Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Ескерту. Ереже 55-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013



бет11/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Ескерту. Ереже 55-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотында осы Ереженің «Валюта бағамдары өзгеруінің әсері» бөлімінің ережелеріне сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілген валюталық операциялардың есебі жүргізіледі.
Шетел валютасындағы шоттар бойынша операцияларды жасау және ресімдеу тәртібі валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік есепте шетел валютасындағы шоттарда қаражат қозғалысы және шетел валютасындағы операциялар есеп айырысу-ақшалай құжаттарды берген күні әрекет ететін валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетел валютасын қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасының валютасында көрсетіледі. Осы операцияларды есепке алу бір уақытта есеп айырысу және төлемдер валютасында жүргізіледі.
Шетел валютасын сатып алу кезінде 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» және 1030 «Есеп айырысу шоты» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. Шотқа шетел валютасының түсуі мынадай жазбалармен көрсетіледі: 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының дебеті, алынған шетел валютасының сомасына 1030 «Есеп айырысу шоты» және 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты және комиссиялық алым сомасына 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шоты.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Өнім берушілермен шетел валютасында есеп айырысу кезінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4110 «Жеткізушілерге және мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоттарының қосалқы шоты дебеттеледі және 1050 «Шетелдік валютадағы шот» қосалқы шоты кредиттеледі.
1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотында байланысты гранттар бойынша қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бойынша қаржы операциялары ескеріледі. Арнайы шотты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік байланысты гранттың есебінен жабу үшін және байланысты грант туралы келісімге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаларды әкімшілендіру үшін ашылады. Байланысты гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражат түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі: 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының дебеті, 6060 «Гранттар бойынша кірістер» шотының кредиті. Осы шоттағы қаражатты пайдалану 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының кредиті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» тиісті қосалқы шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі.
1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздар (қарыз қаражаты) бойынша қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бойынша қаржы операцияларының есебін жүргізеді. Арнайы шот үкіметтік сыртқы қарыздың есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға және халықаралық қарыз шартына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкімшілік жүргізуге жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік сыртқы қарыздың есебінен жабу үшін ашылады.
Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражат түскен кезде 1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының дебетiне, 6070 «Сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредитiне жазба жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет