл араласты.  Енді сүлық 
ж атқ ан   қалпы нда  суына  берді.  Сойтіп  ж ы ғы лғаны на 
алтыншы күн дегенде, алыптай ерлігі бар, үлкен адам жүрегі 
бар, аяулы азамат қайтыс болды.
Талып, сүлап үні ошіп, сорлы шеше — Иіс қалды. Өксіп 
ж ы лап ,  өзі  дертті  ж есір  боп,  ж ар ы   қалды .  Ж ан дары  
шошыған екі шиеттей панасыз жетімдер зар қақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет