1 -mарay
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
§ 1 Рекреациялық географияның негізгі түсініктері
Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт, демалыс, рекреация жәнетуризм саналады. Бос уақыт - рекреациялық үрдісі дамуының алғышарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмүны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек: ол жұмыстан тыс уақыттың тек бір бөлігі ғана. Осындай шатасты-ру теориялық жағынан қате болғанымен бірге, шынында зиянды болып табылады, өйткені жұмыстан тыс уақыт шеңберіндегі бос уақыт көлемін көбейтудің қосымша мүмкіндігін іздеуді тежейді. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады:
1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт;
2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық);
3) үй шаруашылығы және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
4) бос уақыт - демалуға, бұлшық ет және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет). Бос уақыт адамның бұлшық ет және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді әрекетке жұмсалады. Осылай десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айта-мыз. «Белсенді іс-әрекет» пен «демалыс» ұғымдары бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері
ЖУ - жұмыс орнына жету және кайтуға арналған уақыт
ТУ - үй шаруашылығына және тұрмыстыққажеттілікті өтеуге арналған уақыт
КУ - күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (үйқы, тамактану, жеке
тазалық)
БУ - демалысқа және физикалық, интеллектуалдық дамуына арналған уақыт (бос уақыт
Достарыңызбен бөлісу: |