Туризм географиясы


§ 5 Территорияның туристік-рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері



бет59/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
§ 5 Территорияның туристік-рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері

Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымдылығы өзекті мәселеге айналып барады. Бұл халық демалысын қамтамасыз етумен және рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз - бұлосы территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын  бұзбайтын  және  демалу  жағдайын  нашарлат-пайтын, рекреанттардың максималды саны. Туристік маршруттың рекреациялық сыйымдылығы - оның қауіпсіздік техникасын бұзбаған жағдайдағы өткізу мүмкіндігі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс-әрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потен-циалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал дегеніміз - демалыс пен туризмді ұйымдастыру үшін табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық құлдылықтардың жиынтығы.

Бағалау аукымына қарай рекреациялық әлеует пен оның әлемент-тері, аумақтың рекреациялық сыйымдылығы ұғымдарының көлемі өзгереді. Бірінші дәрежедегі экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық әлеуетке рекреацияның ресурстық бөлігімен бірге шаруашылық әлеуеті де - негізгі қор мен еңбек ресурстары кіреді. Бұларға қарағанда курорттың немесе ұлттық саябақтың функционалды зонасының әлеуеті әлементтерінің (мысалы, биотоп) саныәлдеқайда төмен.

Экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық по­тенциал  рекреациялық  ағымның  экономикалық  даму   деңгейіне,халық өмірі деңгейіне, демалыс пен туризм саласына еңбек ресурстарын тарту мүмкіншілігіне тәуелді. Рекреанттар ағымының көлемі елдің (ауданның) ауқымына; туристік-рекреациялық ресурстардың көлеміне, тұрақтылығына жәнеәртүрлілігі мен кеңістік пен уақыттағы таралуына, қажетті инфрақұрылым дамуына байланысты.

Кейбір ғалымдар рекреанттар ағымы, олардың елде (ауданда) болатын уақыты жәнетұрақты тұрғындар саны арасындағы өзара тәуелділігіне назар аударады. Мысалы, дамушы елдерде халықаралық туризм белгілі бір шамадан асып кетсе, азық-түлік дефицитын туындырады. Яғни, рекреациялық сыйымдылық елдің азық-түлік қабілетін де ескеруі қажет.

Рекреациялық сыйымдылық инвестиция салу мүмкіндігіне де тәуелді. Дамымаған елдер, туристік-рекреациялық ресурстары көп болса да, туризм мен оның инфрақұрылымына инвестиция жасай алмайды. Керісінше олар өзінің туристік-рекреациялық ресурстарын ая-май қолданып, жалпы рекреациялық потенциалын азайтады. Мысалға, Африка елдерінде аңшылық туризмінің қарқынды дамуы жабайы аңдардың азаюына әкеліп соқты. Кейбір зерттеушілер рекреациялық сыйымдылықты анықтағанда конақжайлылық сақталатындай туристер мен тұрақты тұрғындар арасындағы пропорцияларға назар ауда­рады. Мұндай қатынас 1:3 аспау керек.

Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеген кез­де туристік-рекреациялық пайдаланудың экологиялық аспектісіне назар аударған жөн. Алайда рекреациялық сыйымдылықты тек рекреациялық қажеттіліктер мен табиғаттың оларды қанағаттандыру қабілеті арасындағы қайшылық деп шектеуге болмайды. Оны ескеру керек, бірақ бұл жеткілікті емес. Аумақтың рекреациялық сыйымдылығы мәселесін шешу туралы рекреациялық табиғатты пайдалану жөніндегі тарауда айтылатын болады.

Жылдан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз әсер байкалуда. Бұл жағдайда табиғатқа әсерететін рекреациялық салмақтың мәселесі де көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін және рекреациялықәрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмакты оптималды қылу проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мәні - нормативтер жасау аркылы табиғатқа әсерететің экологиялық салмақты ғылыми түрде дәлелдеуТабиғатқа әсерететін рекреациялық салмақтың нормативтері туралы мәлімет элі де аз. Көптеген нормативтер бақылаудың өте аз саны-на негізделеді, немесе тек қана жобалау мен пайдалану тәжірибесіне сүйенеді. Нормативтер «аудандастырылған» болуы керек, олар нақты ауданның табиғи компоненттерінің, функционалдық зоналарының жәнепайдалану тәртібі арасындағы тепе-теңдігін кдмтамасыз етуіқажет.

Дүниежүзілік тәжірибеде туристік-рекреациялық табиғи кешендерді пайдаланудағы нормативтерде біраз үйлеспеуі білінеді. Мысалы, бір рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы әр елде әртүрлі: 5 шаршы метрден 15 шаршы метрге дейін.

Курорттардағы құрылыс жүргізу нормаларында да үйлеспеулері көп. Бұрынғы КСРО-да мұндай норма бір төсек орнына 300-500 м2 болған, белгілі «Золотые пески» болгар курортында 150 м2, румын «Мамайя» курортында 85 м2, ағылшын «Брон-и-мор» курортында - 53 м2. Югославияда Адриатика теңізі жағалауындағы жағажайлар нормативі мынадай болтан: бір рекреантқа жағаның 1 метрі және ені 10 м (10 м2); серуендеу жері - бір туристке 0,5 га; аң аулау жері - бір аңшыға 2 га.

Польшада рекреациялық жерлердегі туристердің шынайы шоғырлануы 1 гектарға 75-115 адам болған.

АҚШ-та келесі шартты стандарттар қолданылады (9-кесте). Табиғи аумақтық кешен тұрақтылығы бойынша анықталатын рудсатты сыйымдылықпен бірге, аумақтыңпсихофизиологиялық сыйымдылығы болады.

Психофизиологиялық сыйымдылығы деген белгілі бір аудан бірлігінде әрбір адамның психофизиологиялық және гигиеналық жағдайы бұзылмау шарты орындалып бір уақытта рекреациялық шараларды жүргізу мүмкіндігі болып табылады.

9-кесте

Территорияның рекреациялық пайдалану түрлері

Бір туристке бөлінетін жердін аумағы, м2

Қала маңындағы демалыс зонасы,




ойын алаңдары

80

Жағажайлар

18,5

Көніл көтеру (пикник) алаңы

100

Жаяу туризм үшін сокпақ жол

80

Атпен жүретін соқпақ жол

80

Табиғи кешендер және оны құрайтын әлементтерінің рекреация­лық; салмаққа деген шыдамдылыгы жағынан айырмашылықтар бола­ды. Поляк географы А. Костровицкий (1970) эксперимент арқылы бір апта бойы 1 га жерінің шөбін таптап 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады: қүрғақ қарағайлы орман 46 адамды, жас карағайлы орман

- 50-90, жас шабындық - 126-196, жайылым - 300 адамды зиянсыз қабылдай алды. Рұқсатты салмақты А. Костровицкий максималді адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізді. Поляк А. Марш бұл анықтамаға мынадай ескерту қосады: деградацияның рұқсатты турі

- 3 м2 тапталған жерде ең болмағанда 1 дм2 жері толығымен бұзылса бұл деградацияның рұқсатты деградациясы болады.

Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиетімен бірге топырақ сипатына, жер үсті көлбеуіне және табиғи компоненттері-нің сипаттамаларына байланысты. А. Марш мәліметтері бойынша көлбеуі 2-ден 6° дейін болса беткей көлбеуі тапталу жылдамдығына шамалы ғана әсертигізеді, мұндайәсеркөлбеуі 6-12° болса, күшейеді. Көлбеуі 12° асып кетсе шөп тез тапталып кетеді, сондықтан көлбеуі осындай көрсеткіштен асқан аумақтар рекреациялық пайдалануга жарамайды. Топырақтың механикалық қасиеттері де рұқсат берілген жүктеме көлеміне әсеретеді. Мысалға, рекреанттардың қүмды жер-лерге деген жүктемесі саздақка қарағанда үлкен болады.

Кеңес географтары В.П.Чижова мен Е.Д.Смирнова (1976) КСРО еуропалық бөлігінің орталық аудандарындағы табиғи кешендеріндегі ең көп рұқсат берілген демалушылар санының нормативтерін келтіреді (10-кесте).

Нормалардың біркелкі болмауының себебі - табиғи кешендер мен олардың әлементтерінің шыдамдылығын анықтау әдістемелігінің бірқалыпты болмауында. Табиғи кешеннің туристік ауыртпалығына деген шыдамдылыгы - оның өз қалпына келу қабілетінің шектері.

Салмақ (жүктеме) деп бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда байқалатын рекреанттар санын айтамыз. Егер табиғи кешенге түсетін салмақ қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызатын болса, оны критикалық салмақ деп атайды; критикалық салмаққа жақын, алайда қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызбайтын болса, оны рұқсат етілген салмақ дейді; егер салмақтың нәтижесінде қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер болып қойса, бұл салмақ рұқсат етілмейтін деп аталады.

10 кесте





Орман түрлерінің  топтары




Шырша орманы, адам/га

Ылғалды  шырша  ормандары, адам/га

Қарағай, адам/га

Ылғалды  шырша  ормандары, адам/га

Қайың мен көктерек ормандары, адам/га

Ылғалды  қайың мен көктерек ормандары, адам/га

Жайпак бұйратты саздақ жазықтары:



















- кысқа мерзімді демапыс

30

20

35

25

50

37

- ұзак мерзімді демалыс

11

7

12

9

18

13

Саздак арасында кұм катпарлары



















бар жайпақ жазыктар:



















- қыска мерзімді демалыс

20

12

25

15

37

25

- ұзак мерзімді демалыс

7

4

9




13

9

Табиғи аумақтық кешеннің рекреациялық сыйымдылығын рұқсат берілген жүктемені табиғи аумақтық кешені ауданына көбейтіп табамыз.

Соңғы зерттеулердің негізінде жайылым дигрессиясына негізделген рекреациялық дигрессия кезеңдері ережесі қолданылады. Мәскеу төңірегінің орман зонасын зерттеп, 1972 жылы Н.С. Казан­ская рекреациялық дигрессияның 5 кезеңін бөліп атап шықты:

1.   Адамның  іс-әрекеті  орман  кешеніне  ешқандаи  өзгерістеренгізбейді.

2.  Адамның рекреациялық әсер сирек кездесетін соқпақтардың және жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына әкеледі.

3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі.

4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.

5. Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағагптар толығымен жоқ.

3 және4 кезең арасында табиғи кешеннің тұрақтылығының көзқарасы өтеді. Рұқсат етілетін салмақ дигрессияның 3 кезеңіне сәйкес келеді. Қалпына келтірілмейтін өзгерістер 4 кезеңде пайда болады.1, 2, 3 кезеңдері эстетикалық жағынан тартымды.

Рекреациялық әсерді анықтау жұмыстары рекреациялық салмақты басқару үшін жүргізіледі. Рекреациялық салмақты басқару әдісіне аумақты функционалды зоналарға бөлу қағидасы, сонымен қатар, туристік-рекреациялық ресурстардың пайдалануын реттеу әдістері жатады. Оның ішінде рекреанттарды тәртіпке келтіру, яғни зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салу; өсімдік жамылғысын қалпына келтіру үшін тыңайтқыштарды пайдалану; жерді кайта еңдеу шараларын жүргізу.

Жасанды соқпақтар жасап, аумақты абаттандырғанда, оның сыйымдылығы табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе өседі.

Табиғи кешендеріне түсетін ауыртпалықты оңтайлы қылу, туристік-рекреациялық ресурстарды қорғау мақсатында демалыс аудандары мен зоналарының аумақтық ұйымдастырылуын іске асыру қажет. Б.Б. Родоман (1976) қала маңы демалысын ұйымдастыру мақсатындағы аумақтың зоналауының сызықтықторлық принципін ойлап тапты. Өзінің теориялық схемасында жерді рекреация мақсатында пайдалануының үш деңгейімен айқындалатын үш зонаны:

I - жоғары, II - орташа, III - рекреациялық пайдаланудың төмен деңгейі (11-кесте) - атап шықты

Рекреациялық аумақтарды зоналау үшін линиялық бағдарламалау қолданылуы мүмкін. Линиялық бағдарламалау моделі дегеніміз жоба-ланатын аумақта «пик» маусымында алдыңала берілген шектеулердің ескерілуімен биоценоздарды қорғау мен рекреациялық шаралар үшін жайлы жағдай жасау - рекреациялық жүктемені максимумға жеткізу моделі. Осындай модель жасау үгдін мынадай мәліметтер қажет: 1) жобаланатын аумақ ауданы; 2) рекреациялық шаралар түрлерінің үлестерін (%) көрсететін рекреациялық іс-әрекетқұрылымы; 3) рекреациялық әрекеттердің аумаққа түсетін ауыртпалығы (жүктемесі); 4) табиғи кешендердің тұрақтылық коэффициенттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет