Туризм географиясы



бет36/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94
Аң аулау туризмі ең алдымен табиғат ортасындағы дема-лыс мақсатында іске асырылады. Фото-кино-аң аулау туризмі оның танымдық түріне жатады. Аңшылық қазіргі кезде жануар-лар дүниесін қорғау мәселелеріне орай қатал ережелерге бағынуы қажет. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрінің бірі - аң аулау туризмі. Африкадағы сафари әсіресе қымбат тұрады. Қалтасы қалың шетелдіктер Африка, Азия, АҚШ, Канада, Еуропа мен Аустралия елдеріндегі аңшылық зоналарына қызығушылық көрсетуде. Аңшы туристердің үлкен жігі осы елдерге өздерінің аңшылық жерлері азып кеткен, халқы тығыз елдерден: Франциядан, Италиядан, Бельгиядан, Швециядан, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан келеді. Аңшылық туризм шетел валютасы көзі ретінде кейбір бұрынғы социалистік елдерде дамып келе жатыр.

Соңғы жылдары тау шаңғы туризмі жылдам дамуда. Жақсы дамыған қызмет көрсету жүйесімен жабдықталған арнайы тау шаңғы курорттары салынуда. Альпинизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда. Рекреациялық-спорттық туризм түрлері табиғи-аумақтық кешендерге жоғары деңгейдегі талаптарды: өтуге арналған кедергілердің саны мен қиындығы, тау шаңғы трассаларына койылатын талаптар және т.с.с. қояды.

Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа (демалыс күнгі немесе уикэнд туризмі және көршілес шекара маңындағы туризм) жәнеұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар - туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.

Саяхаттың арақашықтығына қарай туризм жақын жәнеалые бо­лып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алые саяхат шетелдерге бару деген сөз.

Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып түруын айтады.

Мезгілдері мен ырғағына қарай туризм жыл бойындағы (үнемі) жәнемаусымдық болып бөлінеді. Біріншісі - туристік аудандарға не­месе елді мекендерге туристер жыл бойы біркелкі түрде келсе болады, ал белгілі жыл мезгілінде келіп түрса маусымдық туризм деп айтааламыз. Маусымдық туризмнің өзі жазғы, қысқы әне маусымаралық туризм болып бөлінеді.

Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді:

а) балалар мен жасөспірімдер туризмі;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет