Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет37/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

VIІ БӨЛІМ. Жаккардты машиналар


Жоғарыда аталған жаккардты машиналар қашан тек қана бір топ жіпті ғана көтермей, сонымен қатар бірлікті жіптерді де көтеру мүмкіндігі болатын негіз және арқау бойынша раппортта көп санды жіптерге ие ірі өрнекті маталарды шығару үшін қолданылады. Ірі өрнекті айқаспа раппортында негіз бойынша және арқау бойынша бірнеше жүз, ал кей кездері бірнеше мың жіптер болады.


Жаккард машинасында ілмектер 1 (сурет 64) тігін бойында орналасып, жиекті тақтаға 2 салынады. Жиекті тақтадағы әрбір ілмекте арнай тесіктер жасалған. Аталған тесіктер арқылы ілмектің төменгі ұшында бекітілетін жиекті баушалар 3 өтеді. Әрбір қатар ілмектерінің жоғарғы ұшы пышақты қаңқада 4 орналасқан көтермелі пышақта болады. Ортаңғы бөлікте әрбір ілмекті көлденең ине 5 иілдіреді. Әрбір инелердің оң жақ ұшында спиральді серіппе 6 бар, ол оны сол жаққа қарай сығып, ілмек басын көтермелі пышақ үстімен дәл ұстап отырады, ал иненің сол жақ ұшы инелі тақта 7 саңылауы арқылы өтеді. Инелі тақта жанында призма 8 орнатылады. Аталған призма бұрыштарында машинада қанша ине болса, сонша тесік болады. Призмаға айқаспа раппортына сәйкес тесіктері бар картадан тұратын картон ілінеді. Әрбір карта арқаудың бір салмасына сәйкес келеді.

Сурет 64. Жаккардты машинасының ілмектерінің орналасу сұлбасы

Призма тербелмелі және айналмалы қозғалыс жасайды; біріншісі инеде картонның әсерлерсуі үшін қажетті болса, ал екіншісі картонның бұрылуы үшін қажетті болып табылады. Призманың әсерімен қатырма қағаз инелерге қысылғанда, картаның тесілмеген бөлігі сәйкесінше инелерді
оңға қарай қысады.

Сонымен қатар инелер онымен байланған ілмектерді жоғары төмен барып келмелі қозғалыс жасайтын көтермелі пышақтан шығарып тастайды. Инелер қатырма қағаз картасының тесігіне түскенде, олар оңға қарай орын ауыстырмайды және өздерінің ілмектерін пышақтың әсерінсіз шығармайды. Нәтижесінде күзудің ашылуы барысында осы аталған ілмектер пышақтың әсерімен көтеріліп, бет көзшесінде таңдалынған 9 негіз жіптерді де сәйкесінше көтереді. Беттер кассейлі тақта 11 саңылауы арқылы өтетін аркатты байшаларда 10 асылып ілінген. Пышақ түсірілу барысында ілмектер төменге қарай керіліп, өздерінің бастапқы күйлеріне келу үшін әрбір бетке жүкше 12 салынып, ілінген. Кассейлі тақтада берілген сабақтауда қолданылатын аркатты бауша және тесік саны негіз жіп санына тең. Ал ілмектер саны олардан кемдеу болады, өйткені тәртіпке сәйкес бір ілмек бірнеше көп иірімді баушаны көтере алады, демек, арқау жіптерімен біртекті айқаспалылыққа ие болатын бірнеше негіз жіптерін де көтере алады деген сөз. Жаккардты машиналар 100, 200, 400, 600, 800, 1200 және одан да көп ілмекті болып келеді.
Айқаспа суреті келесі жағдайда алынады. 380 негіз жібі бойынша раппортты суретті алайық деп ойлайық. Демек, аталған айқаспа үшін міндетті түрде 380 ілмек керек. Егер

негіз жіптер саны бар жоғы 3040 болса, онда мынаны аламыз:
3040 : 380  8
раппортты

болады, яғни, барлық сегіз раппортта бірдей күйде болатын сегіз жіп бір ілмекпен көтерілуі мүмкін. Демек, әрбір ілмек ремизка рөлін ойнайды және берілген суретті матаны шығару үшін 380 ілмектен аз емес машинада, яғни, 400 ілмекті машинада ғана мүмкін болады. ал қалған 20 ілмек тек қана жиектерін өңдеу үшін ғана қолданылауы мүмкін.
Қарастырылып отырған жағдайда әрбір ілмектің қаңқалы баушасына беттігі және жүкшесі бар сегіз аркатты баушадан тұратын бір шоғы байланады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет