Тукибаева куралай базарбековна



бет17/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Инновациялық экожүйе қатысушылары келесідей пайда өндіре алады: құндылықтан жеке пайда, рентабельділікті арттыру, инновациялық мүмкіндіктерді жетілдіру, инновациялық қызметті ынталандыру, инновациялық жобаларды ұлғайту, инновациялық белсенділікті арттыру, жасанды интеллект және Big Data көмегімен туристерді эмоционалды бақылау арқылы келушілер ағынын ұлғайту.


Сурет 8 – Туристік саланың инновациялық дамуын зерттеу әдістемесі


Ескерту – Автормен құрастырылған


Екі бөлімшеде қарастырылған теориялық тұжырымдарды негізге ала отырып, туристік саланың инновациялық даму әдістемесін ұсынамыз, 8-суретте зерттеуді жүзеге асыру бағыттары қарастырылған. Зерттеудің әдістемелік тұрғысына келетін болсақ, алдағы бөлімдерде экономикалық-статистикалық талдау және бағалау жүргізу мен олардың негізінде ұсыныстар әзірлеу үшін туристік саланың инновациялық дамуын бағалау кезеңдері мен қолданылатын әдістерін келесідей сызба ретінде ұсынып отырмыз (9-сурет).

Сурет 9 – Туристік саланың инновациялық дамуын бағалау әдістемесі


Ескерту – Автормен құрастырылған


Талдаудың бірінші кезеңінде Қазақстандағы туристік саланың инновациялық дамуының қазіргі жағдайын анықтау үшін салалық статистикалық көрсеткіштер пайдаланылып, негізгі талдау әдістері ретінде статистикалық өңдеу әдісі, SWOT-талдау мен ранжирлеу әдісі қолданылатын болады. SWOT-талдау – стратегиялық жоспарлау әдісі болып табылады. Бұл әдіс зерттеу объектісін сипаттайтын факторларды төрт санатқа бөліп қарастырады: күшті жақтар (Strengths), әлсіз жақтар (Weaknesses), мүмкіндіктер (Opportunities) және қауіптер (Threats). Күштер мен әлсіздіктер ішкі орта факторлары болып табылады (яғни, объектінің өзі әсер ете алатындығымен ерекшеленеді); мүмкіндіктер мен қауіптер сыртқы орта факторлары болып табылады (яғни, объектіге сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін). Бұндай талдау әдісі туристік саланың дамуына әсер етуші әр түрлі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын анықтауға мүмкіндік береді.


Ранжирлеу әдісі бойынша аймақтардың көрсеткіштер бойынша рангтері мен жиынтық рангтері кесте және тиісті диаграмма арқылы көрсетіліп, олардың алған орындары бойынша тиісті қорытындылар жасалады. Ранжирлеу әдісі бойынша әрбір көрсеткіштің максималды және минималды мәндерін табамыз. Әрі қарай, нормаланған жаңа көрсеткіштердің қабылдаған мәндерін есептеу ыңғайлы болу үшін, көрсеткіштерді 0-ден n дейін болатындай етіп n көбейтеміз, (1) формуласы төменде көрсетілген [4, б. 33]:
(1)

мұнда xi i-аймақтың жаңа ранг мәні;


yi i-аймақтардың соңғы жылдағы көрсеткіші;
ymin  аймақ көрсеткіштері ішіндегі миниал сан;
ymax  аймақ көрсеткіштері ішіндегі максимал сан;
n – айнымалы сан.
Зерттеудің 2-ші кезеңінде статистикалық өңдеу және радарлық әдіс пайдалану арқылы Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуын басқаруды бағалау мен SWOT-талдау жүргізіледі. Радар әдісі аймақтардың дамуы мен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін бағалау үшін қолданылады. Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуын басқару радарын құру үшін келесі қағидаларды ұстану маңызды:
– көрсеткіштер блоктарының болуы;
– критерийлерді бағалау шкаласы орталықтан таралады (-1-ден 1-ге дейін);
– радиалды түзу сызықтардағы шкалалар критерийлердің барлық мәндері бағалау шеңберінің ішінде орналасатындай етіп градацияланады [85]. Бірінші кезеңде бағалау көрсеткіштері анықталып, екінші кезеңде таңдалған индикаторларды қалыпқа келтіру жүргізіледі.
Зерттеудің 3-ші кезеңінде Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуын басқаруды талдауда келесі әдістер қолданылады: дельфи әдісі, факторлық талдау (FA), негізгі компоненттерді талдау әдісі (PCA), дисперсиялық талдау әдісі. Бастапқыда, бірнеше кезеңнен тұратын сараптамалық бағалауды қамтитын Delphi әдісі пайдаланылады, оған туристік саладағы сарапшылар мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын қатыстыру көзделген. Талдау үш кезеңде жүргізіледі: алдын ала, негізгі және аналитикалық кезең. Алдын ала кезеңде Google формада анонимді онлайн сауалнама құрастырылып, сарапшылармен келісіледі. Екінші кезеңде сауалнама туристік саладағы мамандарға жіберіледі. Бұл кезеңде сауалнама екі раундта жүргізіледі. Бірінші раундтан кейін ең аз бал жинаған сұрақтар алынып тасталады, осылайша, бірінші раундқа қатысқан сарапшылар тобына қайтадан жаңа сауалнама жіберіледі. Екі раундтың негізінде бірізділікке қол жеткізіледі және Delphi талдауының аналитикалық кезеңінде іріктелген сұрақтар анықталып, негізгі компоненттерді талдау (PCA – Principal Component Analysis) әдісі қолданылады. Зерттеу нәтижелері үшін SPSS IBM 20 және SmartPLS бағдарламаларының көмегімен факторлық және дисперсиялық талдау сияқты ақпаратты өңдеудің статистикалық әдістері қолданылады [86].
Туристік саланың инновациялық дамуына әсер ететін факторларды анықтау үшін негізгі компоненттерді талдау әдісі (PCA) және факторлық талдау қолданылады. Факторлық талдау – бұл айнымалы мәндер арасындағы қатынасты зерттейтін көп өлшемді әдіс. Негізгі компоненттерді талдау – айнымалылар арасындағы байланыстарды талдаудың сипаттамалық әдістеріне жатады. Сондықтан тәуелді айнымалылар мен тәуелсіз айнымалылардың байланысы, талданатын айнымалылардың бір мезгілде үйлесуі (өзара тәуелділік) өте маңызды. Негізгі компоненттерді талдау айнымалылар жиынтығына негізделген бірнеше факторларды анықтаудан тұрады. PCA бір немесе бірнеше сапалық айнымалылардың бір тәуелді сандық айнымалыға әсерін зерттеу үшін қолданылатын дисперсиялық талдауды қамтиды, яғни, ол компоненттер арасындағы маңызды айырмашылықты анықтауға, әр фактордың мөлшерін, негізгі факторларды анықтауға бағытталған [87].
Зерттеудің 4-ші кезеңінде Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуын басқару механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру жоспарланған. Ол үшін зерттеулерді зерделеу негізінде туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың тұжырымдамалық моделі жасалып, оны талдау – құрылымдық теңдеулерді модельдеу әдісі арқылы жүзеге асырылады (Structural Equation modeling - SEM). SEM-де құбылыстың әр түрлі аспектілері бір-бірімен құрылым арқылы байланысты деп қарастырылады [88]. Эксперименттік деректерді жинау үшін Google Forms құралы арқылы анонимді онлайн сауалнама жүргізіледі және оның нәтижелері Smart PLS бағдарламасында өңделеді.
Зерттеудің бесінші кезеңінде Астана қаласы мен Ақмола облысының инновациялық дамуын басқару бойынша ұсыныстар беру көзделген. Бұл ұсыныстар теориялық және талдау бөлімдерінің, сонымен қатар, зерттеудің тұжырымдалық моделінің нәтижелері негізінде жасалады.
Қорытындылай келе, қарастырылған зерттеудің әдістемелік негіздері оның мақсатына жетіп, қойылған міндеттерді шешу арқылы басты ғылыми нәтижелерге жетуге бағытталған. Бүгінде саланың инновациялық дамуын басқаруда оның инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі, ресурстық және технологиялық базасын қалыптастыру өте маңызды. Әсіресе, инновациялық процесс қатысушыларының идеяларды генерациялауға және оларды барлық инновациялық цикл бойынша коммерцияландыру процесін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін біртұтас инновациялық экожүйеде жұмыс істеуі маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет