Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Сурет 73. Негізгі бақылаушы механизмінің



бет48/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Сурет 73. Негізгі бақылаушы механизмінің
сұлбасы

Пневморапиралы станоктың негізгі бақылаушысы ламельді электрлі әрекеттегісі 60 рейкаға ие болып табылады. Негізгі жіптердің үзілуі барысында рейкалы ламель контактісінен дабыл тіректі өзекшені суырып алатын электромагнитке түседі. Тірек тербелмелі тұтқыштың әсер етуші сызығы бойында тұрады, нәтижесінде станоктың электроқозғалтқышы және
тежеуші механизмі өшіріледі.

Ламельде ламельді көтеруші және керуші күйде ұстап отыратын негізгі жіптер ғана сабақталады. Ламелмен бірге алты рейка өз өздерін электр тізбектерінің буындары ретінде қарастырады. Ішкі рейка және сыртқы оқтізер бір бірінің аралығын арнайы таспамен бөліп қойылады. Ішкі рейкаға кернеу келтірілсе, ал сыртқы оқтізерге жерде тұйықтаушы келеді.
Негіз жіптерінің үзілуі барысында ламель төмен түседі де, электр тізбегін тұйықтайды, осының салдарынан станок жетегінде орнатылған электромагнит іске қосылады. Аталған электромагнит іске қосылу барысында жетек тартпалары және тұтқыштарының жүйелері арқылы іске қосушы тұтқаның бұрылуы іске асады. Аталған іске қосушы тұтқаның жұмысшы күйден шығуы нәтижесінде фрикцион басты білікпен тістесуі алшақтап, станок тоқтайды.
Негіз жіптерінің үзілуі барысында ламелдерді іздеу үшін міндетті түрде негіздің оң және сол жағында орналасқан арнайы тұтқаны пайдаланған жөн. Тұтқаларға тұтқыштар арқылы рамканы жанастырады. Жіптердің үзілуі барысында ламелька төмен түсіп, төменгі ұшымен рамкаға кіреді. Тербелмелі рамка ламельканы түртіп, сайып келгенде негіз жіптерінің үзілген жерін көрсетеді.
Рамканы ламелдердің кішігірім ауытқуы барысында станоктың жалған тоқтатылуын алдын алат рейка өз кезегінде болатталған қаптамадан 3 және диэлектрмен 5 өткізілген жезді тісті шинадан 4 тұрады. Шиналар 12 В ток кернеуінде тұрақты түрде болады.
Үзілу барысында ламелдер 2 төмен қарай түсіп, электромагнитті 6 қоса отырып, электр тізбегін тұйықтайды. Электромагнит өзегімен байланысқан шыбық 7 төмен түсу барысында тақтайша 8 бұрады да, басты біліктің 12 жұдырықшасы 11 әсер ететін қосиықты тұтқыштың 10 бұрамдамсына 9 оны қарама қарсы орнатады. Оң жаққа қарай орын ауыстыру барысында бұрандама 9 тақтайшаны 8 станокты тоқтата отырып, сырға 15 арқылы болтпен 14 бақылаушы білігін 16 бұратын ұстағышпен 13 бірге сол бағытқа қарай орын ауыстырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет