Сурет 74. СТБ станогының негізгі бақылаушы сұлбасы Сурет 75. Құлыпты механизм
Пневматикалық станоктың негізгі бақылаушысы электрлі немесе электромеханикалық болуы мүмкін. Электрлі негізгі бақылаушыда рейкалар қозғалмайтын болып келеді. Негізгі жіптердің үзілуі барысында сәйкесінше ламел электрлі тізбекті тұйықтай отырып төмен құлайды, осының нәтижесінде орындаушы құралдың магниті іске қосылып, станок тоқтатылады.
Электромеханикалық негізгі бақылаушыда станоктың жұмыс істеуі барысында рейкалар барып келуші қозғалысты жасайды. Негізгі жіп үзілуі барысында ламель рейкалардың орын ауыстыруына кедергі келтіре отырып төмен құлайды, осының нәтижесінде байланыс тұйықталады да магниті іске қосылып, станок тоқтайды.
Құлыпты механизм немесе жай ғана құлып өз кезегінде қайықтың сапасыз ұшуы барысында станокты лезде тоқтату үшін қызмет атқарады, ал бұл өз кезегінде негіз жібінің үзілуін алдын алады.
Құлыпты механизм сұлбасы 75 суретте көрсетілген. Бөрене бойындағы батан қалақшаларында құлыпты білікше 1 орнатылған, оның ұштарына табандар 2 және тіректер 3 пісіріліп қосылған. Әрбір табанның жоғарғы ұшында реттеуші бұранда 4 орнатылады, ол өз кезегінде серіппенің 5 әсерімен қайықты қорапшаның 6 клапанына қысылады. Серіппе 5 білікшені 1 сағат тілі бойынша бұруға және тіректі босатуға тырысады. Станоктың қалыпты жұмыс істеуі барысында қайық, қайықты қорапшаға оның қақпақшасы сығады және табандарды 2 ауытқи отырып толығымен кіреді. Нәтижесінде құлыпты білікше бұрылып, тіректер жоғары көтеріліп, жастықшаның 7 бойына жиналады. Сонымен қатар алдыңғы күйге келіп, бердомен арқаушаны соғады. Әрбір жастықшаға тіректі шыбық 8 арқылы екі берік рессорлы серіппелер 9 бойынша әсер етеді.
Қайықтың мардымсыз ұшуы барысында құлыпты білікше 1 бұрылмайды. Тіректер төмен түсірілген күйде болады, тек қана төстемірге батанның келуі барысында сухариктерден бастап жастықшаларға да соққы береді. Нәтижесінде батан тоқтайды. Осы процесс барысында болатын жастықшаның төстемір бағытына қарай кішігірім шамадағы қозғалысы өз кезегінде іске қосушы тұтқаның өшірілуіне және басты біліктің тежеушісінің іске қосылуына алып келеді, нәтижесінде станок тоқтайды. Соққы күші негізінен рессорлы серіппенің 9 әсерімен жұмсартылады.
Кей кезде тоқыма станокта қайықшаның қайықты қорапшаға уақытында жетпеуі барысында олардың, яғни, тоқыма станоктарының тоқтатылуы үшін тастанды бердоны қолданады, ал кей кезде құрамалы сақтандырушы механизмдер қолданылады.
Тастанды бердо құлыпты механизм қолданатын жерде де қолдана береді. Бердо өз кезегінде қозғалмалы түрде батанның ілмегінде толық бұрылады. Қайықшаның қайықты қорапшаға уақытында жетпеуі барысында бердоның төменгі ұшы қарсы беттегі мата жиегінің жағына қарай ауытқиды, және бірқатар тұтқыштар арқылы өтпелдерді тіректер жағымен беттестіреді. Осының нәтижесінде де станок тоқтайды.
Тастанды бердо кемшілігіне мыналар қатысты болып келеді: күзуде қайықшаның тоқтауы барысында негіз жіптерінің бір бөлігінің кернеулігінің жоғары болуы, кең ендіктегі маталарды немесе арқау бойынша жоғары тығыздықтағы маталарды шығару барысында
жұмыстың қолайсыздығын тудырады.
Тастанды бердо жоғары жылдамдық және жіңішке жеңіл мақталы мата және зығырлы маталарды шығару барысында жұмыс істейтін механикалық тоқыма станоктарында әдетте қолданылып келетін.