Туризм географиясы



бет8/66
Дата21.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#85279
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
Туризм географиясы

Қайталау сұрақтары
1.«Рекреациялық. іс-әрекет» деген не? Оның құрылымдықжәне функционалдың ерекшеліктері қандай?
2.Рекреациялық, шаралар» деген не? Олардыңтүрлерін атап шығыңыз.
3 «Рекреациялық, іс-әрекет циклы» деген не? Адам өміріндегі қандайциклдерді білесіз?
4. Рекреациялықіс-әрекет окіктелуінің негізі қандай? Рекреациялықіс-әрекет формаларына сипаттама беріңіз.
5. Рекреациялықаумақтардың үш түріне сипаттама беріңіз.
6. «Ұлттық саябақ» пен «табиғи рекреациялық саябац» арасындағы айырмашылыгы неде? «Орман-саябац» деген не?
§ 5 Рекреациялықсаланың территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторлары
Рекреациялыққызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына жатады. Рекреациялыққызмет көрсету мен рекреациялықіс-әрекетті ұйымдастыру жұмысының объекті - адам және оның демалысөткізетін жерінің жағдайлары болып табылады. Рекреациялықсала қызметкерлерінің еңбегін нәтижелері бойынша халық шаруашылығының кез келген саласымен салыстыруға болады. Бұл іс-әрекеттің тиімді болуы шарты - жақсы ұйымдастырылған, жоспарланған және дұрыс басқарылатын саланың болуы. Дегенмен, О.А. Кибальчич (1973) айтқандай, рекреациялықсаланың «азаматтық құқығы» әзірше шектелген. Біздің елімізде рекреациялық қызмет көрсетудің жеке рекреациялықсалаға айналуына барлық мүмкіндіктер бар. Рекреациялық сала дегеніміз не? Әрбір салада бірнеше кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар бірігіп, белгілі бір функция атқарады, яғни салада шаруашылық бірліктер топтасады. Рекреациялық салаға келетін болсақ, рекреациялықсаланың құрылымын анықтау өте қиын. Не себептен? 1-ші қиындығы: туризмнің мультипликаторлық эффектісі, яғни көп қосымша салалар рекреанттарға қызмет көрсетуге кіріседі; 2-ші қиындығы: рекреанттар санын дәл анықтау өте қиын, яғни статистикалық есептің жоқтығы. Осы себептен рекреациялықсаланың шекарасы накты болмайды. I Сондықтан рекреациялық саланы жоспарлау, оньщ экономикалық рөлін, мысалы, одан түсетін табысын анықтау, саладағы қызметпен қамтылуды есептеу де қиынға туседі.
Халықшаруашылық саласын бөліп көрсету үшін ең алдымен еңбектің қоғамдық бөлісіндегі ондағы тек өзіне тән еңбек түрін анықтап бөлу қажет. Рекреанттар өндірістің материалдық та, материалдық емес те аяларында өндірілген тұтгну заттарын пайдала-
нады. Атап айтсақ, бұлар - көлік құралдары мен орналастыру орындары, тамақтандыру жүйесінде өндірілген өнім, туристік жабдықтану заттары, тұрмыс қызметтері және т. б.
Материалдық және материалдық емес игілікті пайдалану белгісі бойынша рекреантқа қызмет көрсететін барлық мекемелерді рекреациялықсалаға жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл жиынтықты «туризм индустриясы» деп атайды. Бірақ, «рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын ажырата білген жөн. Рекреациялық салада негізгі технологиялық үрдістер іске асады, ал туризм индустриясында сонымен қатар, рекреантқа қызмет көрсетуді ұйымдастырғанда шаруашылық байланыстар да пайда болады. Егер рекреациялық сала мен «туризм индустриясы» арасындағыерекшеліктерді аңғармай, саланы қалыптастыру критерийі ретшде тек тұтынуды қарастырсақ, бұл сала, өндірістері шаруашылықтың әртүрлі салаларында «шашылып» жаткан алапес бір салаға айналып кетеді. Қазіргі кезде көптеген елдерде рекреациялық сала рекреациялықтұтынудың кешендік сипатына орай «туризм инду­стриясы» түжырымдамасына негізделеді [5].
Рекреациялыққызмет көрсету әлементтерін тек жоспарлау мен реттеу арқылы бір-бірімен үйлестіруге болады. Ең алдымен, рекреациялық саланы халық шаруашылық жоспары мен өндіріс пен таратудың материалдық балансына енгізу қажет. Рекреациялық сала бір жерден басқарылуы керек. Бұрынғы КСРО-да курорттық емдеу мен туризм кәсіподақтар жүйесі аркьілы ұйымдастырылған. Курорттық емдеу, демалыс пен туризм Курорттарды басқару орталық кеңесі мен Туризм және экскурсиялар орталық кеңесі қарамағында болған. Кәсіподақтар қоғамдық ұйым болған. Жалпы, халықтың санаторлық-курорттық емделуі, демалысы мен туризм ол кезде жақсы ұйымдастырылған және өз міндеттерін орындаған деп айтуға болады. Дегенмен сала дамуының деңгейі көптеген мәселелерді де туғызды. Бір жағынан, саланың өзінде жоспарлау мен реттеу саясаты онша үйлесімді болмаған. Екіншіден, рекреациялық сала мен жанама салалары арасындағы байланыстары жөнді ұйымдастырылмаған.
Аталған себептерден сала дамуында, оның жоспарлануында, басқарылуында неше түрлі қиын мәселелер туындайды, ал олай болса, рекреациялыққызмет көрсету сапасы төмендейді, қаржы дұрысжұмсалмайды, ресурстар тиімді қолданылмайды. Осындай жағдайда жоспарлау, үйлестіру, бақылау функцияларына ие болатын салааралық реттеу органын қалыптастыру қажет. Оның ұсыныстары мен ережелері рекреациялық қызмет көрсетуіне қатысы бар министрліктер мен ведомстволар үшін міндетті болуы қажет.
Рекреациялық шаралардың диверсификациясы (тарамдалуы) рекреациялық саласындағы еңбек бөлісін күшейтеді де аумақтық рекреациялық мамандандырылуына әкеліп соғады: белгілі бір медициналық бағыттағы курорттық емдеу аудандары, теңіз жағалауындағы демалыс, тау шаңғы орталықтары және т. б.
Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастырылуына ең елеулі әсерететін жағдайларды фактор деп, басқа жағдайларды -шарттар деп атайды. Туризмнің дамуы мен оның территориялықұйымдастырылуына көптеген факторлар мен шарттар: әлеуметтік-экономикалық, табиғи-географиялық, демографиялық, ғылыми-техникалық,саясижәнет.б.әсерінтигізеді.Рекреациялыққажеттіліктер рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруының басты фак­торы болып саналады. Ал рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық факторларымен айқындалады.
Сондықтан барлық факторлар туризм мен халық демалысы дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси шектеуші факторларын ескере түра талдануы керек.
Көрсетілген факторларды жүйелей отырып, оларды 2 топқа бөледі. Осылай бөлуді B.C. Преображенский, В.И. Азар, И.В. Зорин, П. Мариот сияқты атакты ғалымдар ұсынды.
1. Туризмдегі қоғамдық қажеттіліктерді туғызатын факторлар. Олар демалыстың түрлі формаларына сұраныс туғызады. Сонымен қатар, олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын анықтайды.
2. Рекреациялық қажеттіліктерді іске асырушы факторлар. Олар жұртты туризмнің түрлі формаларымен айналысуға тартады. Бұлфак­торлар туризмнің табиғи, мәдени-тарихи ресурстарымен, халықтын әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайымен (табыс деңгейі, боя уақыттың болуы) байланысты.
Бұл екі фактор территория жағынан шоғырланған және шоғырланбаған болып бөлінеді.
Шоғырланбаған факторлар - рекреациялық шаруашылыққа халық шаруашылық деңгейінде әсерететін, бүкіл халық шаруашылық кешенінің коғамдық-экономикалық үрдісімен байланысатын туғызушы және іске асырушы факторлар. Туристік-рекреациялық жүйеге талдау жасағанда бұлфакторлар ескеріледі.
Шоғырланған факторлар - туризмдегі еңбектің аумақтық бөлінуін анықтайтын, рекреациялық функцияларды белгілі бір жерге бекітетін, кеңістікте нақты жіктелген туғызушы және іске асырушы факторлар. Мұндай факторларға тау, орман, жылы теңіз бен өзендер, минералды сулар, мәдени ескерткіштер жатады. Себебі, олар туризм индустрия-сы мекемелерінің орналасуын анықтайды.
Рекреациялық қызметтер белгілі бір ауданда өндіріледі және тұтынылады. Ал Н.Н. Баранский айтқандай, өндірілетін орын мен түгынатын орынның арасындағы аумақтық үзілістің болуы туризмде туристің тұрғылықты орны мен демалыс орнының арасындағы үзіліспен айқындалады. Рекреациялық іс-әрекеттегі аумақтардың бірге орналаспауы аудандар арасында оның функцияларының бөлінуінде де орын табады.
Рекреациялықіс-әрекеттің рекреациялық ауданнан «шығарылатын өнімі» - денсаулық пен көңіл, физикалық және рухани дамуы болып табылады.
Қоғамдық өндірістің даму деңгейін, халықтың тұрмыс жағдайын, денсаулығын, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру қажеттілігін туғызушы факторлардың ішінде маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік-экономикалық сипаты бар рекреациялыққажеттіліктер туризм дамуының негізгі факторы болып саналады. Солар арқылы халықтың физикалық және рухани күшін қалпына келтіру қажеттілігі іске асады.
Адамның психикасына кері әсерн тигізетін ғылыми-техникалық революция, урбандану үрдісінің дамуы туризммен айналасуға қажеттіліктерді туғызатын факторлар болып табылады. Урбандалған үлкен қалаларда табиғатта демалу сұранысы өседі. Мұның себебі - урбандану өмір шарттарын өзгертеді, адамдар табиғи ортадан алшақтайды, табиғи үрдістерді өзгертеді, осының барлығы қала тұрғындарының денсаулығына зиянды.
Туғызушы факторларға халықтың орналасуымен байланысты туристік сұраныс аумағының біркелкі еместігі жатады.
Іске асырушы фактор тобына халықтың туристік саяхатқа катысуы жатады. Бұған кіретіндер: туристік-рекреациялық ресурстар, материалдық, мәдени, білім деңгейінің өсуі, көлік, қызмет көрсету сұранысындағы прогресс. Іске асырушы факторлар объектінің экономикалық-географиялық орналасуына байланысты.
Авторлардың көпшілігі іске асырушы фактордың маңызы демалыс пен туризмді шағын көлемді аумақтарда ұйымдастырганда өте жоғары, ал ауқымды территорияларда туғызушы факторлардыңмаңызы одан да жоғары деп есептейді.
Іске асырушы факторлардың аумақтың рекреациялық ұйымдастырылуына жасайтын әсер санаторлық-курорттық және туристік-экскурсиялық қызмет көрсету кәсіпорындары торының аумақтық таралуы мен дамуында орын алады.
Рекреациялық аудандарындағы функциялардың аса шоғырлануы адам денсаулығы мен демалысы үшін зиянды екені түсінікті; Табиғаттың өзгермеген күйі рекреациялық ауданға туристерді тартатын ең маңызды қасиеті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет