Тукибаева куралай базарбековна



бет28/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

ішкі туризм

416 388

475 741

231 957

473074

681 043

63,6 %

оның ішінде:

жеке

210 642

272 598

135 518

259 065

454 586

115,8 %

іскерлік, кәсіби

205 746

203 143

96 439

214 009

226 457

10,1 %

келу туризмі

140 739

178 384

47 511

51 416

156 218

11 %

оның ішінде:

жеке

41 610

57 094

11 672

9 293

67 382

61,9 %

іскерлік, кәсіби

99 129

121 290

35 839

42 123

88 836

-10,4 %

Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [128]



17-кестедегі ресми статистикалық деректер бойынша 2022 жылы Астана қаласында қызмет көрсетілген келушілердің 81,3 %-ы ішкі туризмді, 18,7%-ы келу туризмін құрайды. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 2018 жылмен салыстырғанда 63,6 %-ға, келу туризмі бойынша 11 %-ға артқан, пандемиядан кейінгі кезеңде ішкі туризм бойынша 2,9 есе және келу туризмі бойынша 3,2 есе өсім байқалады. Сапар мақсаттарына қарай, ішкі туризм бойынша жеке мақсатпен келушілер саны 2018-2022 жылдардың қаңтар-қыркүйек аралығында 115,8 %-ға, іскерлік, кәсіби мақсатпен ішкі келушілер 10,1 %-ға артқан. Пандемиядан кейін жеке мақсатпен келушілердің саны 3,3 есеге көбейген, іскерлік, кәсіби мақсатпен ішкі келушілердің саны бұл кезеңде 2,3 есеге артқанымен, соңғы 5 жылдағы өсім небәрі 10,1 %-ды құрайды.
Сонымен қатар, сапар мақсаттарына қарай келу туризмі бойынша пандемиядан кейінгі кезеңде жеке мақсатпен резидент емес келушілер 5,8 есеге және іскерлік, кәсіби мақсатпен резидент емес келушілер 2,4 есеге көбейсе де, соңғы 5 жылмен салыстырғанда іскерлік, кәсіби мақсатпен келушілер саны керісінше 10,4 %-ға азайған, жеке мақсаттағы адамдар саны 61,9 %-ға артқан. Сондай-ақ, 17-кестеден Астана қаласында ішкі туризм бойынша жеке мақсатпен келуші резиденттер басым болса, келу туризмі бойынша, керісінше, іскерлік және кәсіби мақсатпен саяхаттаушылар басым екендігін байқауға болады. 2022 жылы қалада түрлі халықаралық форумдар, конференциялар, кеңестер қайта жанданды. Мысалы, маусым айында «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында «Astana finance days» сияқты халықаралық сипаттағы жыл сайынғы форумдар өтті. Өткен іс-шараға 70-тен астам елдің өкілдері қатысты. Ал қыркүйек айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті, съезд хатшылығының отырысына 20 елден келген әлемдік діндер мен конфессиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қазан айында 50-ге жуық делегация қатысқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI Саммиті өтті.
Жалпы, 2022 жылы Қазақстанға келген 5,4 млн. резидент және резидент емес келушілердің қаңтар-қыркүйек айларындағы Астана қаласы бойынша үлесі − 15,3 %-ды құрайды, оның ішінде, 3,2 млн. жеке мақсатпен келуші резиденттердің 14 %-ы, 262 891 резидент еместердің 25,6 %-ы, 1,6 млн. іскерлік және кәсіби мақсатпен келуші резиденттердің – 14,1 %-ы, 346 912 резидент еместердің - 25,6 %-ы Астана қаласына тиесілі.
Елордадағы туристік саланың басым түрлерін оқиғалы, қалалық, іскерлік және медициналық деп атауға болады. 2020 жылғы қаңтар-маусымда қалалық туризмнің жалпы қосылған құны 147 млрд АҚШ долларын құрады және бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 22%-ға артық [146]. Туристік әлеуетті ашу және туризмнің осы түрлерін дамыту үшін, ең алдымен, SWOT талдау мен статистикалық көрсеткіштерден анықталған мәселелерді шешу қажет. Туристік сала экономикаға кіріс, бизнес үшін пайда табуға және туристердің үлкен ағымын тартуға қабілетті болғандығына қарамастан анықталған проблемалар туризмнің жекелеген бағыттарының дамуына кедергі келтіріп отыр.
Әрі қарай диссертациялық жұмыстың екінші зерттеу нысаны болып табылатын Ақмола облысының туристік саласын дамытудың қазіргі жағдайы мен оның басқару құрылымын қарастырамыз. «Ақмола облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жүктелген функцияларына сәйкес өнеркәсiп, индустриалды-инновациялық дамыту, шағын және орта кәсiпкерлiк, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану, ішкі туризм, халықаралық байланыстар, туризмді талдау және мониторинг салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады [148]. Аталмыш орган жұмысының негiзгi бағыттары:

  • өңiрдiң туристiк ресурстарын дамыту;

  • туристiк дестинациялар мен объектiлердiң көлiктiк қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

  • туристiк өнiмдер мен қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру;

  • iшкi және халықаралық нарықтарда өңiрдiң туристiк әлеуетiн жылжытудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;

  • туристік саладағы маңызды инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн инвесторларды iздеу және тарту бойынша жұмыс;

Ақмола облысы Қазақстандағы туризмді дамыту драйверлерінің бестігіне кіреді, туристік бизнесті дамытуға қолайлы аумақты алып жатыр және бірегей табиғи-климаттық жағдайларға ие. Облыс орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі бойынша үшінші орында, туристік салада қызмет көрсету бойынша өңірдің үлесі шамамен 10 %-ды құрайды (26,3 млрд. теңгенің 2,6 млрд.). Мұнда елдің барлық орналасу орындарының 8,9%-ы шоғырланған (Республика бойынша 3965 бірліктің 354-і). Ақмола облысының туристік кластеріне 700-ден астам туристік кәсіпорын кіреді, оның ішінде 354 орналастыру орны, 45 санаториялық-курорттық мекеме, туристік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар 68 туристік фирма, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» сияқты 3 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, «Бурабай Даму» ЖШС , 179 жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бар, оның 70%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді [128; 148].
Кластердің мәдени-тарихи сегментінде 900 ескерткіш бар, олардың көпшілігі мемлекеттің қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз етуде қолданылады. Облыста мемлекеттік тізілімге енгізілген, 6 туроператор әзірлеген және сәтті жүзеге асырып жатқан 73 туристік маршрут бар: «Бурабай» МҰТП – 29, «Турист» ЖШС – 11, «Бурабай Даму» ЖШС - 11, «Круиз» ЖШС – 9, «Көкшетау» МҰТП – 6, «Глобус»ЖШС – 7 туристік маршрут. Оның ішінде туроператорлар Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Ерейментау аудандарының және Біржан Сал ауданының тарихи және киелі орындары бойынша турмаршруттарды әзірлеген болатын, олардың арасынан Ақмола облысындағы жалпыұлттық маңызы бар киелі орындар бойынша 7 туристік маршруты бекітілген, жалпы облыста 43 киелі орын бар [148]. Ақмола облысынан «Қазақстанның 100 киелі орны» тізіміне 10 нысан республикалық картаға және 33 нысан өңірлік маңызы бар картаға енді [149].
Ақмола облысында 2018-2022 жылдардың қаңтар-қыркүйек аралығында қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер санын қарастырайық [128] (21-сурет).



Сурет 21 − Ақмола облысында 2018-2022 жылдардың қаңтар-қыркүйек аралығында қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер саны


Жоғарыдағы диаграмма 2018-2022 жылдардың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында Ақмола облысында қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер санының 28%-ға артқанын көрсетеді, әсіресе, пандемиядан кейінгі кезеңде олардың саны 1,9 есеге көбейген, 2021 жылға қарағанда 2022 жылы 1,3 есе өсім байқалады. 18-кестеде қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер сапар мақсаттарына қарай жеке және іскерлік, кәсіби болып жеке қарастырылған.

Кесте 27. Ақмола облысында ішкі (резиденттер) және келу (резиденттер емес) туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны





Туризм түрі, адам

2018 ж.
қаңтар-қыркүйек

2019 ж.
қаңтар-қыркүйек

2020 ж.
қаңтар-қыркүйек

2021 ж.
қаңтар-қыркүйек

2022 ж.
қаңтар-қыркүйек

2018 ж. / 2022 ж.
ауытқу (%)

Барлығы (ішкі, келу)

270 002

310 048

172 879

250 546

345 724

28 %



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет