Тізіп орау машиналарына әдетте тізіп ораушы және жіп ілуші қызмет көрсетеді. Партионды тізіп орау машиналарына қызмет көрсету барысында тізіп ораушы жіп үзінділерін жойып, білікшекелерді ауыстырып, сабақтайды және есептегішті орнатады. Ал таспалы тізіп орау машинасында тізіп ораушы таспаларды сабақтайды, бағалы бауларды салады, барабан айналымы есептегішін орнатып, жіп үзінділерін жойып, жұмыс
орнындағы тазалық және тәртіпті қатаң қадағалауы керек. Бір жылдам жүрісті тізіп орау машинасын әдетте бір тізіп ораушы және бір жіп ілуші қызмет көрсетеді.
Сурет 8. Тізіп орау машинасы ben-direct фирмасы
Иірім жіпті тізіп орау – жауапкершілікті процесс болып табылады, өйткені тізіп орау сапасынан мейлінше дәрежеде тоқыма станогында матаның қалыптасу процессі байланысты.
Тізіп орау машинасын толық жөндеу жұмыстары әдетте үш жылда бір реті, ал үш ауысым барысында орташа жөндеу жұмыстары төрт айда бір реті іске асырылады. Толық жөндеу жұмыстарының ұзақтығы 20 сағатты құраса, ал орташа жөндеу жұмыстарының ұзақтығы 10 сағатты құрады.
Тізіп орау барысында иірім жіп қасиеттерінің өзгерісі
Тізіп орау процессінде иірім жіп қасиеттерін біршама өзгеріске ұшырайды. Осы кішігірім өзгерістер өз кезегінде тізіп орау барысындағы жіптердің керілісімен негізделеді. Сондықтан да тізіп орау нәтижесінде иірім жіп беріктілігі мен созылуы біршама төмендеп, оның қалыңдығы да соған сәйкес төмен көрсеткішті көрсетеді.
Тізіп орау процессінің иірім жіп сапасына әсерін төмендету үшін міндетті түрде технологиялық процесстің өтуін жіті бақылап, жоғары үзілгіштікке алып келетін жоғары жіп керілісін алдын алу қажет. Жіп керілісі тізіп орау барысында біркелкі болуы қажет.
Тізіп орау машинасының жұмысшы құралдарына үйкелу нәтижесінде талшықтардың электрленуін төмендету үшін міндетті түрде оны антистатикалық препараттармен (ОП, сульфонолмен, стеарокспен және т.б.) өңдеу қажет немесе өңделуші жіптердің тура жақын болатын ауаны иондау қажет. Әдетте осы мақсатта жоғары жиіліктегі электрлі немесе радиоизотопты ионизаторлар қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
Тізіп орау дегеніміз?
Иірім жіпті тізіп ораудың қанша әдісі бар?
Үздіксіз тізіп орау және үздікті тізіп орау болып бөліну неге байланысты?
Иіршік орнатпасының қызметі қандай?
Үздіксіз тізіп орау ерекшеліктері?
Тізіп орау барысында жіптерге қажетті керілісті қайдан алады?
Партионды тізіп орауға арналған машиналардың түрлері?
СП-180-3Л тізіп орау машинасының жұмысы?
Тізіп орау жылдамдығын бақылау қалай іске асырылады?
Тізіп орау білікшелері қалай орнатылады?
Таспалы тізіп орау машинасының технологиялық процессі қалай жүргізіледі?
Таспалы тізіп орау машинасының құрылысы?
Бөлуші қатаршаның қызметі қандай?
Таспалы машинада қанша есептегіш орнатылған?
Таспалы тізіп орау жылдамдығы қаншаға тең болып келеді?
Тізіп орау кезіндегі орын алатын ақаулардың түрлері?
Ақаулардың пайда болу себептері?
Тізіп орау қызметкерінің негізгі міндеттері қандай?
Тізіп орау машиналарын жөндеудің қандай түрлері бар?