Туризм географиясы


§ 6 Туризм географиясының негізгі мәселелері және зерттеу әдістері



бет27/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
Байланысты:
лемдік туризм

§ 6 Туризм географиясының негізгі мәселелері және зерттеу әдістері

Туризм географиясының пәнаралық сипаты, әсіресе оның табиғи, әлеуметтік және экономикалық қырлары, осы ғылымдарының әдістерін қолдануға итермелейді, ал біріктіру қажеттілігіне орай бөлшектелген бастапқы материалдары негізінде өз әдістемесін жасақтау керек болып тұр. Жалпы айтқанда, туризм географиясына кіретін жаратылыстанулық, әлеуметтік-экономикалық салаларының әрқайсысы қорытындыларын дәл қылу үшін математикалық-статистикалық әдістерді қолдануын қажет етеді.

Туризм географиясының зерттеу шеңберіне статикалық әлементі — туристік кеңістік, және динамикалық әлементтер - туристік қозғалыс пен онымен байланысты қызмет көрсету саласы кіреді. Осыған орай туризм географиясы қарастыратын мәселелердің үш тақырыптық тобын бөліп атауға болады:

1)   географиялық кеңістіктің туристік қозғалыс үшін жарамдылығының мәселелері;

2)   әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі туристік қозғалысқа байланысы бар мәселелер;

3)   интегралдық (біріктіруші) критерийлер негізінде туристік құбылыстарды кеңістікте жіктеу мәселелері.

Туристік қозғалыс үшін жарамдылығын бағалаудың басты кри­терийлері - туристік қасиеттер мен туристік инфрақұрылымның жабдықталуы болады. Көптеген сауалнама қорытындыларына сүйенсек, демалыс орнын таңдаудың басты түрткісі табиғи ортаның көркемдігі болатыны көрінеді.

Табиғи қасиеттеріне баға беру оның әлементтері «өлшеуге» жатпайтын болғандығынан өте қиын іс болады, дегенмен мұндай баға абсолютты болмаса да, дәлболғаны жөн. Бағалау нәтижесінде бағалаудың таңдалған шкаласына байланысты кванттау болады. Сонымен қатар, ланшафтарға кешенді баға берген кезде ландшафт әлементтерін құратын бөлшектерді тауып анықтау қиын болады.

Табиғи ортаның аттрактивтілігін (тартымдылығын) бағалау критерийлері - жер бедері, климат, гидрография, өсімдік жамылғысы. Бұл әлементтер өз заңдарына бағынса да, бір-бірімен тығыз байланысты.

Табиғи ресурстарын рекреациялық мақсатта бағалау кешенді сипатқа ие, ал әлементтерінің, олардың топтарының тартымдылығы тек салыстырмалы болады. Мұның себебі - туристер мүдделерінщ әртүрлі болуы және осыған орай туризмнің әртүрлі формаларының болуы және маусымдық сипаты.

Табиғи орта қасиеттері мен тартымдылығын бағалаудың сандық әдістерінің ішінде аумақтың туристік бонитировка әдісі, яғни баллдар суммасы бойынша баға беру әдісі жиі қолданылады.

Бұл әдіс мағынасы мынадай: таңдалған шкалаға сәйкес әрбіраумақ аспектілеріне белгілі балл беріледі, ал аспектілеріне беріл ген   баллдарын  қосқан  кезде  табиғи   ортаның  тартымдылығынсинтетикалық түрде бағалауға мүмкіндж туады. Баллдар суммасыкеңістік бірліктерінің қүндылығына толығьшен баға бере алмайды,бірақ оларды салыстырмалы түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Туристік қасиеттеріне сандық баға беру қиындығы жөнінде бұрын да талай айтылған. Мысалы, B.C. Преображенский мен Ю.А. Ве­денин бұл жөнінде «адам іс-әрекетінін аз ғана салалары осыншама көп жобалау немесе жоспарлау шешіміне әсерететін және соншама ауқымды ақпаратты қамтитын көрсеткіштерді сипаттама жасау үшін қажет етеді», деп айтқан [6].

Әзірше туристік нысандар қасиеттерін сандық түрде бағалау критерийлері жоқ, сондықтан аумақтар мен маршруттар бонитиров-касы тек салыстырмалы түрде баға бере алады.

Аумақтың рекреация үшін жарамдылығын анықтау үшін негізгі физикалық-географиялық бірліктердің ірі масштабты картографиялық зерттеулері өте маңызды. Мысалы, физикалық-географиялық және ландшафттық аудандастыру карталары.

Табиғи ортаны пайдалануымен байланысты тагы бір маңызды әдістемелік мәселе- оның туристік (рекреациялық) сыйымдылығын анықтау мәселесі. Бұлпроблема туристік қозғалыстың асқан көлемде шоғырланған аумақтардағы ыдырауына байланысты туындады.

Туристік сыйымдылық дегеніміз аумақ ауданына келетін турис­тер саны. Сыйымдылық есебінің негізінде туристік тартылымдық түрлеріне ие болатын шағын құрылымдық бірліктердің зерттеулері болу керек. Табиғи жағдайды бағалау технологиялық, психологиялық, физиологиялық аспектілерін қамтитын туристік мүмкіншіліктерін бағалау жүйесіне әлемент ретінде кіреді.

Туризм географиясы мәселелерінің екінші тобына әлеуметтік-экономикалық мәселелер кіреді.

Статистиканың туристік қозғалыс зерттеулеріндегі жоғары маңы-зын В. Унцикер мен К. Крапф сияқты белгілі туризм теорияшылары белгілеп атайды.

Статистикалық зерттеулердің ең күрделі мәселесі - туристік қозғалыстың экономикалық эффектін бөліп көрсету, яғни оны халық шаруашылығының жалпы табыс суммаларынан бөліп есептеу (мемлекет ауқымы бол сын, одан үсақ бірліктер болсын) болып түр. Мұндай жағдайда статистикалық массаны халықтың табыстары, шығындары, туристік базаның тұрақты құралдарының құны, ақша айналымы және т. б., сонымен қатар халықаралық туризмдегі валюталық табыстар мен шығындар құрады.

Статистикалық бақылау мен зерттеулердің көптеген әдістері қолданылады. Ең жиі қолданылатын әдістерінің бірі қонақ үйдегі тіркеу (локалдық) әдісі болып саналады. Бұл әдісәртүрлі түнеу базалары қабылдайтын туристердің толық тіркеуіне негізделеді; белгілі күндері болтан демалушылар саны жөнінде нақты мәлімет береді. Осы мәліметтер негізінде ұзақ мерзімдік (айлық, жылдық) есеп жасалады. Онда туристер жерлер түрі (таулы, теңіз жагалауы, т. б.), түнеу базасының түрі (тип, стандарт) жәнеұлты бойынша бөлініп есептеледі.

Нақты статистикалық бақылаудың тағы бір негізгі әдісі - шетелдік миграциялар, оның ішінде өз азаматтарының баруы мен келуін тіркейтін шекаралық тіркеу әдісі. Алдыңда айтылған әдіске қарағанда бұлдәлірек әдіс, себебі мұнда шекарадан өтетін туристердің, оның ішінде қонақ үй тіркеуінен өтпегендердің (мысалы, туысқандарының немесе таныстарының үйінде түнейтін) барлығы тіркеледі. Бірақ бұләдіс туристердің ел аумағында болуының орташа уақыт мерзімі жөнінен мәлімет бермейді. Осындай мәлімет алу үшін кейбір елдерде турист елге кіргенде алып, қайтқанда қалдырып кететін қосымша формуляр қолданылады.

Аталған әдістер бір-бірін толықтырады да, кейде екеуі де қоса қолданылады. Туристік, әсіресе аймақтық зерттеулерде қосалқы (екінші жолғы) статистикалық материал маңызды орын алады. Осын­дай мәліметтерді ағымдағы тіркеулер немесе әкімшілік (немесе салық салу) мақсатында жергілікті және орталық мекемелер мен ұйымдаржүргізетін статистика береді. Халықаралық ауқымда осындай мате­риал біртекті болмағанымен, танымдық және ғылыми құндылығы жоғары болады.

Бүдан да күрделі мәселе- аумақтың көлік қол жетерлігі статистикасының мәселесі болып табылады. Мұндайстатистика көлік торы статистикасы мен көлік қызмет көрсету статистикасынан құрылады.

Сонымен қатар, статистиканың басқа да түрлерінің: халықтың еңбекпен қамтылуы, ұлттық табыс, төлемақылар, халық табысы мен шығындары, негізгі қорлар құны, капиталдық салымдар және т.б. статистикаларының маңызы жоғары.

Алайда, осындай дерекнамалардан алынатын статистикалық материал жалпы әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі туристік құблыстар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктер жөнінде, басқаша айтқанда, олардың даму заңдары жөнінде толық ақпарат бере алмайды. Мұндағы ең басты қиынніылық туристік қозғалыстың әлеуметтік аспектінде жатыр. Сондықтан «толық емес» бақылаулары да: анкета немесе сүхбат көмегімен жүргізілетін сауалнамалық әдістер - қажет болады.

Туризм географиясында қолданылатын тағы бір әдіс- моногра­фия. Әдетте бұл бір үлкен мәселеге арналған жұмыс болады. Онда бұлмәсележан-жағынан, барлық қырларынан алынып зерттеледі. Мұнда аумақтық тетік жиі қолданылады. Зерттеу жұмыстары ретінде олар жан-жақты, нақты, тиянақты жиналған ақпаратты қамтиды, сондықтан жергілікті, әсіресе жоспарлау органдары үшін өте маңызды танымдық материал болып қарастырылады.

Сонымен қатар, статистикалық есепке негізделген жанама әдістері де бар. Мұнда туристік қозғалыс жөніндегі мәліметтерді онымен белгілі қатынастарда болатын басқа статистикалық материалдарындағы өзгерістерге қарап жинақтайды деген сөз. Туристік көш-қон үшін маңызды өзгерістер ішінде ең бастысы тұтгну мен көліктегі өзгерістер болып табылады. Осы әдістің үлгісі ретінде Ф. Крибьенің «ұн әдісін» келтіруге болады: әкімшілік бірліктеріндегі ұн тұтгнуындағы өзгерістерге негізделіп, жыл мезгілдеріндегі туристік қозғалыс көрсеткіштерін есептеуге болады.

Жинақталған статистикалық материал статистикалық қатарларға (географиялық, құрылымдық, динамикалық және т. б.) статистикалық  1

кестелер түрінде топтастырылады. Статистикалық материалды гра-фикалық түрде (диаграммалар, графиктер, карталар, сулбалар) де көрсетуге болады. Жалпы туристік құбылыстарды суреттеу үшін әлеуметтік-экономикалық құблыстарды көрсетудің барлық ста-тистикалық әдістерін қолдануға болады.

Бір тақырыптағы қатарларды біріктірілген сандық сипаттамалар (орташа арифметикалық көрсеткіш, стандарттық ауытқулар, асим­метрия коэффициентт арқылы салыстырады.

Туристік құбылыстардың статистикалық суреттеуінде біріктірілген сандық сипаттамалар арасында мынадай көрсеткіштер маңызды орын алады: жергілікті жердің туристік функциясы мен оның даму деңгейінің көрсеткіші, туристік қозғалыс қарқындылығы, түнеу базасы сыйымдылығын пайдалану көрсеткіші, маусымдық көрсеткіші және т. б.

Әлеуметтік-экономикалық өмірдің басқа салалары сияқты, туристік құбылыстар тазатүрдегі себеп-салдар тәуелділіктерін көрсетпейді; олар ішіндегі байланыстар корреляциялық сипатқа ие, мысалы, туристік қозғалыс көлемі мен бір адамға шаққандағы халық табысы, туризмнен түсетін табыс пен негізгі өндіріс қорларының құны, туристік қозғалыс көлемі мен урбандану деңгейі және т. б. Осындай байланыстарды дұрыс анықтаудың теориялық жәнетәжірибелік маңызы зор. Корреляция коэффициентін дұрыс қолдану арқылы туристік шаруашылықтағы диспропорцияларды анықтауға болады.

Мысалы, орта қасиеттері мен түнеу базасының даму деңгейі арасындағы байланыстары төмен болса, бұл инвестициялық сая-саттың дұрыс болмауы мен туристік функцияларын орындай алатын аумақ қорының бар болуы жөніндегі дәлелі деп айтуға болады. Тағы бір мысал: қозғалыс пен туризмнен түсетін табыс арасындағы байланысының томен болуы табысты аз түсіретін мерекелік демалыстың үлкен үлесі жөнінде айтады.

Корреляциялық талдау статистикалық есеп жасауы қиын бола-тын туристік құбылыстар көлемін есептегенде қолданылады, мыса­лы, қозғалыс көлемі мен тұтыну көлемі мәселелерінде. Мұнда кейбір өнімдер (мысалы, нан) тұтынуы жөніндегі мәліметтерге сүйенуге бо­лады.

Туристік құблыстар зерттеулерінде математикалық статистика әдістері кең қолданылады.

Туристік қозғалыстың жылдам дамуы мен оның болашағын анықтау қажеттілігіне орай болжау негіздерін жасау мәселесі туындады.

Әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің қандай да болсын болжамы сияқты, туристік болжам әртүрлі функционалды жүйелерге бағынатын әртүрлі уақыт-кеңістік өзгерістерді ескеретін статистикалық болжам сипатына ие.

Туристік болжамдар туристік құбылыстар дамуының басты фак­торы болып табылатын туристік ағымдар көлемін анықтау болжамы деуге болады. Туристік құбылыстар дамуы дегеніміз олардың кеңістіктегі (күрлықтар, елдер, аудандар) жәнеуақыттағы (жақын уақыттағы, ұзақ мезгілдік, перспективалық болжамы) дамуы.

Туристік функцияларын орындайтын кеңістік бірліктерінің негізгісі - туристік аудан (аймақ).

Туристік аймақ функциялары келушілер талаптарына, табиғи ортаның түрі мен тартымдылығына, туристік дәстүрлерге және туристік қызмет корсету саласының жұмысына тәуелді.

Иерархия жағынан туристік аймақтар күрделі жүйелер болып табылады. Географиялық зерттеулердің қазіргі кезеңіндегі өзекті мәселесі - аймақтық синтездің әдістемелік тұжырымдамасын құрастыру және оның негізінде аймақтың біртүтас құрылым ретіндегі сипаттамасын жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет