Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Иірім жіп қасиетіне шлихталау процессінің әсері



бет16/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Иірім жіп қасиетіне шлихталау процессінің әсері


Иірім жіп қасиетіне шлихталаудың әсерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер шлихталау нәтижесі иірім жіптің сызықтық тығыздығы, оның беріктілігі және созылымдылығы өзгеретіндігін көрсетті.


Иірім жіп сызықтық тығыздығы созу және желімдеу есебінен өзгереді, яғни, желімдеу неғұрлым жоғары болса, соғұрлым иірім жіптің сызықтық тығыздығы жоғары болады.
Иірім жіптің беріктілігі иірім жіптегі талшықтарды желімдеу нәтижесінде жоғары болады, әдетте оның беріктілігі 15-25% жоғарылайды. Сонымен қатар иірім жіп керілісі осыған сәйкес төмендейді, яғни, мақталы мата иірім жібі 15-35% төмендейді. Иірім жіп керілісінің мұндай төмендеу көрсеткіші жақсы емес, өйткені тоқыма станогында негіз жіптерінің үзілгіштігінің жоғарылауына алып келеді.
Тоқымада негіздің үзілгіштігіне шлихта құрамы, оны дайындау сапасы және шлихталау режимі мейлінше әсер етеді.
Шлихталау ақаулары мен қалдықтары.
Шлихталау барысында пайда болатын негізгі ақауларға мына төмендегілер жатады.
Желімденген негіздер қою шлихта немесе оны жеткіліксіз сығу барысында, сонымен қатар негіз жіптерді шлихтаға ұзақ ұстау немесе негіз жіптерінің науада ұзақ тұруы барысында алынады. Мұндай негіздер қатаң, сынғыш келеді, ондағы шлихта тоқыма станогында жұмыс істеуі барысында төгіліп қалады, ал бұл өз кезегінде тоқыма станогында негіз жіптерінің жоғары үзілгіштігіне алып келеді.
Аз желімделінген негіздер шлихтаның жеткіліксіз концентрациясы, негіз жіптерін шлихтаға жеткіліксіз жіберілуі, шлихтаны мейлінше қатты сығылуы барысында және негіз жіптерінің науада аз уақыт ұстау барысында алынады. Мұндай негіздер тоқыма станогында бүрісіп, негіз жіптерінің жоғары үзілгіштігіне алып келеді, сонымен қатар матаның сапасын төмендететін, мата бетінде үлпілдектер бетін қалыптастыруына алып келеді.
Қайта кептірілген негіздер шлихталау жылдамдығының жоғары болуы барысында, сонымен қатар барабанды жеткіліксіз қыздыру немесе камерадағы температураның төмендігі барысында алынады. Мұндай негіз жіптері бір бірімен желімденіп, қиын ажыратылады және тоқыма станогының ремизка және күзеуі арқылы өту барысында оның үзілгіштігіне алып келеді.
Негіз ендігі бойынша көлденең желімденген жолақтар сығушы білікшелерді көтермей шлихталау машиналарын ұзақ уақыт бойы тоқтатып отыруы нәтижесінде алынады.
Сия тамшысынан қалған дақ сығылушы негізге шлихтаның шашырандысының түсірілуі барысында, сығушы біліктермен ұнтақталған шлихтаның немесе оның қабығының негіз жіптеріне жабысып қалуы барысында алынады. Тоқыма станогында мұндай негіз жіптерін өңдеу барысында үлкен үзілгіштігіне алып келеді.
Тізбеораушысына негіздерін дұрыс орамау қатаршаларды дұрыс орнатпау (фланец аралығындағы тізбеораушылардың берілген ендігіне сәйкес келмейді) барысында және қатарша тісшелері аралығында негіз жіптерін дұрыс орнатпауы барысында пайда болады.
Негізде жіптердің айқасулары бөлуші шыбықшаларының өз уақытында салмау және қатаршада жіптерді дұрыс орнатпауы барысында алынады.
Тізбеораушыда негіз ұзындығының дұрыс еместігі мерильно – белгілеуші механизмді дұрыс орнатпау немесе бұзылуы барысында алынады.
Майланған немесе лас негіздер иірім жіпке қызмет көрсетуші қызметкердің салақ қарауы барысында, машина жағдайының нашарлығы, цехтағы ластық және т.б. барысында алынады.
Шлихталау барысында жоғалған жіптер немесе тізбеораушыға оралмаған жіптер үзілген жіптердің ұштарын бөлшектермен байланыстырушы тізіп ораушы жұмысының дұрыс еместігінен немесе шлихталау машинасында жіптердің үзілуі салдарынан пайда болатын ақаулар түрі болып табылады.
Көпшілік ақаулар тоқымада негіз жіптерінің көп үзілгіштігіне және тоқыма станоктарының ұзақ тоқтауына алып келеді, ал кей кезде негіз жіптерді өңдеу мүмкін болмайтын да жағдай болатын кездерде оны станоктардан кесіп алуға тура келеді.
Шлихталау машинасында пайда болатын қалдық көздері өз өздерін желімденген және жұмсақ (желімденбеген) жіп ұштары, сонымен қатар негіздің дара жіптерінің үзілуі барысында алынатын қысқыштар ретінде қарастырады.
Қалдықтар көлемі негізінде шлихталаушы машинаға келетін иірім жіп салмағының әдетте 0,1 – 0,2% құрады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет