Ескерту. 66-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. Алғашқы құжаттардың негiзiнде қаражатты пайдалану кезiнде төлеуге берiлетiн шоттар бойынша сома 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының және басқа шоттардың дебетiне, 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, ақшалай қаражаттың басқа да шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазылады.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. Төлеуге берілетін шот негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аударған нысаналы трансферттер сомасына мынадай жазба жүргізіледі: 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шоттарының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредиті.
Жалпы сипаттағы алынған трансферттер тиісті бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға жеткізіледі, бұл ретте 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредитті бойынша жазба жүргізіледі.
Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен жергілікті атқарушы органдардың есептері негізінде жүзеге асырылады: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті, 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті.
1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты бойынша қалдықтар (сыртқы қарыздар мен байланысты гранттарсыз) мемлекеттік мекеменің коды бойынша қаражаттың қалдығына сәйкес келуі тиіс.
Есепті жылдың аяғында бұрын кірістер құрамында ескерілген қаржыландыру сомасы мынадай тізбекпен пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар сомасына түзетіледі: 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының кредиті.
Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 нысанды «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» есебін, 4-12 нысанды «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» есебін және 4-20 нысанды «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есебін қалыптастырады.
Мемлекеттік мекеме 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеруі үшін 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тоқсан сайын аумақтық қазынашылық бөлімшесімен айдың бірі күніне салыстыруды жүргізеді.
Осы шоттың қосалқы шоттарының дебетінде міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ ағымдағы жылғы қаржыландырудың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте мақсатына сай бюджеттік сыныптаманың кодтарына сәйкес жұмсалған қаражат көрсетіледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландыру түскен кезде мемлекеттік мекеме мынадай жазбаларды жүргізеді:
1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті;
1092 «Күрделі салымдар бойынша міндетттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті;
1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;
1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;
1095 «Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.
Активтер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттарға сәйкес төлемдерді жүзеге асыру кезінде мынадай тізбектер жүзеге асырылады:
3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» қосалқы шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті.
Ағымдағы жылдың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге бюджет шотына қаражат түскен кезде 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының дебетіне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының, 1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты қосалқы шотының және басқа шоттар кредитіне жазба жүргізіледі.
Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 нысанды «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» есебін, 4-12 нысанды «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» есебін және 4-20 нысанды «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есебін қалыптастырады.
1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тоқсан сайын аумақтық қазынашылық бөлімшесімен айдың бірі күніне салыстыруды жүргізеді.