Байланысты: Дислалиясы бар баламен логопедиялық жұмыс
Дислалиясы бар баламен логопедиялық жұмыс Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады. Соның ішіндегі дислалияға толық толқталсақ.
Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.
В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбыстардың бұзылуын жатқызды.
20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф.Ф.Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп атаған.
Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде болады (Ф.Ф.Рау).
Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина).
Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады.
Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы(Л. С. Волкова).
Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30% - нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі.
Бұл зерттеулер осы бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады. Дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланын былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып отырады. Қортындысында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады. Баланың дұрыс сөйлемеуі еліктеуден де болуы мумкін. Балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін орта арасында көп болып, сөздерін тыңдаудын да ерекше зияны тиеді.
Сөйлемнің фонетикалық жағын меңгеру дәрежесі фонетикалық есту қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты болады. Фонетикалық естудің жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады.
Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне қатысатын психофизиологиялық механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін ажыратады. Бір қатар авторлар (К. П. Беккер, М. Совак, М. Е. Хватцев, О. А. Токарева, О. В. Правдина және т.б.) сенсорлы және моторлы дислалия деп бөледі және дислалияны осылай ажыратуын талап етеді.
Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырылуы сөйлеу тілін зерттейтін әртүрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық ықпалға ерерлік бұзылыстардың негізгі белгілерін бөлген маңызды, яғни ауытқудың түрін (фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру.
Аталған критерийлер бойынша дислалияның негізгі үш түрін ажыратады: акустикалық-фонематикалық, артикуляторлық-фонематикалық, артикуляторлық -фонетикалық.
Акустикалық-фонематикалық дислалия: дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен шектеледі.
Артикуляторлы-фонематикалықдислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша ұқсас дыбыстар таңдалады.
2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып айтылады.
Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып, шатастырылып айтылады. (ц-ч,р-л, т-к, д-г, с-ш, з-ж).
Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық қалыптасқан болады. Сондықтан бұл ақаулықтар түзету барысында жойылады.
Мысалы, [Р] - [Л] алмастыру 5 жастағы баланың арасында 42% кездеседі (Р дыбысы бұзылыстарының ішінде), 6ж - 34%, 7ж - 18%, 8-9ж - 18% ал [л]→[р] алмастыру 5ж - 9%, 6ж - 5%, 7ж-жоқ. Мұндай мағлұматтар А. Н. Гвоздевтің, В. И. Бельтюковтың, О. В. Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады. Бірақ, дыбыс айтудың бұзылуы барлық балаларда түзетілмейді. Жалпы білім беретін мектепте 1 сынып оқушыларының ішінде фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар саны 15% -ды көрсеткен. Бастауыш мектепті аяқтаған кезде ондай балалар бірен – саран болады.
Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес. Ол фонемаларды артикуляторлық белгілеріне байланысты іріктейтін операцияларына (әрекетіне) байланысты.
Артикуляторлы–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар.
Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін.
Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:
1. дыбысты мүлдем айтпауы;
2. дыбысты алмастырып айтуы;
3. дыбысты бұзып айтуы;
4. дыбысты шатастырып айтуы.
Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.
Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады. Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.
Олар:
1. сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының бұзылуы (с-с′, з-з′, ц, ш, ч, щ,ж) – 22 %
2. ротоцизм (р-р′) – 26 %
3. ламбдацизм (л-л′) – 10 %
4. каппацизм (к-к′,г-г′,х-х′) – 1 %
5. йотоцизм (j) – 1,5 %
6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы (ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б-п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш, г-ғ, к-қ)
Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі кездеседі.
7. жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ауытқушылықтары: д′-д, п′-п, к′-к, р′-р.
Дыбыс айтудың пайыздық көрсеткіштері ресейлік автор М. А. Александровскаяның деректері бойынша берілген, ал Л. Г. Парамонованың (1990) зерттеулері бойынша бұл көрсеткіштер әлде қайда жоғары: ротацизм -71,6%; ламбдацизм -54 %; ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 42 %; ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы -45,4%. Қазақ тілді қалыпты дамыған мектеп жасына дейінгі (5-6жас) балалардың дыбыс айтуын тексеру нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атауға болады: ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 47,9% (5 жас), 45% (6жас); ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 38% (5 жас), 33,3% (6жас); Р дыбысының айтылуының бұзылуы – 30,5% (5 жас), 29,9 % (6жас) (Тулебиева Г.Н., 2010). Осы деректерден мектеп жасына дейінгі балалардың арасында дыбыстардың айтылуының бұзылуы әр түрлі жиілікте көрінетініні байқалады.
Қорыта айтқанда, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі. Баланың сөйлеу тілін үйден тәрбиелеуден бастауымыз керек. Балада алдымен сөзді түсіну қалыптасады ( импрессивті сөзі), содан соң ғана сөйлеуі ( экспрессивті сөзі) қалыптаса бастайды. Яғни ата – ана бала өмірге келгеннен бастап онымен сөйлесе бастауы керек. Кішігірім тақпақтар, санамақтар айтудың маңызы көп.
Баланың тілі шығарда дыбыстарды анық айтып сөйлесуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред.-М., 2007.
2. Основы теории и практики логопедии. Р.Е.Левинаның ред. –М.,1968.
3. Қ. Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев. Логопедия. - Алматы, 1996.
4. Григоренко Н. В., Синяева М. Л. Логопедические и медицинские аспекты органической дислалии и способы ее коррекции. Дефектология, 2000, №4.