Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар



бет38/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Байланысты:
AMRINA RK EKhT

62. ҚР туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша Батыс Қазақстан кластерлерін қарастыру.
Бүкіл Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан облысының бір бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Ақтау қаласы аталған кластердің орталығы болып табылады, мұнда мынадай туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Бекет ата, Шопан ата және Қараман-Ата жер асты мешіттері мен Омар мен Тұр кесенесі; 
Маңғыстау түбегіндегі қорымдар;
Шерқала тауы.
Қарақия-Қаракөл табиғат қорғау аймағы;
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
«Бөкей Ордасы» ескерткіштер кешені.«Кендірлі» шипажайы. 
Батыс Қазақстан кластері «Каспий Ривьерасы» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге жағажай туризмі, мәдени туризм және турне жатады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін іске асыру аясында өңірлердің бірегей объектілері мен республиканың батыс және шығыс «шекара қақпаларындағы» тиісті жағдайлармен туристердің орналасуы, демалысы мен қажетті сервистік қызметтер алуы үшін қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым құру көзделеді.
63. ҚР туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша клатерлік даму барысындағы дайындалатын туристік өнімдерге сипаттама.
Әрбір туристік кластер бірнеше туристік өнімдерді әзірлеуді ұйымдастыруы қажет, бірақ туристік өнімдерді таңдау және басымдықтар беру әр кластердегі әрбір өнімнің даму әлеуеттеріне байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасында туризмнің басты алты өнімін дамыту қажет:
«MICE-туризм», «Мәдени туризм және турне», «Белсенді және қызық оқиғалы демалыс», «Таулар мен көлдердегі демалыс», «Жағажай туризмі» және «Қысқа мерзімді демалыс».
MICE-туризм - бизнес-уәждерге байланысты ұйымдастырылатын сапарлар, іскерлік кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар, көрмелер, іс-шаралар, жұмыс топтарының отырыстары, семинарлар және іскерлік сапарлар кезіндегі бос уақытты ұйымдастыру секілді түріне жатады: Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай мен Ресей Федерациясы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет