Тулаганов Анвар Балтабаевич мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің нысаналы көрсеткіштерін басқару 6D051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару Phd докторы дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін бағалау



бет20/24
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#138693
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ануар - диссертация откорректированная

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін бағалау
1. Мемлекеттік органдар жүргізген тексерістердің нәтижелері.
2. Мемлекеттік органдардардың статистикалық деректері.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсетілуін тұтынушылармен жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері.
4. Үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) мәліметтері.
5. Мемлекеттік органдардардың ресми интернет-ресурстарының талдауы.

Мемлекеттік қызметтер көрсету параметрлерін өлшеу қиынға соғады, өйткені қызмет көрсетудің әрбір түрі үшін олардың параметрлері мен мағыналарын жеке-жеке анықтау қажет.


1. Жоғарыда аталған бағалау жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімді және сапалы түрлерімен, соның ішінде электрондық форматтағы қызмет түрлерімен, қамтамасыз етуге арналған.
2. Бағалау – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі жасаған тізілімде аталған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізіледі.
3. Бағалауға – орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, соның шінде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық атқарушы органдар көрсететін қызметтер жатады.
Әлемдік практика растап отырғандай, мұндай жұмыстар көп еңбекті қажетсінуімен ерекшеленеді, арнайы білімдердің қолданылуын және тиісті әдістемелік құжаттардың әзірленуін қажет етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыстар отандық мамандар мен мемлекеттік қызметшілер үшін күрделілігімен және жаңалығымен ерекшеленеді.
Осыған байланысты әрбір органда аталған жұмыстарға жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындаған жөн, олар тұрақты негізде мынадай нақты функцияларды орындауы тиіс:

  • басымдылықты қызметтер көрсету тізілімін нақтылау, қызметтің бұл түрлері үшін мемлекеттік сапа көрсеткіштері белгіленеді;

  • қызмет көрсету түрлерінің әрқайсысы бойынша әлеуетті тұтынушыларды анықтау;

  • қызмет көрсету түрлерінің әрқайсысы бойынша қолданыстағы сапасы мен қол жетімділігіне тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету көрсеткіштерінің құрамын, сондай-ақ олардың ағымдағы, нормативтік (стандарт) және нысаналы мағыналарын анықтау;

  • мемлекеттік қызметтер көрсетілуін тұтынушыларды хабардар ету тәртібін, қызметтер көрсету рәсімін, жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің құрамы мен мазмұнына талдау жасау. Талдаудың мақсаты оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.



ҚР мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2010 жылғы жұмысының тиімділігін бағалаудың қорытынды рейтингі

РРет са-ны

Мемлекеттік органның атауы

Мемлекеттк қызметтер көрсету Тізілімін жаңарту

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту

Мемлекеттік қызметтер көрсету регламеттерін бекіту

Мемлекеттк қызметтер көрсету Тізіліміне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Мемлекеттік қызметтер көрсету Тізбесіне сәйкес ХҚКО-да және мемлекеттік органдарда (ведомстволық бағыныштағы ұйымдарда ) көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің үлесі

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдану

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын жаңарту

Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету әзірлеуге немесе пысықтауға қатысуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет