ә) әуесқой (өз жоспары бойынша); б) ұйымдастырылмаған («жабайы») болып бөлінеді. Турист өз қажеттіліктерін өз еркімен қанағаттандыра алады. Олар туристік фирма қызметін пайдалануы немесе пайдаланбауы да мүмкін; толық қызмет көрсетілетін саяхат бағасын алдың ала төлеуі мүмкін немесе демалыс орнына келгеннен кейін әрбір қызмет үшін бөлек төлесе де өз еркі. Туристік фирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдың ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.
Оның ұйымдастырылмаған туризмінен айырмашылығы - әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің ұйымдастырылмаған туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланыста жұмыс істейді: туристік ұйымдар саяхат өткізу жөнінде кеңес беруі мүмкін, туристік құрал-жабдықтарды жалға беруі, кейде туристерді маршрут басталатын жеріне жеткізуі мүмкін және т.е.с.Сонымен қатар, әуесқой туристер туристік ұйымдарға маршруты, өткізу мерзімі жөнінде мәлімет береді, сондықтан бұл ұйымдар маршрут өткізілуін бақылай алады, ал қажет болса, көмек көрсетуі де мүмкін.
Жабайы туристер туристік фирмалармен, туристік ұйымдармен байланыс жасамай-ақ, тек қана өздерінің таңдауымен дербес түрде саяхат жасайды. Ұйымдастырылмаған туризмнің мысалы - автостоп әдісімен саяхат жасау. Ұйымдастырылмаған туризм Батые елдерінде кең тараған - туристік сапарлардың үштен екісі осындай түрде өтеді. Тұрактар мен түнеу орындарының ұйымдастырылған жүйесі болмаған жағдайда ұйымдастырылмаған демалыс орындары пайда болады. Осындай орындар саны жылдан жылға өседі, нәтижесінде олар тез «тозады» да, нәтижесінде демалыс пен туризм ресурстары азаяды. Осындай демалыс орындарының көбеюі мен тозуы туристерді тартатын сүйікті аудандарымен бірге осындай елдің бүкіл аумағында байқалады.
Туризм жеке жәнетоптық туризм болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке-дара туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкесұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи турлар, шаңғы жорықтары және т. б. болуы мүмкін. Аудандық жоспарлау үшін аудан бірлігіне келетін рекре-анттар санымен анықталатын әлеуметтік контакттар тығыздығы маңызды. Мүмкіндігінше жалғыздықты іздеуді центрден тепкіш, ал контакттардың максималды санына ұмтылуды центрге тартқыш деп атауға болады. Әрине демалысты ұйымдастырудың центрден тепкіш формалары центрге тартқыш формаларына үдсамайтын болады. Біріншісінде қызмет көрсету сферасы шашыраңқы, көлік торының тығыздығы темен болады, рекреациялық ресурстар экстенсивті түрде пайдаланатын болады. Демалыстың центрге тартқыш формаларының микроортасы демалыстың урбанданған формаларына жақын. Курорттарды зоналарға бөлген кезде контакттары минималды тыныш зоналары мен контакттары максималды зоналарды қалыптастыру қажет.
Қимыл белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризм, біріншіден, тұратын жерінен демалыс орнына келу, екіншіден, демалыс орындарының өзінде туристер қимылы жоғары болғандықтан бұл, әрине, шартты түріндегі бөліну. Стационарлық туризм деп айтсақ, бұл саяхат белгілі бір курортта болу үшін жасалды деген сөз. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм дегеніміз үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып түратын туризм түрі. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм тенденциясы күшейетін сияқты.
Рекреациялық іс-әрекетінің қимыл деңгейінің өзгеруі нәтижесінде туризмнің материалдық-техникалық базасы да өзгерістерге үшырауда. Қимыл сипатының өсуі, әсіресе автотуристер санының көбеюі туризмнің аумақтық ұйымдастырылуының сызықтық-тораптық қағидасын күшейтеді. Туризмнің материалдық-техникалық базасы бірте-бірте жолдарға қарай тартылады. Жеке меншіктегі көлік құралдарының көбеюіне байланысты туристердің бірнеше жерде болу уақыты үзарып, есесіне бір жерде болу уақыты азаяды. Туристік щаруашылықтың кеңістіктегі кеңеюі және аумақтық еңбек бөлісінің тереңдеуі байқалады.
Қозғалыс деңгейі туризмді зерттеу әдістемесіне, оның ішінде рекреациялық ресурстарға баға бергенде әсеретеді. Мысалы, автомобиль жолының айналасындағы пейзаждардың әртүрлілігін бағалау оларды жаяу немесе стационарлық туризм үшін бағалауынан басқаша болады: жаяу туризм үшін автотуризмге қарағанда көріністер жиірек ауысып түрғаны жөн.