Туризм географиясы



бет18/66
Дата21.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#85279
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
Байланысты:
Туризм географиясы

Қайталау сұрақтары
1. Туризм географиясының әдістемелік ерекшелігі қандай?
2. Туризм географиясының зерттеу пәнінің статикалықжәне динамикалықәлементтері қандай?
3. Табиғи цасиетптеріне баға берудің әдістемелік циындыгы неде?
4. Аумацтыңтуризм мен рекреация үшін жарамдылыгын аныңтау үшін қандайкарталарды пайдалану қажет?
5. Аумақтың рекреациялық кеңділігін (сыйымдылыгын) анықтау мәселесіне сипаттама беріңіз.
6. Туристік-географиялықзерттеулердегі статистиканың мацызы қандай?
7. Туристік-географиялық зерттеулердегі корреляциялық талдаудың рөлі қандай?
8. Туризм географиясындағы болжамдар жөнінде айтып беріңіз.
§ 7 Туризм географиясының географиялық және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны
Ұзақ уақыт бойы туризм географиясының географиялық ғылымдары жүйесіндегі орны анықталмай жүрген. Оны біресе көлік географиясына, саяси географиясына, мәдениет географиясына, біресе шаруашылық географиясына жатқызган. Алайда, мүлшң бәрі соғысқа дейін болған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін осы жөніндегі сөз таласы көптеген елдерде жалғаса берген. Өзгелерден бұрын, 1950 жылдары туризм географиясы АҚШ пен Канадада экономикалық географиянын дербес пәні ретінде мойындалды. Кейбір елдерде 60-шы жылдардың соңына дейін туризм географиясын қызмет көрсету аясының геогра­фиясына жатқыза берген.
Поляк географы Е.Костровицкий 1973жылы географиялық ғылымдардың бөліну схемасын және олардың басқа салалары арасындағы орнын ұсынды. Осы сұлба бойынша туризм географиясы ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, көлік, қызмет көрсету аясы, халық, қалалар географиясымен бірге экономикалық жәнеәлеуметтік географияның дамып келе жатқан тармағын құрады.
B.C. Преображенский туризм географиясын басқа кезкелген салалық әлеуметтік-экономикалық-географиялық пәні сияқты, экономикалық жәнеәлеуметтік географиянын саласы деп түсіндіреді. Сірэ, бұл ең дұрыс анықтама болар.
Туризм географиясы бойынша әлемдегі түңғыш оқулыгының авторлары поляк географтары Я.Варшиньска мен А. Яцковский ту­ризм географиясының міндеттері мен зерттеу нысандары оны жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарының қиылысында орналасқан пәнаралық және синтетикалық ғылым, дербес географиялық пән қылып отырғанын айтады.
Туризм географиясы басқа ғылымдармен, әсіресе географиялық ғылымдармен, ең алдымен экономикалық жәнеәлеуметтік географияның басқа пәндерімен (халық географиясы, қалалар географиясы немесе геоурбанистика,қызмет көрсету сферасының географиясы,көлік географиясы, өнеркәсіпгеографиясы, ауыл шаруашылық гео­графиясы, мәдениет географиясы және т.б.), физикалық географиямен (геоморфология, ландшафттану, құрлық гидрологиясы, климато логия, биогеография, зоогеография және т. б.), медициналық географиямен байланысты ғылым (11-сурет) болып табылады.
ГТ - туризм географиясы
РГ - рекреациялық география

ҚҒ – қоғамдық
ғылымдар:

ЭГ - экономикалық география

СГ - саяси
география

ҚТ - құқықтану

ӘҒ - әлеуметтік ғылымдар:

ӘГ - әлеуметтік география

ӘП - әлеуметгік психология

ЭТ -этнография

ЖҒ - жаратылыс ғылымдары:

ФГ -физикалық География

ЛТ - ландшафтану

БГ -биогеография

МҒ - медициналық ғылымдар:

АФ - адамның
физиологиясы

МГ - медициналық география

ӨП - өлкелік патология

ИТҒ - инженерлік-техникалық
ғьшымдар:

ИГ - инженерлік
география

АЖ - аудандық
жоспарлау

КГ -- картография

БҒ - басқару
ғылымдары:

КБ - кибернетика
ӘР - әргономика

БГ - басқару географиясы
және территориялық АБЖ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет