Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет29/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Picanol OMNI PLUS тоқу станогы


Қазіргі таңдағы заманауи машиналардың барлығы компьютермен басқарылады. Picanol (Бельгия) тоқыма машиналарын шығарушы компаниясы заманауи рапирлі және певматикалық тоқу станоктарын шығарады. Дәл қазіргі уақытта бүкіл әлемде 110000-нан астам пневматикалық және рапирлі Picanol станоктары 2500 кәсіпорындарда жұмыс жасауда. LoomGate компьютерлік технологиясы арқасында тоқу станогы мен компьютерлік басқару арасында мәліметтерді локальді желі арқылы алмасуға мүмкіндік береді. Жасалынып жатқан жұмыстардың параметрлерінің теңшеулері компьютерден станокқа, керісінше станоктан компьютерге берілуі мүмкін. Осы технологияның көмегімен тоқу станогын басқаратын бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта жаңартуға болады.



Сурет 41. Picanol OMNI PLUS тоқу станогы



OMNI plus 800 станогының микропроцессоры барлық жұмысшы функцияларды бақылап отырады. Дисплейдегі түсінікті мәзірді пернетақта немесе интербелсенді сенсорлы экранның көмегін қолдана отырып, тоқушы жұмысқа қажетті параметрлерге түзету жасап, станокты іске қосады. Станоктың жұмысының барлық параметрлері экранда көрініп тұрады Жұмыстың механикалық параметрлеріның теңшеулері электронды реттелу тәсіліне ауыстырылған, ол бірнеше артықшылықтарға ие болғызады.
Микропроцессор станоктың жұмысы туралы барлық мәліметтерді жазып алады, сақтайды және талдайды. Соңғы екі аптадағы техникалық параметрлерді монитордан көруге болады, ал тоқу станогының өзі орталық мониторинг жүйесімен және локальді компьютер желісі көмегімен технологиялық процесті басқарумен байланысты болады.

Аталмыш фирманың соңғы үлгідегі машиналарының бірі пневматикалық тоқу станогы OMNIplus800. Тоқу станогын жасау кезінде екі негізгі өндірістік фактор шығарылатын мата ассортиментінің диапазоны және қызмет көрсету ыңғайлылығы есепке алынды. Бір жағынан станок кең ассортиментті жоғары сапалы мата шығару керек, екінші жағынан шығарылатын маталардың ассортименті тез ауысуын мүмкіншілік беруі тиіс.
Сурет 42. Тоқу станогының негізгі құрылғылары
OMNIPlus800 тоқу станогында иірімжіп, филаментті жіптер, сонымен қатар фасонды иірімжіп пен жіптердің ауқымды спектрі, жоғары ширатымды, эластикалы, шенил және текстурленген 8 түске дейінгі жіптер қолданылады.
OMNIplus800 станогының бердосының сабақталу ені 190, 220, 250, 280, 340, 380 және 400 см болуы мүмкін.

Сурет 43. Тоқу станогының ауа құрылғылары

Станок 720мм дейінгі орамалы маталарды алуға қарастырылған, сонымен бірге РВМ механизмін (сыртқы тауар ілуші механизм) қолданған кезде 1000 немесе 1500 мм болуы мүмкін. Станок жұдырықты күзу түзуші механизммен, электронды басқарылатын ремизка көтергіш кареткамен немесе жаккардты машинамен қамтамасыз етілген. Станоктың базалық кострукциясы өте ыңғайлы.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет