Туризм географиясы


ББК 75.3 я 7 © Ердәулетов СР., Алиева Ж.Н., Жұмаділов А.Р., 2011



бет2/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
лемдік туризм

ББК 75.3 я 7

© Ердәулетов СР., Алиева Ж.Н., Жұмаділов А.Р., 2011

© Әл-Фараби атындағыҚазҰУ, 2011

ISBN 9965-29-761-4              

КІРІСПЕ

Туризм байырғы заманнан бері дамып келуде, дегенмен бұләлеуметтік-экономикалық құбылыспен байланысты ғылым тек XVIIIғасырдың соңына қарай ғана пайда болды. Осы саладағы ауқымды зерттеулер XIXғасырдың екінші жартысынан бері жүргізілуде.Туризм мәселелерімен тығыз айналысқан алғашқы ғылым география болды, сондықтан туризм географиясы дүниеге келген және оның өркендеуі XXғасырдың 30-шы жылдарына сай келеді. Кейінірек туризммен басқа да ғылымдар айналысатын болды, қазір туризм мәселелерін 20-га жуық ғылыми пәндер зерттеуде. Алайда туризмді түлас шаруашылық жүйесі ретінде кешенді түрде зерттейтін болғандығынан туризм географиясы ең басты ғылым болып табылады. Басқаша айтсақ, тек кана туризм географиясы туристік іс-әрекеттің табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, саяси, ғылыми-техникалық және басқа да қырларын зерттейтін жалгыз ғылым деп айтуға болады [1].

Географияның туризмді зерттейтін ғылымдар арасындағы жетекші рөлінің себебі - туризмнің Жер кеңістігін танып білуге бағытталғандығында, географиялық ортамен, қоғаммен, оның қоғамдық жәнеәлеуметтік-шаруашылық іс-әрекетімен тығыз байланыстылығында. Осындай кеңістікті тану бөлек еддер, аумақтар мен күрлықтар аумақтарымен тығыз байланысты. Дәл осы себеп-тен «туризм» мен «география» ұғымдары бір-бірімен байланысты ұғымдар, өйткені география табиғижәнеәлеуметтік-экономикалық құбылыстарын олардың кеңістіктегі (аумақтагы) орналасуына қарай зерттейтін ғылым болып табылады. Географияның зерттеу ауқымы кең, синтетикалық сипатқа ие: бұл ғылым жаратылыс ғылымдары (географиялық ортаны зерттеу) және қоғамдық ғылымдарының (адам қоғамының тұрмысы мен шаруашылығын зерттеу) түйіскен жерінде орналасады. Барлық қоғамдық, әлеуметтік және экологиялық үрдістер белгілі бір аумақта орын табады. Әрбір аталған объект бір жағынан функцияларын дербес түрде орындауымен бірге, бір-бірімен және де аумақпен өзара әрекеттеседі. Бұл жағынан территорияны халық тіршілігінің интеграторы деп атауға болады.

Осыған орай, географиялық ортаның біліміне сүйеніп, кеңістік құбылыстары мен үрдістердің анализі мен синтезін дұрыс өткізетін географ қана туризммен байланысты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстарын терең түсіндіре алады.

Дәлосы себептен туризм мамандарын даярлау университеттердің география факультеттерінде жүргізілуі керек. География басқа ғылымдарға қарағанда болашақтағы туризм мамандарына қажетті білім мен дагдыларын бере алады. Жоғарыда айтылғандай, география қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) үрдістерді кеңістіктегі орналасуына байланысты түрде қарастырады, ал туризм болса, ең алдымен кеңістікте орналасқан әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады.

Туризм географиясы - туризмнің аумақтық (кеңістіктік) ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым, оның зерттеу пәні - кеңістіктегі туристік құбылыстар формалары мен қатынастарының және оларга байланысты үрдістердің анализі мен синтезін жасау болып табылады.

Туризм кешенді құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Осындай пәнаралық зерттеулер негізінде жаңа ғылым - туризмология аяғына түрып келе жатыр; туризмологияның дамуына гео­графия, экономика, менеджмент, маркетинг, социология, психология, медицина, курортология, экология, педагогика, сәулетөнері мен қала құрылысы, заңтану, аудандық жоспарлау жәнебасқа да жаратылыста-ну, гуманитарлық, қоғамдық және техникалық ғылымдар өз үлесін қосуда. Бұл жагынан, географиямен салыстырсақ, басқа ғылымдар туристік іс-әрекеттің тек бір бөлігін немесе кейбір қырларын ғана зерттеумен айналысады (мысалға, туризм экономикасы туристік іс-әрекеттің экономикалық немесе өндірістік аспектілерін; туризм педагогикасы - туристік мамандарын даярлаудың педагогикалық негіздерін зерттейді және т.с.с). Ал географияны қарастырсақ, туризм жөніндегі кешенді интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде ол қазір қалыптасып келе жатқан туризмология рөлін орындай алады.

Сондықтан туризмнің ғылыми зерттелуі мен туристік маманда­рын даярлау жүйесі университеттердің география факультеттерінде пайда болып дамыған [2].

Қазіргі кезде егеменді Қазақстанның алдыңда бұрын болмаған мәселелерді шешу міндеттері тұр, оның ішінде туристік кадрларды да­ярлау мәселесі. Бұл жолда бірталай жетістіктермен бірге кемшіліктер де бар. Қазір туризм саласы үшін кадрларды 25-тен астам ЖОО дайындайды [3]. Бірақ, өкінішке орай, осы ЖОО-да көбінде білім беру деңгейі өте нашар, себебі оларда не білікті оқытушылар, не материалдық база, не оқу жәнекәсіби тәжірибелік базалары жеткілікті емес. Авторлардың пікірінше, осындай ЖОО санын қысқартып, дәрежесін көтеру қажет, атап айтсақ, Қазақстанның бес аймагында бір университеттен, Алматыда 2-3 университет қалдырып білім беру сапасын өңдеу керек. Тек осындай шаралар қолданылса ғана жоғары білікті туристік мамандарын даярлау сапасы қажетті деңгейге жетпек.

Алдымыздағы оқулықты әзірлеу жұмысының негізінде туризм ғылымына, оның ішінде ең алдымен рекреациялық туризм, туризм экономикасы ғылымдарына ойдағыдай үлес қосқан кеңес одағының географтары мен экономистерінің еңбектері бар: В.И. Азар, А.Ю. Алек­сандрова, MA. Ананьев, М.Б. Биржаков, Ю.А. Веденин, ВТ. Гуля­ев, И.В. Зорин, В.А. Квартальнов, Б.Н. Лиханов, Н.С. Мироненко, Л.И. Мухина, B.C. Преображенский, И.И. Пирожник, И.Т Твердохлебов, Н.И. Кабушкин, В.Б. Сапрунова, П.Г. Царфис және т.б.

Сонымен қатар, Батыс елдерінің бірталай авторларының еңбектері қолданылды: Ф. Ашер, П. Барнс, Р. Буркарт, Г. Ваккерманн, Т. Ве­дан, Г. Гуибилато, К. Крапф, С. Медлик, В. Унцикер, Д. Уокер, А. Холден, С. Холл және т.б.

Бұл еңбекте СР. Ердәулетовтің Варшава, Лодзь, Познань, Ягеллон университеттеріне жасалған іссапарларындағы ғылыми тәжірибесі жәнеполяк мамандарының (С. Лещицкий, А. Костровицкий, Я. Вар-шиньска, Я. Гезгала, С. Лишевский, А. Марш, М. Милеска, О. Рогалевский, К. Пшеславский, А. Яцковски, М. Бочваров, А. Ковальчик, В. Гаворецкий және т.б.) туризм географиясы мен экономикасы саласындағы жұмыстары қолданылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет