Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар


ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасының мақсаттары



бет35/46
Дата21.02.2023
өлшемі182,99 Kb.
#69747
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
AMRINA RK EKhT

56.ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасының мақсаттары.
2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары:

  • Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру және туристік саланың мемлекет экономикасына үлесінің артуы;

  • Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының едәуір арту әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;

  • туризм индустриясы мен экономиканың сабақтас салаларында жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі:

  • кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың ілеспес салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы республика және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту:

  • «жасыл экономика» қағидаттарын ескере отырып, қазақстандық қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына ықпал ету болып табылады.

Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланың даму шарттарын қамтамасыз ету үшін экономиканың басымдықты секторларының бірі ретінде қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру және қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру қажет.
57.ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасының міндеттері.
2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың басты міндеттері:

  • туристік дестинация ретінде бүкіл әлемге танымал Қазақстан бейнесі;

  • қажетті инновациялық, энергия тиімді инфрақұрылымды;

  • жаңа туристік «тәжірибелердің» жүйесін жасау және халықаралық өнімдер мен жергілікті және шетелдік туристерге арналған бәсекеге қабілетті қызметтер әзірлеу;

  • туризм саласын кәсіби басқару және реттеу жүйесі;

  • Қазақстанға және ел ішінде оңайлатылған жолдарға қолжетімділікті ұсыну болып табылады.

58.ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасының кезеңдері.Даму кезеңдері
Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстанда туризмді дамытудың мынадай кезеңдері ұсынылады:

  • 1-кезең 2013 – 2015 жылдар;

  • 2-кезең 2016 – 2018 жылдар;

  • 3-кезең 2019 – 2020 жылдар.

1-кезең аса маңызды болып табылады, өйткені одан кейінгі кезеңдердің сәттілігі 1-кезең аясында жұмыстардың орындалуға байланысты: қолданыстағыларын бейімдеу және жаңа құқықтық шаралар мен институционалдық тетіктерді құру, оның басым көпшілігі 2013 жылы дайын болуы тиіс.
Аталған кезең сондай-ақ дамудың алғашқы сатысы болып табылады, оның аясында барлық ұлттық (ірі) туристік жобалар дайындалу және олардың құрылысына бастамашылық ету, басқа (кіші) туристік жобаларды әзірлеуге ынталандыру, жалпы инфрақұрылым мен адами ресурстарға инвестициялау, маркетинг, ұлттық туризм бредингі және өзге де ілеспе қызмет түрлері жүйесін айқындау және енгізу, сондай-ақ жылдам нәтижелер алуға бағытталған шараларды қабылдау қажет. 1-кезең аясында 2013 жылдан 2020 жылға дейін кезеңде жалпы инвестициялардың 25,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады.
2-кезең дамудың жалғасы болып табылады. Инвестициялау тұрғысынан алғанда, негізгі құрылыс жұмыстарын, атап айтқанда, ұлттық туристік жобаларды дамыту шеңберінде туристік инфрақұрылымның орналастыру орындары мен объектілерін, оның ішінде тәуекелдік деңгейі төмен және қысқа мерзімде орындау мүмкіндігі бар жобаларды орындау ұсынылады. Аталған кезең уақытында инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру, адами ресурстар әлеуетін нығайту және маркетинг саласындағы әртүрлі жұмыстарды орындау маңызды болып табылады. 2-кезең аясында 2013 жылдан бастап
2020 жылға дейінгі кезеңде жалпы инвестициялардың 45,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады.
3-кезең дамудың қорытынды сатысы болып табылады, мұнда, бүкіл ел бойынша туристік жобаларды дамыту үшін туристік ұсыныстарды әртараптандырумен және 2-кезеңнің аясында орындалатын іс-шараларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына елеулі қолдау көрсетумен жалғастырылатын болады. 3-кезең шеңберінде 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін кезеңде жалпы инвестициялардың 30,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет