Таспалы тізіп орау машиналары (сурет 5) тоқыма өнеркәсібінің барлық салаларында қолданыла береді, тіпті синтетикалық талшықтарды дайындау кезеңдерінде де. Таспалы тізіп орау жіптердің шлихталау кезеңіне түспейтін жағдайда да көп қолданылады.
Сурет 5. Беннингер (Швейцария) фирмасының таспалы тізіп орау машиналары
Таспалы тізіп орау тізіп орау машинасында тізбектеле орындалатын екі операциядан тұрады: тізіп орау барабанына таспаларды тізбектей айшықтау және бір уақытта барлық таспаларды тоқыма иіршігіне ораудан тұрады. Тізіп орау барабанына тоқу иіршігіне оралатын жіп ұзындығымен бірдей ұзындықтағы жіптер оралады.Таспалы тізіп орау машиналарының техникалық сипаттамасы төмендегі 3 кестеде келтірілген.
Кесте 3. Таспалы тізіп орау машиналарының техникалық сипаттамасы
-
Машинал ардың маркасы
мен типі
|
СЛ-140- Х1
|
СЛ-140- К2
|
СЛ- 250- Ш2
|
Супер- троник
|
ООМ (Opt-O-
Matic)
|
OOM-BM
|
Эрготек
|
Ел, шығаруш ы фирма
|
Россия
|
Россия
|
Росс ия
|
Беннинге р, Швейцар
ия
|
Карл Майер, Германия
|
Карл Майер, Германия
|
Беннинге р, Швейцар
ия
|
Жұмысш ы ендер диапазон
ы, см
|
140, 180
|
140, 180
|
250
|
220, 260,
300, 340,
380, 400
|
200÷540
(20
қадамда)
|
200÷550
(20
қадамда)
|
220, 260,
300, 340,
380
|
Тізіп орау жылдамд ығы, м/мин;
қайта есу, м/мин
|
800
120
|
800
120
|
700
200
|
800
280
|
1000
300
|
1000
300
|
\ 1000
300
|
Тізіп оралатын иірімжіп түрі
|
Синтетик алық, химиялы қ, табиғи
|
Синтетик алық, химиялы қ, табиғи, комплекс ті
|
Жүн, мақс а, зығы р, арала с қосп
алы
|
Синтетик алық, химиялы қ, табиғи
|
Синтетик алық, химиялы қ, табиғи
|
Синтетик алық, химиялы қ, табиғи, техникал ық маталарға
|
Синтетик алық, химиялы қ, табиғи
|
Иіршік фланецсін ің диаметрі,
мм
|
800 дейін
|
800 дейін
|
800
дейін
|
1250
дейін
|
1250
дейін
|
1250
дейін
|
1250
дейін
|
Тоқыма иіршігіне жіптердің оралу тығыздығ ы, г/см3
|
0,4÷0,55
|
0,4÷0,6
|
0,4÷0
,55
|
0,4÷0,6
|
0,7дейін
|
0,7дейін
|
0,7дейін
|
Барабан
конусыны ң
|
500
|
500
|
500
|
900, 1300,
1700
|
900, 1300,
1700
|
900, 1300,
1700
|
1200,
1600,
| -
ұзындығы
, мм
|
|
|
|
|
|
|
2000
|
Таспа өлшемі, мм қалыңдығ ы, дейін
- ені,
дейін
|
200
420
|
200
420
|
190
420
|
-
800 дейін
|
-
800 дейін
|
-
800 дейін
|
-
800дейін
|
Негіздегі таспа
саны
|
6-30
|
6-30
|
6-30
|
есеп бойынша
|
есеп бойынша
|
есеп бойынша
|
есеп бойынша
|
Орнатылғ ан қуат,
кВт
|
25
|
25
|
14
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Машинан ың габарит өлшемдер і мм:
-
тереңдігі
|
4600
(5000)
3600
-
|
4600
(5000)
3600
-
|
5400
3600
-
|
5680
(7680)
3780
-
|
5480
(8880)
3760
-
|
5480
(8880)
3760
-
|
5680
(7280)
3780
-
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Таспалы тізіп орау машинасының технологиялық процессі келесі жағдайда өтеді. Негіз жіптер үздікті тізіп орауға арналған иіршік орнатпасының орауыш ұстағышында қозғалмайтындай етіп орнатылған конусты орауыштан шығады да керуші құрылғы арқылы өтеді. Содан кейін иіршік орнатпасының екі жағы бойынша бекітілген автоматты тоқтату ілмектері арқылы өтеді. Иіршік орнатпасынан шыққаннан кейін жіптер бөлуші қатаршалар 3 арқылы бағыттаушы білікшелер 1 және 2 аралығымен (сурет 6), суппорт
қатаршасы 4 арқылы өтіп, мерильді білікше 5 және бағыттаушы білікшелерді 6 және 7 иілдіре отырып тізіп ораушы барабанға 8 таспа түрінде оралады. Бірінші таспа қатарында екінші, содан кейін үшіші және т.б. жалпы айтқанда қашан тізіп орау барабанына барлық таспалар оралмайынша орала береді.
Бөлуші қатарша 3, суппорт қатаршасы 4, мерильді білікше 5 және бағыттаушы білікшелер 6 және 7 суппорт үстелшесінде бекітілген. Таспаны барабанға орау барысында суппорт үстелшесі жүріс винті арқылы таспаның дұрыс тізіп оралуын қамтамасыз ете отырып, тізіп орау барабаны 8 бойымен бағыттаушы бөренелер 10 бойынша орын ауыстырады.
Таспалы тізіп орау машинасының суппорты таспаны, яғни, оны барабанға орау уақытында бағыттайды. Аталған суппорт барабанға таспаның біртекті және дұрыс оралуын қамтамасыз етеді. Тек қана осындай жағдайда ғана барабаннан ұршыққа қайта орау барысында жіптер біртекті керілісте болады.
-
Сурет 6. Таспалы тізіп орау машинасының технологиялық сұлбасы
|
Тізіп орау барабанының әрбір айналымында барабан конусы жағына қарай таспаны сондай, яғни, бірінші таспаның әрбір қабатындағы шеткі жібі барабан конусына қарай жатуы үшін жылжытып ауыстырады. Суппорттың осындай жылжытуы салдарынан таспаның бір жағы барабан конусында жататын болса, ал екінші жағы дәл сондай конус, яғни, келесі таспа оралатындай конус қалыптастырады. Мұнымен қатар көлденең бағытта әрбір таспа параллелограм формасында алынады. Демек, барабанға таспаны тізіп орау барысында суппорт таспа конус бойынша қажетті жылжумен салынуы үшін барабан бойымен аталған суппорт дұрыс жылжуы қажет.
|
Сурет 7. Бөлуші қатарша
|
Бөлуші қатарша 3 бағыттаушы орган болып табылады және сонымен қатар негіз жіптерді бөлу және бөлуші бауларды салу үшін де қызмет атқарады. Бұл өз кезегінде мыналардың себебінен іске асады, яғни, бөлуші қатарша көтеруші құрылғыға ие болып табылады және оның тістері 1 (сурет 7) жоғарғы және төменгі темір планкаларынан 3 тең аралықта екі жерден 2 жұп жұбымен пісіріп қосады.
|
Тізіп орау барабанына таспаларды орағаннан кейін, оларды біруақытта тоқыма ұршығына қайта орайды. Жіптерді қайта орау барысында олар тізіп орау барабанында тізіп орала отырып бағыттаушы домалақ бөрене 12 және 13 (7 суретті қараңыз) арқылы өтіп, тоқыма ұршығына 14 оралады. Қайта орау барысында тізіп орау барабаны тоқыма ұршығына оралатын жіптердің керілісі әсерінен кері бағытқа қарай айналады. Жіптердің қажетті керілісі барабанның қалыпты тежегішпен тежеу барысында, сонымен қатар олардың бағыттаушы бөренелер 12 және 13 үйкелісі барысында құрылады.
Таспаны тоқыма ұршығына қайта орау барысында соңғы жүрісті бұранда әсерімен суппорттың орын ауыстырылуы мөлшерінде тізіп орау барабан бойымен жылжуы керек, бірақ кері бағытта. Мұндай қозғалыс тоқыма ұршыққа негіз жіптердің барлық қабаттарында оның фланцалары аралығында орналасуы жеткізіледі. Таспалы машинада екі есептегіш орнатылады: бірі метр бойынша негіз жіптің ұзындығын өлшеу үшін болса, ал екіншісі тізіп орау барабанының айналым санын есептеу үшін қолданылады. Негіз жіпті есептеу есептегіші бойынша тек қана бірінші таспаны тізіп орау бақыланса, ал кейінгі барлық таспаларды тізіп орауды тізіп орау барабанының айналым санын есептеуші есептегішпен бақылайды, бұл өз кезегінде біртекті ұзындықтағы таспаларды дәл орауды қамтамасыз етеді.
Бірінші таспаны орау барысында негіз жіп есептегішінің дискісін нөлге келтіреді. Жұмыс барысында есептегіш бірінші таспа барабанға қандай ұзындықта оралғанын
білдіре алады. Тізіп орау барабанының айналым санын есептеуші есептегішті де бірінші таспаны тізіп орау алдын нөлге келітіріп алады. Тізіп орау барабанының нақты айналым саны бойынша, аталған барабанның айналым саны бойынша жұмыс істейтін машинаны автоматты тоқтатуға орнатады. Осының нәтижесінде барлық таспалардың ұзындығы біртекті болып алынады. Ұзындық есептегіші қозғалысты мерильді білікшеде алса, ал айналым санын есептеуші қозғалысты тізіп орау барабынынан алады. Таспалы тізіп орау жылдамдығы 150 ден 400 м/мин дейінгі жылдамдықты құраса, ал қайта орау жылдамдығы 30 дан 75 м/мин дейінгі жылдамдықты құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |