-туристік іс-шаралар портфелінің нашар толтырылуы;
- технологиялар мен ішкі байланыс арасындағы тепе-теңдіктің болмауы;
- қалада инновациялық хабтардың болғандығына қарамастан, туристік сала инновациялық процеске тартылмаған, бұл саладағы инновациялық қызмет төмен деңгейде, туристік саладағы инновациялық жобалар үлесі төмен;
- келу және ішкі туристік салада туристік қызмет сапасын бақылау мен мониторинг тетігінің болмауы;
ішкі туризм бойынша динамикалық турпакеттерді брондауға болатын бірыңғай платформаның жоқтығы;
туристік саладағы сандық маркетинг монетизация үшін жұмыс істемейді;
органдар, стейхолдерлер мен туристер арасында кері байланыстың болмауы;
Мүмкіндіктері (O)
Тәуекелдер (T)
цифрландыру, ИКТ дамуы;
үкіметтің туристік саланы экономиканың басым секторы ретінде мойындауы және қаражат бөлуі ;
туристерді тарту үшін маркетинг, брендингтің тиімділігі;
– табиғи ресурстардың сарқылуы;
– экологиялық жүктеменің артуы;
– ғылыми-инновациялық жобаларға тиесілі жоғары тәуекелдерді тиімді басқару қажеттілігі;
инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін туристік саладағы мамандардың тәжірибе
25-кестенің жалғасы
1
туристік салаға салынатын инвестиция;
туристік өнімдерге деген баға саясаты;
инновациялық әлеует.
тапшылығы.
Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [93-94, 130]
SWOT-талдау туристік өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін біріншіден, Астана қаласының туристік нарығын басқарудың жаңа формалары мен басқару жүйесін жетілдіруді қажет ететінін көрсетіп отыр, ол мүмкін болған жағдайда туристік саланы инновациялық процеске тарта отырып, туристік саладағы инновациялық қызметтің деңгейі мен осы саладағы инновациялық жобалар үлесін арттыруға жағдай жасалады. Екіншіден, мемлекеттік органдар, стейхолдерлер мен туристер арасында кері байланысты орнату туристік саланы дамытудың маңызды шарты болып табылады.
Астана қаласында 2018-2022 жылдардың қаңтар-қыркүйек аралығында қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер санын қарастырайық (20-сурет) [128].
Сурет 20 – Астана қаласында 2018-2022 жылдардың қаңтар-қыркүйек аралығында қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер саны
Бұл диаграмма соңғы 5 жылда Астана қаласында қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер санының 50,3 %-ға артқанын көрсетеді, әсіресе, пандемиядан кейінгі кезеңде олардың саны 2,9 есеге көбейген, 2021 жылға қарағанда 2022 жылы 1,5 есе өсім байқалады. 26-кестеде қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер сапар мақсаттарына қарай жеке және іскерлік, кәсіби болып жеке қарастырылған.
Кесте 26. Астана қаласында ішкі (резиденттер) және келу (резиденттер емес) туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны