Туризм географиясы


§ 6 Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау



бет61/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
§ 6 Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау

Табиғи ортаны туризм үшін пайдалану географтарды және басқа да ғылым өкілдерін ертеден-ақ қызықтыра бастады. XIX ғасырдың бірінші жартысының өзінде географтар туристік қозғалыстың асып түскен шоғырлануының нәтижесінде болатын ландшафтардың тозып өзгерістерге ұшырайтынын байқаған.

Ең алдымен табиғи ортаның ең тартымды жерлерінде шоғырланған туристік қозғалыс осы аумақтарды қорғауға алуға шақырған жергілікті тұрғындардың қарсыластығын тудырады.

Туристік базалардың салынуы және туристік ағымның шамадан тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристік қрщылығын төмендетеді. Алайда, кейде табиғи ортаның өз ерекшеліктері кейбір туристік артықшылықтарына (әсіресе мәдени ескерткіштерді қарастырсақ) кері әсерн тигізуі мумкін.

Жыл сайын күшейіп отыратын туристік миграция, туристік инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіп тигізеді, оның әсерн өнеркәсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болды. Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаган ортаға тигізетін әсерн «агрессивті» деп те атайды.

Қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз әсерәр түрлі, олардың кейбіреулері өте қауіпті. Егер де туризм нашар басқарылып, жоспарла-натын болса, онда теріс әсерлер күшейіп тереңдей түседі. Нәтижесінде экологиялық жағдай нашарлауы мүмкін. Теріс экологиялық әсерлер мынадай:

- туристік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбандануы;

-  көліктің жәнетуризм жүйесіндегі мекемелердің жұмыс істеу нәтижесінде қоршаған орта ауасының ластануы;

-  туристік мекемелердің пайдаланған суларынан, туристік су көлігінен, машина жуудан және т. б. сулардың ластануы;

- туристердің көп шоғырлануынан, радионың қатты дауысынан және көлік құралдарының шоғырлануынан да шумен ластануы;

-  ландшафт эстетикасының нашарлауы, мүлдем жойылып кетуі бірқатар факторлардың әсернен болады: туристік құрылыстың шамадан тыс шоғырлануы, олардың жобасыз және тиімсіз орналасуы, көрікті ландшафтарды жауып тұратын жарқыраған жарнамаплакаттарының болуы;

-   табиғи   орындардағы   туристерден   қалатын   қоқыстар   мен

қалдықтарды тазарту мәселесі;

- табиғи зоналардың экологиясының бұзылуы, әсіресе туристер көп баратын жағажай, және де таулы және шел дала экожүйелері;

- археологиялық және тарихи ескерткіштерге туристерден тиетінзиян;

- қате жоспарлау және туристік объектілерді дұрыс орналастырмау нәтижесіндегі экологиялық қауіптер мен мәселелер.

Соғыстан кейінгі жылдары мұндай процестер өте кауырт жүрді, оны Батыс Еуропаның және Солтүстік Американың географтары табиғи ортаның «туристік урбандануы» деп атады. Туристік функцияларының дамуы нәтижесіндегі урбандану процесі «екінші баспана» санының және осыған орай әлеуметтік-техникалық базаның қажетті жабдықталуына байланысты. «Екінші баспана» торы өте көп жағдайда жүйесіз және жоспарсыз дамиды, ал олардың шектен асқан шоғырлануы табиғи орта мен оның оң қасиеттеріне зиян келтіреді.

Шектен асып кеткен «туристік урбанданудың» осыған үдсас құбылысы туристік нысандардың басқа түрлерімен байланысты орталықтарында да байқалады.

Моторизация мен «моторлы» туризмнің дамуы бұрын онсыз да әртүрлі кәсіпорындардың шаң және газдармен былғанған әуе бассейнінің одан сайын қатты ластануына әкеліп соғады. Ауаның көлік арқылы ластануы аймақтардың климаттық артықшылықтарын жоққа шығарады, тіпті адам денсаулығына қауіп төндіретін болады.

Су-моторлы спорттың дамуы өзендер мен басқа суаттардың ластануына  әкеліп  соғады.   Сонымен  бірге  туристік  базалардыңкоммуналдық кәсіпорындары да суды ластайды. Осындай базалар-дың ең үлкен жігінде қажетті тазарту жабдықтары жоқ, сондықтан ластайтын қалдықтар суға кетіп қалады.

Қорыта айтсақ, бұқаралық туризм табиғат қорғау мәселесін құнды табиғи кешендердің көпшілік үшін қол жетерлік қағидасымен үйлестіру міндетін артып отыр.

Рекреациялық аумақтардың деградацияға ұшырауының себебіне туристік ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігі жатады. Яғни, рекреациялық саланың дамымағандығы туристердің «ескі» аудандар-да шоғырлануына себеп болып отыр.

Туризмнің мұндайәсерлерін көре отырып, мамандар маңызды рекреациялық ресурстарды «туризмнен және туризм үшін» қорғауды мақсат етеді. Осыған байланысты, зерттеушілердің көбісі туристік құбылыстар мен объектілерді аумақта бірқалыпты орналастыру принципін қолдайды, ол туристер көп баратын аудандарға салмақты азайтады. Көптеген мемлекеттерде туристік қозғалыстың жоспарлы аумақтық саясаты жүргізіліп отыр. Мұндай саясаттың ерекшелігі -ол туристік ықпалдың территория бойынша біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында.

Рекреацияның дамуы мен қоршаған ортаны қорғау бір-біріне қарама-қарсы тұратын құбылыстар емес. Дұрыс реттелген және үйлестірген жағдайда бұлар бір-бірін толықтырып отырады.

Рекреациялық география мен туризм географиясының қолданбалы міндеті - рекреациялық табиғатты пайдалану негіздерін қалау бо­лып табылады. Оған саяхат жасайтын адамдар үшін ландшафтардың құрылымын, динамикасын және даму болжамы кіреді. Рекреациялық табиғат пайдалану мақсаты - табиғатты саналы түрде пайдалану, өзгерту және қорғау. Бұл жағдайда рекреациялық табиғат пайда­лану технологиялары әлеуметтік-экономикалық жәнеэкологиялық заңдарды ескеретін жалпы табиғат пайдалану жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Табиғат пайдаланудың жалпы жүйесі қоршаған ортаны қорғаудың үш тетігін қамтиды: 1) табигат пайдаланудың шектеу жүйесін (нормалар, тыйым салулар, айыппүлдар) қамтитын әкімшілік-құқықтықтетік; 2) әкімшілік-құқықтық тетігін толықтыратын және көп мақсаттық табигат пайдалану нүхқаларынан" ең оңтайлысын таңдап алу деп түсінілетін   жоспарлық-экономикалық  тетік; 3)   шаруашылықтық-есептік, төлемді табиғат пайдалану тетігі, оның негізі - табиғат пайдалану шығындарын етеу.

Тиімді рекреациялық табиғат пайдалану мақсаты - табиғи-аумақтық кешендерін қорғау. Тиімді рекреациялық табиғат пайдала­ну технологиясын қолданған жағдайда рекреациялық ресурстар ең ұтымды түрде рекреациялық қажеттіліктерге сәйкес болып келеді.

Рекреациялық жүктемені реттеу  әдістеріне рекреациялық аудандастыру мен рекреациялық зоналау жатады. Олардың мағынасы - рекреациялық игерудің бөлек аудандар мен зоналарының режіміне сәйкес реттелуі. Әрбір аудан мен зона үшін рекреациялық пайдаланудың құндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына және т.с.с.  басқа  факторларына байланысты  өз  деңгейі  кабылданады. Соңғы аталған  факторларға рекреациялық іс-әрекет түрлері мен формаларының ерекшеліктері, олардың табиғатқа қойылатын та-лаптары, рекреанттардың рекреациялық аудандардағы таралуының кеңістік-уақыт заңдылықтары жатады.

Рекреациялық жүктемелерді реттеу әдістері - туристік-рекреациялық аудандастыру мен зоналау: мұнда рекреациялық игеру бөлек аудандар мен зоналарының режиміне сәйкесөткізіледі. Әрбір аудан әлде зона үшін рекреациялық пайдаланудың өз деңгейі қабылданады. Ол аудан не зонаның рекреациялық қүндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына және табиғи емес факторларға байланысты болады. Табиғи емес факторлар: туристік іс-әрекет формалары мен түрлерінің ерекшеліктері және олардың табиғат қасиеттеріне қоятын талаптары, рекреанттардың туристік-рекреациялық аудандардағы таралуы.

Рекреациялықтабиғат пайдалану негіздеріне тәрбие шараларының жүйесі де кіреді. Туристердің табиғатқа зиян келтірмеу бойынша тәрбиелік шараларын Д.Л. Арманд (1969) ұсынған.

1. Рекреация процесіндегі онегелікті бозбала шағынан тәрбиелей бастау қажет. Мұндай жұмысты табиғатты қорғау органдарының на-сихаттауымен бірге, барлық заманауи ақпарат құралдары жүргізуі керек. Табиғат қорғау білімдерін балабақша мен бастауыш мектеп мұғалімдері игеріп алғаны оте маңызды.

2. Мектепте табиғат қорғау әлементтері ең алдымен география мен жаратылыстану сабақтарында оқылу керек. Түсіндіру жұмыстары жастар ұйымдары бағдарламаларында болуы қажет.

3.  Туризм нұсқаушылары мен экскурсия жүргізушілердің дайындығы университеттердің арнайы факультеттерінде откізілуі қажет және оларға табиғат қорғау курсы оқылуы керек.

4.   Туристерді саяхат жасап жүрген өлке табиғатын тануға қызықтыру қажет. Табиғат жөніндегі ақпаратты тарихи жәнекөркем ақпараттармен толықтырған жөн.

5. Туристер жиі келетін демалыс зоналары мен ұлттық саябақтарда арнайы қызметкерлер: тәртіп сактау қызметкерлері, орттен қорғау, медицина қызметкерлері, қоқыс жинаушылар болуы қажет. Демалушыларға тазалық сақтауды жеңілдететін жабдықтар (мысалы, қоқыс контейнерлері) болуы керек.

6.  Қорықтарда кіруге рұқсат берілген зоналарында ерекше қатаң режим орындалуы қажет. Әрбір қорықта ол не үшін ұйымдастырылғаны және қандай нысандар қорғалатыны түсіндірілетін мұражайы болған жон.

7. Табиғатта өзін-өзі ұстау этикасы адамның қанына сіңіп кетуі ке­рек. Табиғат шыдайтын ауыртпалық ең алдымен демалушылар саны емес, олардың мәдени деңгейіне байланысты.

Рекреация, туризм жәнеқоршаған орта озара тығыз байланысты. Табиғи ортаның туристерді қызықтыратын коптеген әлементтері бар, ал туризмнің дамуы болса, оң және жағымсыз экологиялық салдарларға әкеліп соғады. Туризмді экологиялық тұрғыдан жоспарлау үшін ең алдымен туризмнің қоршаган ортаға мүмкін болатын әсерн болжау қажет. Егер туризм дұрыс жоспарланатын, дамитын және басқарылатын болса, оң экологиялық әсертигізуі әбден мүмкін. Табиғат қорғау шаралары:

1)  маңызды табиғи аумақтарды, фаунаны, оның ішінде аквалдық экожүйелерді анықтауға, оларды қорғау шараларын қаржыландыруға, сонымен қатар, ұлттық, аймақтық саябақтар мен қорықтардың да-муына септігін тигізеді. Мұндай жағдай әсіресе табиғат қорғауға жұмсалатын қаржысы жетіспейтін елдер үшін маңызды;

2)  археологиялық және тарихи нысандарды туристерді қызықтыратын объектілер ретінде жариялау мен оларды қаржыландыруга көмектеседі. Мұндай болмаса, осылардың көбі қирап немесе құрып кетуі де мүмкін. Туристік мақсатта бүгін кейбір қалалардың тарихи аудандары сақталады және дамиды;

3) туристер көркем, таза жәнеластанбаған жерге баруды сүйетін болғандықтан қоршаған орта сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Оның үстіне жақсы жоспарланған және орналасқан туристік нысандар қала және ауыл ландшафтарын көркемдейді. Инфрақұрылымның, әсіресе сумен жабдықтаудың, канализацияның, қатты қалдықтардың шығарылуының жетілдірілуі де қоршаған орта сапасының көтерілуінесептігін тигізеді;

4) жергілікті тұрғындардың экологиялық ағартуына көмектеседі. Туристердің табиғатты қорғау ынтасын көргенде жергілікті жұртта оны сезіне бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет