Шлихталау машинасында автоматты түрде бақылау аймағы ретінде науадағы шлихтаның деңгейі және температурасы, кептіру құрылғыларындағы бу қысымы және шығушы негіз ылғалдылығы болып табылады.
Шлихталау машинасында автоматты реттеу өз кезегінде негіздерді шлихталаудың сапасын мейлінше арттырады.
Шлихталау машинсында автоматты реттеуді пайдалану тоқыма станогында үзілгіштікті шамамен 30-35% төмендетеді.
Науадағы шлихта температурасын реттеу негізінде термореттегіш құрылғысымен іске асырылады. шлихтаның жоғары температурасы барысында реттегіш науаның жыланды түтікшесіне будың енуіне жаба отырып бу өткізгіш қалпақшасына әсер етеді, ал температура төмендегенде оны ашып, нәтижесінде бу жыланды түтікшеге барады. ЦНИХБИ жүйені реттегіші науадағы шлихта температурасының ауытқуын салыстырмалы
түрде 1,5 0С шектікте қамтамасыз етіп отырады. Науадағы шлихта деңгейін реттеу электрогидравликалық реттегішпен іске асырылады. аталған реттегіш электроды науада былай орнатылады, яғни, олардың шыбық ұштары шлихтаның жоғарғы деңгейінде орнатылады. Науадағы шлихта деңгейі шыбық ұштарына жеткен кезде, электрод тізбектері тұйықталып, ал электронды күшейткіш байланыстары электрогидравликалық күшейткіш катушкасындағы токты үзе отырып тұйықталады. Осының нәтижесінде науаға шлихтаның берілу кранын жаба отырып реле зәкірін төмен түсіреді.
Шлихта деңгейі электрод шыбықтары ұштарының төменгі бөлігінен төмен түссе, электрод шынжыры тұйықталып, электр күшейткішінің зәкірі көтеріледі, нәтижесінде шлихтаны беруші кран ашылып, шлихта науаға қайта құйылады. Шлихта деңгейінің берілген бойынша ±3мм құратын мүмкіндіктен ауытқымау керек.
Кептіру барабанында бу қысымын реттеу өз кезегінде сонымен қатар автоматты түрде іске асырылады. Шығушы негіздің ылғалдылығы барабандағы бу қысымына және негіздің қозғалу жылдамдығына байланысты. Шығушы негіздің ылғалдылығы біртекті болуы үшін заманауи шлихталау машиналарында кептіру барабанында буды автоматты реттегіштер қолданылады.
Реттегіштерді буды барабанға айдаушы буөткізгішке орнатады. Будың артық қысымы барысында будың барабанға келуін тежей отырып реттеуші клапан төмен түсіріледі. Қашан осы қысым жеткіліксіз болған да жүкті тұтқыш әсерімен қалпақша жоғары көтеріліп, будың барабанға енуін жоғарылатады.
ЦНИХБИ жүйесін реттегіштер 0,3 ден 1,0 ат.дейінгі төмен қысымды буды реттеуге есептелген. Зерттеудің көрсетуі бойынша, осы аталған реттегіштер бу қысымының ±9,8 кПа шектікте ауытқуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде ±20С шектікте қаныққан бу температурасының өзгеруіне сәйкес келеді.
Кептірілген негіз ылғалдылығын өлшеу ылғал өлшегіш деп аталатын приборымен іске асатын жаңа шлихталау машинасының жүрісі барысында іске асырылады. Аталған ылғал өлшегіш приборының жұмысы негізі негіздің электроөткізгіштігі бойынша ылғалдылығын өлшеу принципіне негізделген болатын.
ЦНИХБИ жүйесінің электро ылғал өлшегішінде машинадан шыққан негіз ылғалдылығы белгілейтін өзіндік жазушы прибор қолданылған. Ылғалөлшегіш байланыс білікшесі мерильді білікшеге орнатады, ал егер негіз эмулсирлеуге немесе балауыздалуға келтірілсе, онда аталған ылғал өлшегіш байланыс білікшесі эмулсирлеуші құрылғы алдына орнатады.
Ылғал өлшегішті сынау нәтижесі мынаны, яғни эмульсирленген негіз ылғалдылығын өлшеу қателігі ±0,5% құратынын көрсетті. Ылғал өлшегіш көрсеткішін пайдалана отырып, шлихталаушы шлихталау жылдамдығын немесе машинаның кептіруші бөлігіне берілетін бу көлемін өзгерте отырып шығушы негіз ылғалдылығын өзгерту мүмкіндігіне ие болады.