Шлихталау машиналарының құрылғылары және жұмысы
Шлихталау машиналары негіз жіптерге шлихтаны салу, ондағы артығын сығу және жеке жіптерді желімдемей тоқыма тізбеораушға оңтайлы орайтындай дәрежеде негіз жіптерді кептіру үшін арналған болып келеді. Сонымен қатар шлихталау машинасында негізгі жіптердің барлық ұзындығынан берілген ұзындықтағы қиындылар бойынша белгі қояды.
Шлихталау машиналары келесідей негізгі бөліктерден тұрады:
тізіп орау білікшелеріне арналған тіректен;
кереге және жетектен;
шлихталаушы науа, батырушы және сығушы біліктерден тұратын желімдеуші аппараттан;
кептіруші бөлігі;
алдыңғы бөлігі, мұнда негіздің желімдеуші жіптері бөлініп, бөліктерге бөлініп, иірім жіптер тізбеораушыларға оралады;
ШБ-11/180-3М барабанды шлихталау машинасы беті бумен қыздырылатын (қысым шамамен 1 ат.) түрлі диаметрлі екі мысты кептіру барабанынан тұрады.
Барабанды шлихталау машинасында технологиялық процесс келесі жағдайда өтеді. Иірім жіп тізіп орау білікшесінен мәжбірлі түрде айналу қозғалысын алатын тартушы біліктің 1 әсерімен оралады. Тартушы біліктің алды және артқы жағынан негіз жіп бойында жататын бақылаушы білікшелер орнатылған, аталған құрылғылар жіптердің босаңсыған уақытта төмен түсе отырып керілісті реттеп отырады.
Желімді науада 2 батырушы білік 3, өткір бу жыланшасы және бір немесе екі сығушы білікшелердің жұбы 4 және 5 орналасқан. Жылу шығымын азайту үшін науа екі қабырғалы болып келеді, өйткені олардың аралығында техникалық глицерин жүріп
отырады. Науа өз кезегінде қою бумен қыздырылады, шлихтаны беруді реттеушіге, шлихтаны араластыруға арналған сорғыға және термореттегішке ие болып табылады.
Тұтқырлығы және желімдегіштігі бойынша шлихтаның біртектілігін қамтамасыз ету үшін оны кішігірім бөлігімен желім қайнатқыштан науаның қосымша бөліміне беріледі, ал одан сорғының көмегімен жұмысшы бөлікке айдалады. Тұрақты араластыру нәтижесінде шлихта науада тұнып қалмайды, ал бұл өз кезегінде негіз жіптердің желімдену процессінің жоғары сапалы етеді. Негіз жіптерді желімдеу процессі дәрежесі тұрақты болуы үшін міндетті түрде науаның жұмысшы бөліміндегі шлихтаның қажетті деңгейін тұрақты ұстап отыру керек.
Негіз жіп ішіне шлихтаның жақсы сіңу дәрежесі сонымен қатар шлихта температурасына да байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан да жаңа конструкциялы машиналарда автоматты түрдегі термореттегіштер қамтамасыз етіледі. Дөрекі мақта маталы негіз жіптер үшін науадағы шлихта температурасы 85-900С, ал ақталған және боялған негіз жіптер үшін 60-650С қалыпты болып табылады.
Сығушы біліктерден кейін негіз жіп үлкен көлемдегі барабанға 6 түседі, мұнда ол бір жағымен кептіріледі, содан кейін кіші барабан 7 бетінде екінші жағымен кептіріледі. Негіз жіп кептіру барабандарымен үлкен көлемдегі аумақта кездеседі..
-
Сурет 9. Барабанды шлихталау машинасының
сұлбасы
|
Бұл өз кезегінде негіз жіптерді барабандардың шаншып алу бұрышын үлкейтуші қабырғалы бағыттаушы білікшелердің орнатылуымен қамтамасыз етіледі. Кептіру барысында бөлінетін булар сыртқа қарай желдеткішпен шығарылады. Негіз жіптердің керілісін төмендету үшін барабанға мәжбүрлі айналма береді.
|
Кептіру барабандары өздерін түбі болатты болатын мыс беттерден құралған толық цилиндр ретінде қарастырады. Қысыммен бу бос өсі арқылы барабан ішіне беріледі. Қабырғаның қыздырылуына кедергі жасайтын конденсатты жою үшін барабан ішінде шөміш орнатылған, аталған шөміштің көмегімен конденсат арнайы кең көлемді құбырға құйылып, одан бос өсі арқылы конденсатты құмыраға айдалады.
Кіші кептіру барабанынан кейін негіз жіптер бағыттаушы білікшелер бойынша желді қозғалтқыш арқылы 8 салқын ауамен суытылып, негіз жіпке ны жұмсарту мақсатында жіңішке қабатты эмульсияны салушы эмульсирлеуші білікшеге 9 түсіреді.
Содан кейін негіз жіптер желімденген жіптерді бөліп ажыратушы бағалы (бөлуші) шыбықшалар 10 арқылы өткізеді. Машинада тізіп орау білікшелеріне қарағанда бір саны аз болуы қажет. Осы аталған шыбықшалар түрлі тізіп орау білікшелерінен бөліп отырады. Бағалы (ажыратушы) шыбықшалардан кейін негіз жіптер тізбеораушының ендігі бойынша біртекті реттеп орналастыруы үшін қозғалтушы қатаршаға 11 түседі, содан кейін мерильді білікшені 12, шығарушы білікті 13, ыдыратушы білікшелерді 14 иілдіре отырып тізбеораушыға 15 оралады. Тізбеораушы өз кезегінде қозғалысты оралу диаметрінің өзгерісіне сәйкес оның айналу жиілігін автоматты түрде төмендететін дифференциалды механизм арқылы машинаның басты білігінен алады. Сығушы білікшеден тізбеораушыға дейін шығарылуына негіз жіптерге қозғалысты шығарушы біліктен беріледі. Мерильді білікшеден қозғалыс мерильді-белгілеуші механизмге беріледі, мұнда аталған механизм тілім соңында белгілі ұзындықта белгі қойып және тоқыма тізбеораушысына оралатын тілім санын есептейді. Тілім ұзындығына арналған есептегіш шкаласы 150м дейін
саналып, ал тілім санын есептеуші есептегішті 30 тілімге дейін орнатып қойған.
Тарқатушы білікше 10мм тең өстік орнасалуға ие болып табылады, өз кезегінде тоқыма тізбеораушысында иірім жіпті біртекті салуға қабілетті болып келеді. 1кг жұмсақ
иірім жіпке кететін бу шығымы шамамен 2кг құрады, сонымен қатар шлихталау науасына 0,65кг, ал кептіру барабанына 1,35кг кетеді.
Тізбеораушының айналу жиілігін өзгерту үшін орау жылдамдығын тұрақты сақтай отырып негіз жіптер орамасы диаметрінің өзгеруіне сәйкес айналу жиілігін автоматты түрде реттеуші дифференциалды фрикционды қолданады.
Сурет 10. ШБ-11/180-3М барабанды шлихталау машинасы
Қазіргі заманауи шет елдік шлихталау машиналары жетілдірілген, осының арқасында негіз жіптерді шлихталаудың сапасы жоғарылап, энергия шығындары қысқарған және жұмысшылардың еңбек жағдайлары жақсарды.
