Тургунов Уразбай Куримбаевич



бет6/18
Дата21.10.2023
өлшемі200,63 Kb.
#120465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тургунов Уразбай Куримбаевич-emirsaba.org

3.Логикалық есептер.
1. Ұлдардың біреуін санамағанда ұлдар мен қыздардың саны бірдей. Қыздардың біреуін санамағанда ұлдар қыздардан екі есе артық. Қыздардың санын табыңыз.
Шешуі: а-ұлдар саны, в-қыздар саны болсын. Есептің шарты бойынша:

Мүшелеп қосып табамыз


в=3, а=4 Жауабы: Д)3
А) 2 В) 4 С)6 Д) 3Е)5
2. Оқушының бір ай бойы математика пәнінен алған бағалары берілген
5; 4; 5; 5; 3; 4; 5; 5; 4 оқушы бағаларының арифметикалық ортасының жүздік үлеске дейінгі жуық мәнін және модасын табыңыз.
Шешуі: ≈4,44
Ал модасы 5-ке тең. Жауабы: А) 4,44 және 5
А) 4,44 және 5В) 4,45 және 4 С)4,45 және 3 Д) 4,44 және 4 Е)4,45 және 5
3. Өзара жай екі санның ең кіші ортақ еселігі 391 болса, ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.
Шешуі: 391 санын жай көбейткіштергежіктейміз. 391=17*23
17 және 23 жай сандар болғандықтан, олардың 1-ден басқа бөлгіштері жоқ.
Жауабы: В) 1
А) 391 В) 1 С)23 Д) анықтау мүмкін емес Е)54
4. «Актив-7» тарифымен барлық операторларға қоңырау соғу минутына 7 теңге. Ал, «керемет» тарифымен қоңырау соғу желі ішінде 0 теңге, басқа операторларға минутына 20 теңге. Ардақ «Актив-7» тарифымен, ал Заңғар «керемет» тарифымен достарына қоңырау соғады. Бір сағат өткен соң Заңғардың бірлік ақшасы Ардақтан екі есе көп кеткені белгілі болса, Заңғардың желі ішінде сөйлескен уақытын анықтаңыз.
Шешуі: Ардақтың жұмсаған бірлік ақшасы 1сағ=60 минутта; 60*7=420теңге
Заңғар одан екі есе көп: 420*2=840 теңге; 840:20=42минут басқа операторлармен, ал желі ішінде 60-42=18 минут сөйлескен.
Жауабы: Е)18минут
А) 12мин В) 15мин С)10мин Д) 20мин Е)18мин
5. 5 үздік оқушының 3-не ғана әртүрлі үш жолдама келді. Жолдамаларды неше тәсілмен оларға бөліп беруге болатынын анықтаңыз.
Шешуі: 1, 2, 3, 4, 5 5 үздік оқушы

  1. 123 145 152


124 132 153


125 142 135
134 143 154
12 түрі

Дәл осылай бөліп берудің 4 тәсілі орындалады, сонда 12*5=60


Жауабы: А) 60
А) 60 В) 25 С)16 Д) 10 Е)50
6. Ондық цифрынан бірлік цифры үлкен болатын неше екі таңбалы сан бар екенін анықтаңыз.
Шешуі: 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19=8
23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 =7
34, 35, 36, 37, 38, 39 =6
45, 46, 47, 48, 49 =5
56, 57, 58, 59 =4
67, 68, 69 =3
78, 79 =2
89 =1

1+2+3+4+5+6+7+8=36 Жауабы: Е) 36


А) 90 В) 40 С)45 Д) 35 Е)36
7. Әкесі 31 жаста болғанда, баласы 8 жаста болды. Қазіргі кезде әкесінің жасы баласының жасынан екі есе үлкен болса, баласының жасын табыңыз.
Шешуі: 31+х=2(8+х)
31+х=16+2х
х=15; 8+15=23
Жауабы: С) 23 жаста
А) 26 В) 46 С)23 Д) 39 Е)34
8. Тізбеде көк, сары және қызыл шарлар бар. 9 шарды қоспағанда тізбедегі қалған шардың -і көк шар. Үш шар және қалғанының -і сары шар, ал қалған 5 шар қызыл. Тізбеде барлығы қанша шар бар екендігін табыңыз.
Шешуі: Тізбеде барлығы х шар болсын.

  1. - көк шарлар


  2. -сары шарлар


  3. Қалған 5 шар қызыл. Мынадай теңдеу құрамыз.


Жауабы: Е) 25


А) 26 В) 46 С)23 Д) 39 Е)25
9. Аулада жайылып жүрген тауықтардың саны қозылардың санына тең. Олардың барлығында 54 аяқ бар. Аулада неше тауық жайылып жүргенін анықтаңыз.
Шешуі: тауықтар мен қозылардың саны тең болғандықтан, екеуінде бірдей а деп белгілейміз. Тауықтарда 2 аяқ, қозыларда 4 аяқ бар.
2а+4а=54; 6а=54; а=54:6; а=9 Жауабы: Е)9
А) 10 В) 6 С)14 Д)7 Е)9
10. Әкесінің жасы ұлы мен қызының жастарының қосындысына тең. Ағасы қарындасынан екі есе үлкен және әкесінен 25 жас кіші болса, үшеуінің жастарының қосындысын табыңыз.
Шешуі: ұлы+қызы=әке
Ұлының жасын а деп белгілейік. Сонда есептің шарты бойынша

Ұлы 50 жаста, қызы 25 жаста, әкесі 75 жаста


50+25+75=150 Жауабы: В) 150
А) 75 В) 150 С)50 Д) 100 Е)125
11. Екі санның қатынасы 2:3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 8 санын қосса, онда осы екі санның қатынасы 6:7 қатынасына тең болады. 1-ші және 2-ші санды табыңыз.
Шешуі: Бірінші санды- а, екінші санды-в деп белгілейік.

Жауабы: С) 28; 42


А) 28; 56 В) 14; 42 С)28; 42 Д) 21; 63 Е)42; 21
12. Жанармай құю бекетінде кезекте бірінен кейін бірі ауди, шевролет, ауди, шевролет, ауди тұр. Аудидің ұзындығы 4м, ал шевролеттің ұзындығы 3,5 м. Әрбір 2 көлік арасында 1,5м қашықтық болатын болса, онда кезектің (1-ші машинаның алдынан бастап, соңғы машинаның орнына дейін) ұзындығы неше метр екендігін табыңыз.
Шешуі: Кезекте 5 машина тұр. 1,5*4=6 метр
Ауди 3-у 4*3=12метр, шевролей 2-у 2*3,5=7метр
6+12+7=25метр Жауабы: С)25
А) 28 В) 26 С)25 Д) 20 Е)24
13. Кемеде 2 және 3 орынды орындықтар бар. Кемедегі 25 орындыққа 60 адам отырғанда бос орын қалмады. Кемеде неше үш орынды орындық бар екенін анықтаңыз.

Шешуі: 2 орынды-а, 3 орынды-в орындық бар деп белгілейік, сонда

Жауабы: Д) 10
А) 16 В) 12 С)20 Д) 10 Е)14
14. Ағаш кесуші ағашты үш бөлікке бөлу үшін 150 тг алады. Ағашты 11 бөлікке бөлу үшін төленетін ақшаны табыңыз.
Шешуі: Ағашты 3 бөлікке бөлу үшін екі рет кеседі. 150:2=75тг бір рет кесу үшін 11 бөлікке бөлу үшін 10 рет аралайды, сонда 75*10=750тг
Жауабы: Е)750тг
А) 650тг В) 600тг С)850тг Д) 550тг Е)750тг
15. Бір адам басқа қалаға жолға шығады. Ол күніне 40км жол жүреді. Оған қарама-қарсы келе жатқан адам күніне 30км жол жүріп өтеді. Екі қала арасындағы қашықтық 630 км. Олар неше күннен кейін кездесетінін табыңыз.
Шешуі: Жолаушылар кездескенше t күн жүрді десек. Мынадай теңдеу құрамыз. 40t+30t=630; 70t=630; t=630:70; t=9 күн
Жауабы: А) 9
А) 9 В) 10 С)8 Д) 11 Е)12
16. Қораздың салмағы күркетауықтың салмағынан 5 есе кем, ал күркетауықтың салмағы қораздың салмағынан 8 кг артық. Қораздың салмағын табыңыз.
Шешуі: қораз-х кг, күркетауық-у кг болсын.

Жауабы: В) 2кг


А) 15кг В) 2кг С)3кг Д) 4кг Е)10кг

17. Егер саны у болса, саны у арқылы неге тең болатынын табыңыз.

Шешуі: ; Өйткені=у Жауабы: В) у+3
А) у+1 В) у+3 С) у+2 Д) 3у Е)2у+3
18. Алты лақтың салмағына қарағанда бес қозының салмағы ауыр. Егер бір лақты қозыларға, ал бір қозыны лақтарға қосса, онда олардың салмақтары теңеседі. Егер барлығының салмақтарын қосқанда 152 кг болса, бір лақ пен бір қозының салмақтарының қосындысы қанша болады?
Шешуі: 6 лақ<5 қозы
6л-1л+1қ=5қ-1қ+1л; 152:2=76
5л+1қ=4қ+1л мынадай жүйе құрып, шешімін табамыз.

Теңдеулерді мүшелеп қоссақ: -19қ=-304*(-1)


19қ=304; 1қозы=16кг
4*16+1л=76; 1л=76-64; 1л=12кг;
1қозы=16кг, 1лақ=12кг; 16+12=28кг Жауабы :Е) 28кг
А) 26кг В) 30кг С)25кг Д) 24кг Е)28кг

19. Гүлзардың гүлдердің і раушан гүлі, қалампыр гүлі, қызғалдақ гүлі, қалғаны бәйшешек гүлі. Гүлзардағы гүлдердің дөңгелек диаграммасында бәйшешек гүлдері неше градустық бұрышпен кескінделеді?Шешуі: Дөңгелек 3600-қа тең бұрышпен кескінделеді.


  1. Раушан гүлі: =1500


  2. Қалампыр гүлі: =1200


  3. Қызғалдақ гүлі: =600


3600-(1500+1200+600)=300


Бәйшешек гүлі дөңгелек диаграммада 300-қа тең бұрышпен кескінделеді.
Жауабы: Е) 300
А) 500 В) 1500 С)1200 Д) 600Е)300
20. Велосипедші сағатына 15 км, ал мотоциклші оған қарағанда 3 есе көп жол жүреді. 3 сағат ішінде мотоциклші велосипедшіге қарағанда қанша жол артық жүргенін табыңыз.
Шешуі: Велосипедші 1сағ-15 км, V1=15км/сағ
Мотоциклші одан үш есе көп 1сағ-45км/сағ
  1. 45*3=135км


  2. 15*3=45км 135-45=90км Жауабы: В) 90км/сағ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет