Рекреациялықжүйелерді зерттеудегі ғылымдардың өзара әрекеттесуі Рекреациялық география өзге де ғылымдармен, әсіресе географиямен, оның ішінде экономикалық жәнеәлеуметтік географиямен, халық географиясымен, физикалық және медициналық географиямен тығыз байланыста болады (8-сурет).
Экономикалық жәнеәлеуметтік география рекреациялыққызмет көрсетуді территориялық әлеуметтік-экономикалық кешендердің әлемент! тұрғысынан қарастырып, ел шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымына туризмнің тигізетін әсерін біліп-түсінуге қатысады. Экономикалық жәнеәлеуметтік географияның әдістері рекреациялықаудандардың сыйымдылығын анықтау үшін, рекреациялық, қажеттіліктер мен ресурстардың балансын құрастыру үшін қолданылады.
Халық географиясы рекреациялыққызмет көрсетудің орналастыру жүйесіне тигізетін әсерне талдау жасап, курортты қалалар мен ірі курорттық агломерациялардың қалыптасуы мен дамуын қарастырады. Халық географиясының әдістерін рекреациялыққажеттіліктер мен туристік ағымдардың географиясына болжам жасау үшін және рекреациялық, жүйелерді қызметкерлермен қамтамасыз ету үшін қолданады.
I - жалпырекреациялықгеография(теориялықнегіздеріменәдістердщқалыптасуаясы).
II-аумақтықрекреациялықгеография.
III- ТРЖ-нінфункционалдықмодельдерінзерттеудегісалалықгеографиялықғылымдардыңөзараәрекетгесуаясы.
1 - экономикалықгеография,
2 - әлеуметгік география,
3 – физикалықгеография,
4-инженерлік география,
5 - медициналықгеография,
6 - баскару географияеы жәнеаумақтық АБЖ.
А - қоғамдық ғылымдар, В - әлеуметтік гыльшдар, С – жаратылыс ғылымдары, D - инженерлік-техникалық ғылымдар, Е - медициналықғылымдар, F - баскару ғылымдары (кибернетика, әргономика)
8-сурет. Рекреациялықжүйелерді зерттеудегі ғылымдардың өзара әрекеттесуі (И.И. Пирожник, 1985)
Физикалық география табиғи кешендердің қүрылымы, тұрақтылығы және өзгеріп тұруы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар физикалық география ландшафтарды технологиялық, физиологиялық және эстетикалық жағынан бағалап, табиғи кешендердің рекреациялық салмаққа деген шыдамдылығы мен сыйымдылығын анықтап тұрады. Физикалық география әдістері ландшафттарға тиетін рекреациялық салмақтың нормаларын анықтау үшін, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру үшін және ландшафттарды рекреациялық құлдыраудан сақтау үшін қолданылады.
Медициналық география адам агзасына табиғи жағдайдың тигізетін әсерн, жаңадан игерілген рекреациялық аудандарда организмнің бейімделуін зерттеп түсіндіреді. Сонымен қатар медициналық география санаторлық-курорттық ем алуға деген адамдардың қажеттілігін, рекреациялық ортаның психофизиологиялық комфорттылығын анықтайды. Медициналық географияның әдістері рекреациялық қызмет көрсетудің әсерлігін анықтау үшін жәнеәртүрлі ауруларды алдың алу үшін (профилактикалық шараларды уліымдастыру) колданылады.
Рекреациялық география географиялық емес ғылымдарының әдістері мен мәліметтерін қолданады. Осы ғылымдар шенберінде рекреациялық жүйелер мен белсенді демалысты ұйымдастыру мәселелерін зерттейтін пәндер қалыптасуда. Қоғам ғылымдарында осындай пәнге туризм экономикасы жатады; медициналық ғылымдар жүйесінде ТРЖ емдік түрлерінұйымдастырғанда қолданылатын курортология мен физиотерапия багыттары қалыптасуда; инженерлік-техникалық ғылымдар тобында рекреациялық сәулет өнері, ал әлеуметтік ғылымдар жүйесінде рекреациялық әлеуметтану қалыптасып келеді.
Жоғарыда айтылған пәндер рекреациялық аудандарды аумақтық бірлік, яғни объекті ретінде қарастырмайды. Сондықтан жалпы рекреациялық географиямен қатар аймақтық рекреациялық географияны дамыту қажет.
Аймақтық рекреациялық география рекреациялықгеографияның бір бөлігі болып, бір жагынан оның теориясы мен әдістеріне сүйенеді, ал екінші жағынан рекреациялықаудандардың қалыптасуының заңдылығын анықтау үшін салалық географиялық ғылымдардың акпараттарын пайдаланады.
Аймақтық рекреациялық география әрбір рекреациялық аудан дардың заңдылыгын және табиғат пен экономика жағдайына сәйкес олардың кдлыптасуын анықтайды. Аймақтық рекреациялықгеографияның негізгі міндеттері - аудандастыру, аумақтың рекреациялық мақсатын анықтау, халық шаруашылық саласының дамуын үйлестіру, қоршаған ортаны қорғау және рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану
Рекреациялық география бірнеше маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Ең алдымен рекреациялық географияның басты міндеті - аумақтың рекреациялық функциялары мен туризм аясындағы географиялық тұрғыдан еңбек бөлісінің өзгерістері тенденцияларын анықтау мақсатында, халық шаруашылық салаларының дамуын үйлестіру үшін, рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану мен коршаған ортаны қорғау мақсатында аудандастыру болып табылады. Осыған орай аймақтық рекреациялық география аудандық жоспарлаумен тығыз байланысты.
«Аудан аумағының оңтайлы ұйымдастырылуының географиялық, экономикалық, сәулеттік-қала құрылыстық және инженерлікфакторлардың жүйелі анализі негізіндегі теориясы мен тәжірибесі»(Е.Н. Перцик, 1976) ретіндегі аудандық жоспарлау рекреациялықауданның жалпы құрылымының қалақұрылыстық интерпретациясь:болып қарастырылуы мүмкін. Олай болса аудандық жоспарлау әртүрлдеңгейдегі ТРЖ-ны нақты бір жерге «байланыстырылуына» ерекше назар аударса, аймақтық рекреациялық география рекреациялышаруашылығының аумақтық құрылымы түжырымдамасын жасауғa ТРЖ-нің басқа да теңдес функционалды жүйелерімен өзара байланьстарынакөңіл бөледі.
Аудандық жоспарлау жұмыстары басталмай мынадай сұрақтард
алдыңала шешу керек:
1) туристік сұраныстың аймақтық ерекшеліктерін халықть әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына байланысты зер теу және туристік кәсіпорындар құрылымы мен рекреациялі инфрақұрылым бойынша аймақтық нормативтерді тағайындау;
2) рекреациялық ресурстар түрлері мен олардың аумақта: жиынтықтарын кешенді түрде зерттеу, оларды игерудің негі бағыттары мен тенденцияларын анықтау;
3) құрамына а) рекреациялық сұраныс пен ресурстарына сәйкес ТРЖ-нің өндірістік-технологиялық құрылымы; б) ТРЖ-нің засқа функционалды жүйелерімен байланыстарының жүйесі; з) туристік сұраныстың, ресурстар сипатының және туризм мен цемалыс аясындағы еңбек бөлісінің ерекшеліктеріне байланысты рекреациялық аудандастыру негізінде құрылған иерархиялық басқару жүйесі кіретін күрделі динамикалық жүйе ретіндегі рекреациялық ауданның оңтайлы аумақтық құрылымын анықтау.
Рекреациялық география алдыңда бірқатар өте маңызды мәселелерді шешу міндеті тұр. Ең алдымен, бұлрекреациялыққаже-тіліктерді дамыту, қазіргі және болашақтағы ТРЖ тиімділігін арттырумәселелері.
Осыған орай, рекреациялық география рекреациялықіс-әрекетінің тиімді аумақтық орналастырылуының Бас сұлбасын әзірлеу жұмысында белсене қатысуы өте маңызды. Осы мақсатта рекреациялық географияның үлесі мынадай болуы керек: жаңа ТРЖ ұйымдастыру үшін жаңа орындарды таңдау мен олардың жалпы мемлекеттік жүйесін құрастыру мақсатында рекреациялыққажеттіліктерінің географиялық өзгешеліктерін анықтау (оның ішінде әртүрлі функционалдық типтерге жататын ТРЖ-да рекреация сұранысын), рекреациялықағымдарды реттеу, табиғи жәнемәдени-тарихи кешендерге, әлеуметтік-экономикалық жағдайға баға беру, рекреациялықаумақтардың сыйымдылығын анықтау және т. б.
Рекреациялықгеографияның міндеттері арасында әралуан түр мен деңгейлерге жататын ТРЖ-ны олардың мамандандырылуы мен шоғырлану деңгейін дәлелдеу, олардың ішкі құрылымдық бөліктері арасындағы өзара байланыстары мен тәуелділіктерді анықтау мақсатында зерттеу ерекше орын алады.
Рекреациялық география әдістерін жетілдіру мен теориясын одан әрі дамыту жүйелі түрде қолға алынбаса практикалық мәселелерде дұрыс шешім кабылдау мүмкін болмайды. Теориялық міндеттерді дамыту екі бағытта іске асырылуда. Біріншісі, халық шаруашылығының арнайы саласы ретінде рекреациялыққызмет көрсетуді аумақтық ұйымдастыруының заңдылығын анықтау.Екінші бағыт - рекреациялықаудандастыруды терең зерттеу, әсіресе аудан қалыптасуының жағдайы мен факторларын анықтау, рекреациялық, аудандар сипаттамасының бағдарламасын жасау, олардың үқсастығын табу
Рекреациялық география әдістерін жетілдіру мақсатында статистикалық талдауды, математикалық және картографиялық модельдеуді одан әрі кеңейте отырып, географиялық және басқа да ғылымдардың әдістеріне сүйеніп,рекреациялықзаңдылықтарды белгіленген нормаға, стандартқа келтіру үшін арнайы әдістерді табу қажет. Сонымен қатар рекреациялық географияның маңыздыі міндеттерінің бірі - халыққа рекреациялық іс-әрекет түрлері туралы, еліміздегі және шетелдік ТРЖ жөнінде толық ақпарат беріптұру. Басқаша айтсақ, потенциалды рекреациялық мигранттардың танымдық сұраныстары қанағаттандырылуы қажет. Ол үшін университеттердің география факультеттерінде арнайы рекреациялықгеография курстарын ұйымдастыруға болады, сонымен қатар, рекреациялық география мәселелері мектеп пен ЖОО оқулықтары мен оқулық құралдарында, ғылыми-көпшілік әдебиетте, анықтамалар мен өлкетанулық баспаларда қарастырылуы қажет.