Сурет 11. «Зуккер» (Германия) фирмасының шлихталау машинасы
Негізінен шет елдік фирмалар ЭЕМ қосылған, шлихталау процесін бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген, дисплей мен басып шығарушы қондырғылы шлихталау
машиналарын шығарады. Мұндай машиналарда микропроцессорлар қолданылады, олар негіз жіптердің керіліс шамасын, негіз қозғалысының жылдамдығын,кептіру барабандары мен шлихта температурасын, кептіруден кейінгі ылғалдылықты және де өзге процесс параметрлерін есептейді. Шлихталау кезіндегі барлық қажетті мәліметтер құжат ретінде ұсынылып отырады. Желімдеуші аппараттың конструкциясы иірімжіптің талшықтық құрамына байланысты әрбір нақтылы жағдайда таңдалынып отырады. Шет елдің фирмаларын негізінен барабанды шлихталау машиналарын шығарады. Кептіру модулінің конструкциясы әркелкі. Шлихталау машинасында эмульсиялаушы қондырғысы бар. Оралып отырған иірімжіпті нығыздаушы механизм иіршік артында орналасқан және машинаның шығарушы бөлігіне әсерін тигізбейді. Шлихталау машиналары модульді немесе секциялы принциптер бойынша қалыптанады. Зуккер, Бенингер, Карл Майер, Тсудакома фирмаларының шлихталау машиналары анағұрлым жоғары техникалық деңгейге ие болып келеді. Модулдер өндірістің жағдайына байланысты матаның нақты ассортименті үшін түрлі конструкциялы машина құрайды. Шет елдік шлихталау машиналарының техникалық сипаттамасы 4 кестеде келтірілген.
Кесте 4. Шлихталау машиналарының техникалық сипаттамасы
-
Машиналардың маркасы және
түрі
|
Зуккер- Мюллер
|
Плат Сайзинг
|
SMR-SP
|
Тсудакома
|
SAS
|
Вест поинт
|
Ел, шығарушы фирма
|
Зуккер-
Мюллер, Германия
|
Плат
Сайзинг, Англия
|
Карл
Майер, Германия
|
Тсуда-
кома, Япония
|
Раша-
Люмин, Италия
|
Вест
поинт, США
|
Машинаның сабақталу ені,
см
|
140÷650
|
150÷350
|
220÷540
|
140÷400
|
140÷400
|
140÷400
|
Рассадка флан- цев ткацкого
навоя, мм
|
1400÷
6500
|
1500÷
3500
|
2200÷
5400
|
1400÷
4000
|
1400÷
4000
|
1400÷
4000
|
Диаметр флан- цев ткацкого
навоя, мм
|
До 1250
|
До 1200
|
До 1400
|
До 1250
|
До 1200
|
До 1250
|
Шлихталау жылдамдығы,
м/мин
|
160;
200 дейін
|
150 дейін
|
150 дейін
|
185 дейін
|
400 дейін
|
185 дейін
|
Жылдамдықты
реттеу
|
Өзгермелі
|
Өзгермелі
|
Өзгермелі
|
Өзгермелі
|
Өзгермелі
|
Өзгермелі
|
Иірімжіп түрі
|
Табиғи, жасанды, шыны
талшық
|
Табиғи, жасанды, шыны
талшық
|
Вискоза, жасанды, штапельді
|
Табиғи, жасанды
|
Табиғи, жасанды
|
Табиғи, жасанды
|
Иірімжіптің сызықтық
тығыздығы, текс
|
8÷1000
|
8÷100
|
8÷1000
|
8÷1000
|
8,3÷500
|
8,3÷1000
|
Иіршіктегі орау тығыздығы,
г/см3
|
0,7 дейін
|
0,7 дейін
|
0,7 дейін
|
0,7 дейін
|
0,7 дейін
|
0,7 дейін
|
Тізіп орау білігі фланецінің
диаметрі, мм
|
1000
дейін
|
1000
дейін
|
1000
дейін
|
1000 дейін
|
1000
дейін
|
1000
дейін
| -
Негіз созылуы ,
%
|
3,5 дейін
|
3,5 дейін
|
4,5 дейін
|
3,5 дейін
|
4,5 дейін
|
4,5 дейін
|
Кептіру барабандарының
диаметрі, мм
|
-
|
-
|
800
|
-
|
-
|
-
|
Барабандағы бу
қысымы, 105 Па
|
-
|
-
|
5
|
-
|
-
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |