Байланысты: 1578622586621 совершенствование в туризме
Сабақ № 4. Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдер және спорттық туризмді дамытудың бағдарламалы-нормалық негізі. 1. Қазақстан Республикасы-ның «Туризм туралы» заңы.
2. Қазақстан мемлекетінің туризмді дамытуға себеп болып отырған заңдары мен нормалық құжаттары.
Дәріс сабағының тезистері:
Қазақстан Республикасы Конституциясы. «Туристік қызмет» туралы Қазақстан Республикасының Заңы және оның жетістіктері мен кемшіліктері. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Дене шынықтыру және спорт» туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
Туристік-спорттық қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілер. Туристік-спорттық қызметті мемлекеттік реттеу. Әлемде және Қазақстан Республикасындағы балалардың туристік бағдарламасы, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың республикалык бағдарламасы. Спорттық туризм мен оны орындаудың шарттары бойынша разрядты талаптар. Спортты туристік сапарлар мен саяхаттарды өткізу тәртіптері. Күнделікті қиындық категориясы, әртүрлі деңгейдегі сапарларға арналған нормалық талаптар. Саяхатшы Кодексі. Туристік мекемелер жарғысының негізгі ережелері. Туристік-спорттық маршруттардың біліктілік комиссиясы туралы ереже.
Сабақ № 5.
Тақырыбы: Қауіпсіздік, спорттық туристік сапарлар мен саяхаты ұйымдастыру негізі. Балалар саяхатын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
1. Туристік жорықтарды ұйымдастыру кезеңдері.
2. Туристік жорықтардағы бағдарлау.
3. Туристік жорықтардағы құрал-жабдықтар.
4. Туристің азық-түлік мәселелері.
Дәріс сабағының тезистері:
Негізін құраушы мекемелер мен спорттық туристік сапарларға дайындықтар. Спорттық туристік сапарлар мен саяхаттардың міндеттері (қатысушы топтар арасындағы ерекшеліктері). Спорттық туристік сапарлар мен саяхаттарды өткізу тәртібі. Туристердің құқықтары мен міндеттері. Топ жетекшілері мен тур ұйымдастырушылардың кұқықтары мен міндеттері. Спорттық туризм аумағындағы қызметті жүзеге асыру, мекемелердің құқықтары мен міндеттері.
Сапар аудандарын анықтау және ол туралы мәлімет жинау. Маршрутты дайындау және жоспарлау. Сапардың күнтізбелік жоспарын құрастыру. Шығыс сметасын карастыру. Маршруттық құжаттар мен басқа да сапар кұжаттарын толтыру. Сапар, секция, клуб жетекшісінің сапар қауіпсіздігін ұйымдастырудағы ролі.
Қауіпсіз сапарды ұйымдастырудағы Федерация, МКК, КСС-ның ролі. Сапарлар мен саяхаттардың тәрбиелік, спорттық, рекреациондық мүмкіндігі.
Спорттық туристік сапарда тамақтануды ұйымдастыру, оны дұрыс ұйымдастырудың мәні. Тамақтанудың әр түрлі талаптары. Тамақтану режимі. Азық-түлікті бөлу және мәзір құрастыру, оның шығысын есептеу. Тамақтың термолық өңдеу тәсілдері. Сапарға арналған азық-түліктің жиынтық үлгісі. Тамақтың куаттылығы. Тамақтандырудың арнайы режимін есепке алып және азык-түлікке қойылатын талаптарды ескере отырып мәзір құрастыру.
Тазалық талаптары. Сулы-тұзды режим. Суды тазалау мен залалсыздандырудың қарапайым тәсілдері.
Туристік жабдықтар, жалпы талаптар. Жабдықтардың негізгі түрлері: топтық, жеке және арнайы. Олардың сипаттамасы мен ерекшеліктері. Туристердің топтық және жеке жабдықтары. Оларға койылатын негізгі талаптар. Шаруашылық кұралдары. Өзін өзі сақтандыру және сақтандыруды камтамасыз етуге арналған жабдықтар. Маршрут сипатына, табиғи жағдайға және туризм түріне қарай жабдықтар таңдау, оны саяхатқа дайындау. Туристік жабдықтарды жөндеу және сақтау, күту. Рюкзакты жинау тәртібі. Өткір және ірі нәрселерді көліктік тасымалдау. Жабдықтарды қабылдау мен өткізу тәртібі.
Сапар қортындысын шығару. Спорттық сапарлар мен саяхаттарды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір ерекшеліктері.
Балалар туризміндегі спорттқ сапарлар мен экспедицияны ұйымдастыру мен өткізудің ерекшелігі. Балалардың туристік сапарларын дайындауға қойылатын талаптар, балаларға арналған оқу-жаттықтыру туристік сапарларын өткізу ерекшелігі, балалар мен жасөспірімдер туристік сапарлары мен саяхаттары бойынша есеп беру қүжаттарын рәсімдеудің ерекшелігі.