Қайталаусұрақтары 1. В.М. Кривошев пен И.В. Зориннің байланыстар матрщасы деген не және ТРЖ әлементтері арасындағы өзара байланыстарын қалай суреттейді? 2. ДТ-ның ТРЖ басқашағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын реттеп беріңіз. 3. ТК-нің ТРЖ басқашағын жуйелерімен болатын өзара байланыстарын сурет-men беріңіз. 4.ТҚ-ның ТРЖ басқашағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын q реттеп беріңіз. 5. ҚК-нің ТРЖ басқашағынжүйелерімен болатын өзара байланыстарын q реттеп беріңіз. 6. БО-ның ТРЖ басқашағынжүйелермен болатын озара байланыстарын реттеп беріңіз. 2 -тарay ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ § 1 Рекреациялық география және туризм географиясы туралы түсініктердің арақатынасы Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Өте жиі бұлатаулар, кейбір авторлардың пікірінше теңдес болмаса да, тең мағынада колданыла берген. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.
Осыдан кейінгі жылдары көптеген ғалымдар туризм географиясы, рекреациялық география мен демалыс география пәндерінің бір мағынада болуына қарсы келді. Осы пәндерді бір-бірінен бөліп түсіндірген ғалымдар П. Жорж (Франция), B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин (КСРО), И. Матцнеттер (ГФР), Б. Барбье (Франция), Ф. Хеллайнер (Канада) және т. б. болды.
Бұрынғы Кеңес Одағында «рекреациялық география» мен «туризм географиясы» ұғымдары әртүрлі ғылым пәні ретінде қабылданды. Ең алдымен рекреациялық география (B.C. Преображенскийдің те-ориясы бойынша, 1975) пайда болды. Туризм географиясы болса Кеңес Одағының ыдырауына шейін дұрыс дамымаған. Бұл екеуінің арақатьшасы мынадай: рекреациялық география - бұлмәні жағынан емалыс пен туризм географиясы. География ғылымдарының шінде де бұлардың алатын орны туралы пікірлер әр түрлі болған. Кейбіреулері оларды пәнаралық ғылымдарға жатқызса,басқаларыоларды қоғамдық география ғылымдарының шеңберінде кіргізді. Бұл мәселені шешу үшін талдау жасауымыз қажет. Біріншіден, ғылымдардың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырайық.
Көп ғалымдар ол екеуін бір мағыналы емес десе де, бір-бірімен тығыз байланысып түратын екі түрлі ғылыми пән деп айтады. Олар бұл екі ғылымды қоғамдықгеография (әлеуметтік-экономикалық) пәнінің саласына жатқызады.Олардың айтуынша, аталмыш ғылымдархалық шаруашылығының екі саласын - рекреациялық сала мен туризм жүйесін зерттеп түсіндіреді. Өйткені, бұл екі сала өндірістік заттар шығармайтын сфераға жатады. Олардың негізгі өнімі-рекреациялық және туристік қызметтер. Олар халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып, елге әлеуметтік және экономикалық табыс әкеледі. Осыған орай, бұл ғылымдардың объектісі мен пәндерін қоғамдық географияның зерттеу объектісі мен пәнінен бастаған жөн. Э.Б. Алаевтың айтуынша (1983), «қоғамдық географияның объектісі ретінде қарастырылатын «ойку-мена» -қоныстанған, игерілген, немесе, басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің орбитасына кіретін жердің географиялық қабығының бір бөлігі» [11]. Ойкумена деген ұғым қоғамды ғана емес, қоршаган ортаны да қамтиды. Қоғамдық географияның объектісі ретінде ол қоғамдық өмір мен онын айналасындағы барлық экономикалық (өндірістік), әлеуметтік, саяси, демографиялық, рекреациялық және басқа да сфераларын қамтиды. Осы аялардың барлығы дербес түрде де, біріккен түрде де іске асы-рылады. Яғни осы аяларды бөліп көрсету бір жағынан дерексіздену әрекеті, себебі олар тек бірлесіп гармониялық түрде жүзеге асырылады. Ойкуменаның әрбір сферасы кеңістікте күрделі түрде ұйым дастырылған. Мысалы, экономикалық сферасы кеңістікте әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық аудандар түрінде, демографиялық сферасы - халық орналасуының аумақтық жүйесі ретінде, әлеуметтік сферасы - халықтың территориялық орта түрінде, саяси сферасы - мемлекеттер түрінде және т.с.с ұйымдастырылған. Осындай кеңістік сфералардың әрқайсысында өзіне сай қоршаған ортасы бар және онымен олар үнемі байланыста болып тұрады.
Қоғамның кеңістіктегі ұйымдастырылуының саяси, медициналық, әскери және басқа да аспектілерінің зерттеулері географиянын саяси, медициналық, әскери және баска да салаларының қалыптасуына ықпал етті.
Территориялық қоғамдық жүйе (ТҚЖ) қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның пәні болады (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990). Территориялық қоғамдық жүйе дегеніміз - ойкуменаның кеңістік-уақыттық бөлігі, онда қоғамның өмір сфералары үнемі өзара байланыста болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Зерттеу пәні мен объектісін түсініп, қоғамдық географияға мынадай анықтама бе-руге болады: «Экономикалық жәнеәлеуметтік география біртұтас интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде табиғи ортаның нақты бір жағдайында қоғамның кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді» (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990) [12].
Қоғамдық географияның еншілес ғылымдары ойкуменаның бел-гілі бір сферасының кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді. Олар-дың өз зерттеу объектісі мен пәні болады. Сондықтан рекреациялық география да, туризм географиясы да қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның салалық пәндері болып саналады.
XXғасырдың 70-ші жылдарының соңында және 80-ші жылдары ның басында «демалыс», «рекреация», «туризм», «экскурсия» деген түсініктер қабылданды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981): «демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті»; «рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда сауықтыру,спорттық,танымдық жәнемәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған адамның бос уақытында іске асатын қатынастар мен құблыстар жиынтығы»; туризм - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша, «туризм дегеніміз - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхат-тау кезінде пайда болатын қатынастар мен құблыстар жиынтығы. Әрине, егер де бүндай саяхаттар ұзақ уақыт қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе». Сонымен, туризм деген түсінік - ол тұрақты жерінен тыс жердегі 24 сағат немесе одан артық уақытта болатын рекреацияның барлық түрі. «Экскурсия - бұл танымдық, ғылыми, спорттық немесе көңіл көтеру мақсаттарын көздейтін, түнеуге тоқтамай 24 сағаттан аспайтын саяхат немесе серуен жасау». Осындай анықтамалар жалпы халықаралық ұғымдарга сәйкес. Енді осы ұғымдарды зерттейтін тиесілі географиялық пәндердің анықтамаларын да атау қиын емес сияқты.
Дегенмен бұлмәселеәлі де толық шешілмеген. Мұның себебіаталған ұғымдардың бір-біріне деген қатынасында. Осы ұғымдардың ішіндегі ең бастысы - өзіне басқалардың барлығын қамтитын демалыс ұғымы.
Осындай болса, рекреанттар, туристер мен экскурсанттар дегеніміздің барлығы демалушылар болып табылады. Ал рекреацияға туризм мен экскурсия да кіреді, яғни туристер де, экскурсанттар да рекреанттар екені түсінікті. Экскурсант болса, ол турист болмауы да мүмкін, мұндай жағдайда ол тек қана рекреант.
Сөйтіп, демалыс географиясының құрамына рекреациялық география да, туризм географиясы да кіру керек. Ал бұрынгы КСРО-да шын мәнінде рекреациялық географияны туризм географиясы мен демалыс географиясының «қосындысы» деп түсінген. Шынында да, рекреацияның жогарыда келтірілген анықтамасына ұстансақ,егер демалыс «мамандандырылған» аумақтарда іске асырылса, ондарекреациялық географияны өзіне туризм географиясы мен демалыс географиясы кіретін пән ретінде қарастыру керек.
Туризмнің зерттеулері өткізілген бірталай елдерде, оның ішінде Кеңес Одағында рекреациялық география мен туризм географиясы ұғымдарының түсіндірілуінде осындай екіталайлық кездеседі. Мысалы, туризм географиясы атауы кездесетін жұмыстарда (Е.А. Котля-ров, 1978; И.И. Пирожник, 1985) бұлұғым шын мәнінде рекреациялық географияға жатады [13, 14].
1971 жылы кеңес одағы әдебиетіне B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин енгізген рекреациялық география ұғымы біраз эволюциялық өзгерістерге үшырап, 1975 жылы оның соңғы нұсқасы қабылданды. Сол нұсқа бойынша рекреациялық география географиялық пәндерге жатады. Территориялық рекреациялықжүйелердің пайда болуы,орналасу заңдылығын зерттеу, сонымен қатар тұрақты жерден тыс жердегі қоғамның бос уақытында іс-әрекетінін ұйымдастырылуы рекреациялық географияның зерттеу пәні болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, рекреациялық география табиғи орта мен демалыс арасындағы өзара байланыстарын анықтап, ТРЖ-нің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстарды жүргізіп тұрады.
Туризм географиясы экономикалық пәндерге жатады. Оның зерттеу пәніне:
- шаруашылық кешенінің қалыптасуында туризм мен туристік әрекеттің рөлі;
- туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық әрекеттердің аумақтық түрлері кіреді.
Әлемдегі туризм зерттеулерінде туристік ресурстар мен туристік қозғалыстың шоғырлануы арасындағытәуелділікке ерекше назар аударылады. Осындай тәуелділік нәтижесінде кеңістікте біршама өзгерістер пайда болады, ал осындай өзгерістер географиялық зерттеулерде орын табуы қажет. Туристік кеңістіктер «бет-әлпеті» мен олардың жіктелуін зерттеуде де географияның рөлі жоғары.
«Рекреациялық іс-әрекет» пен «туристік іс-әрекет» анықтамалары қос мағыналы. Бір жағынан, бұл анықтамалар адам мен халық топтарының іс-әрекеттерін түсіндіріп тұрса, олармен рекреациялық шаралар, шаралар циклдері ұғымдары байланысты. Ал екіншіден, бұлұғымдар қоғамның халықтың демалыс
Қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған іс-әрекеттерін (бұл дема-іс ұйымдастырушылардың іс-әрекеті деп аталады) қамтиды. Негізгі категория ретінде «іс-әрекет» категориясын қолдансақ, рекреациялық (туристік) іс-әрекет іліміне кеңістік пен уақыт қос рымдарын енгізуіміз қажет. Біріншіден, қандай да іс-әрекет болмасын, кеңістік пен уақытта іске асырылады, екіншіден, осындай іс-әрекетте уақыт пен кеңістіктің ерекше түрлері қалыптасады -әлеуметтік уақыт бөлігі болып табылатын рекреациялық уақыт және рекреациялық кеңістік - әлеуметтік кеңістіктің бір бөлігі. Әрине, уақыт пен кеңістікті бөліп көрсету - бұлзерттеу тәсілі, шын мағынадағы рекреациялық (туристік) іс-әрекет біртұтас «кеңістік-уақытта» өтеді. Өкініпже орай, әзірше рекреациялық «кеңістік-уақыттың» зерттеу стратегиясы анық емес. Сондықтан аталған пәндердің нысанасы жөнінде айтсақ,біз тек рекреациялық кеңістік немесе ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі туралы айтамыз.
Рекреациялық кеңістік - рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруымен байланысатын әлеуметтік жәнемәдени кеңістіктің бөлігі. Және де әлеуметтік кеңістік, яғни адамдар іс-әрекетінің кеңістігі рекреациялық кеңістік ретінде қарастырылуы мүмкін (мысалы, өндірістік кәсіпорындарының өзі де қысқа мерзімді демалыс немесе туризм орындары болуы мүмкін). Ал айда рекреация кеңістіктің басты функцияларының бірі болатын, оны ұйымдастыратын кеңістік алқаптары болып бөлінуі мүмкін. Рекреациялық кеңістік жеке жәнеәлеуметтік кеңістікті кеңейтеді, ел аймақтары мен әлемнің мәдениқұндылықтарын қамтиды, мәденитүйісудің ерекше кеңістігі болып табылады.
Туристік кеңістік рекреациялық кеңістікпен ұласады, себебі, біріншіден, туризм - рекреацияның бір бөлігі, екіншіден, туристік әрекет рекреациялық іс-әрекет сияқты белгілі бір кеңістік пен уақытта іске асады.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу объектісіне ойкуменаньш рекреациялық шағын жүйесі жатады.Ал екеуінің зерттеу пәндері «рекреация» мен «туризм» анықтамалары тең болмағандықтан әр түрлі болып келеді. Рекреациялық географияның пәніне халықтың рекреациялық әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуы, ал туризм географиясының пәніне туристік әрекетінің аумақтықұйымдастырылуы жатады. Ал осы пәндердің әрқайсысы өз саласынын іс-әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуын ТРЖ арқылы зерттейді [2].
Заңды түрде мынадай сұрақ туады, олай болса «демалыс» және«экскурсия» дегеніміз не? Біздің көзқарасымызша, бұл екі түсінік рекреациялық іс-әрекеттің бір бөлігі болып, рекреациялықгеографияның зерттеу шеңберіне кіреді. Ал туризм географиясына тек адам іс-әрекетінің бір түрі ретіндегі туризм кіреді. Адамның қандай да болсын іс-әрекеті кеңістік пен уақытта іске асырылады, бірак туристік іс-әрекетерекше географиялық сипатына ие. Тіпті туристік іс-әрекет кеңістік пен уақыттың ерекше түрлерін - туристік кеңістік пен туристік уақытты қалыптастырады деп айтсақ қате болмас.
Туризм де рекреацияның бір бөлігі болса да, өзінің бұқаралық сипатына байланысты рекреациялық іс-әрекеттен бөлек ерекшеленеді.
Сайып келгенде, рекреациялық географияның нысанасы - бұл демалыс пен экскурсия, ал туризм географиясы - бұл тек қана туристік қозғалыс географиясы.
Сонымен, «рекреация» деген түсінік «туризм» деген түсініктен қаншалықты кең болса, рекреациялық география да өзінің зерттеу кеңділігінен туризм географиясынан соншалықты асып түседі.