§4 Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі мен критерийлері
Туризмнің ғылыми зерттеулері жаңа әдістемелік тетіктерді қажет етеді. Туризм географиясының қазіргі кезеңі - бұл жүйелену, жіктеу, теориялық түжырымдамалар, қолдағы білімдер синтезінің кезеңі. Туризм жөніндегі әртүрлі көзқарастарды жалпы түжырымдамаға біріктіретін жалпы әдістемелік негізі - жүйелік тәсіл. Оның мақсаты -объектілердің (мұнда қарастырып отырған объект - туризм) жүйелер ретіндегі мәнін ашу, олардың ішкі және сыртқы байланыстарын зерттеу, жүйелердің тұрақты құрылымын қалыптастыру, тетіктерін анықтау болады.
Туризм географиясының әдістемелігі қазір даму жолында. Оған кіретін әдістер саны өте көп. Жалпы айтқанда әдіс дегеніміз - бұлтәсіл, мақсатқа жету жолы, әрекеттер қалпы. Туризм географиясы әртүрлі жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың әдістерінпайдаланады. Дәстүрлі географиялық әдістердің ішіндегі туризм географиясы үшін ең бастылары - типологиялық, салыстырмалы-географиялық, картографиялық әдістер. Олармен бірге туристер мен туристік индустрия қызметкерлерінің социологиялық зерттеулер әдісі, физиологиялық және ағымдағы дәрігерлік бақылау әдісі (климат факторлары мен микроклиматтық жағдайлардың, жер бедерінің, өсімдіктің және т. б. адам ағзасына жасайтын әсерн талдау), математикалық, математикалық-статистикалық әдістер қолданылады. Өрістегі және камералдық әдістер жақсы нәтижелерді көрсетеді.
Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау - туризм географиясының ең ба-сты мақсаты. Мәденижәне тарихи объектілерінің туристік-рекреа-циялық ресурстардағы маңызды, табиғи жағдайлардың алатын орны да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуының негізгі алғышарты табиғи орта болып табылады. Сондықтан, КСРО және шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиетте туристік-рекреациялық ресурстардың табиғи жағына ерекше баға берген.
Рекреациялық табиғи шарты ретінде табиғи-аумақтық және аквалды кешендер және олардың компоненттері мен жеке қасиеттері болып табылады, олардың ішінде аттрактивтілік, контрасттылық кедергілерден өту мүмкіндігі, экзотикалық, қайталанбайтын немесе үлгі болатын сипаты, табиғи нысандарының ауқымы мен формасы және олардың орналасуы.
Алғашқыда табиғи ресурстар мен аумақтар санаторлық-курорт-тық яғни емдік мақсаттарда бағаланған. Кейін табиғи кешендердің рекреациялық бағалану қағидаларына, әдістемесіне және критерийлеріне назар аударыла бастады. Ресурстар мен шарттар демалыс пен туризм ұйымдастырушылар жағынан да, саяхатшылар жағынан да қарастырылғандықтан оларға баға беру өте қиын.
Табиғи әлеуеттің демалыс пен туризм үшін баға беру кри-терийлерін көптеген ғалымдар іздестіруде. Осындай зерттеулердің ішінде Л.И. Мухинаның «Принципы и методы технологической оценки природных комплексов» [35] еңбегін атап айту қажет. Л.И. Мухина рекреациялық баға беру мәселесін әлеуметтік мәселелер қатарына қояды. Бұл жұ_мыста аумақтың рекреациялық әлеуетін демалушылардың демалыс шарттарына деген көзқарастарынанегізделген баға беру нұсқаулары берілген. Мұнда табиғи ортаның демалысты ұйымдастыру үшін физиологиялық жайлылығы мен ландшафтардың, табиғи және мәдени-тарихи нысандарының әлеу-меттік-психологиялық аттрактивтілігін ескеру ұсынысы берілген.
Қазіргі кезде аумақты бағалаудың бірнеше әдістемесі жасалған. Алайда, ғылымның медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық салаларында демалушылардың табиғи кешендеріне қоятын талаптары әзірше дұрыстап анықталмаған.
Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайына баға беру өте қиын. Емдік ресурстарына баға беруден айырмашылығы, мұнда пейзаждың тартымдылығы, экзотикалыгы, қайталанбайтындылығы бағаланады.
Баға беру субъекті мен объектінің арасындағы катынастарды көрсетеді. Сондықтан баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:
1) баға берудің объектісін анықтау, яғни табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;
2) субъектіні анықтау, оны позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі қолданылады;
3) зерттеудің мақсатымен және субъектінің қасиеттерімен анықталатын баға берудің критерийлерін бөлу;
4) баға беру шкалаларының көрсеткіштерін құрастыру. Шка-лалар субъекті мен объектінің арасындағы бағалық қатынастарды көрсетеді. Бұл жағдайда шкала сатылардың саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты объекті мен субъектінің арасындағы байланыстың интенсивтілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін бағалаудың 5-сатылы шкаласы келесі градациядан тұрады: 1 - ең қолайлы; 2 - қолайлы; 3 -біршама қолайлы; 4 - аз қолайлы; 5 - қолайсыз.
Мысал ретінде КСРО FA география институтының КСРО орталық аумақтары үшін жасалған суаттарды шомылу мақсатында (5-кесте) бағалау шкаласын (ең қолайлы жағдайға 4 балл беріледі) қарастырайық.
5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |