Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет36/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Жабық күзулі бір көтермелі тасымалдау. Осы тасымалдаудағы әрбір ремизка 1 (сурет 62) вертикальды тұтқышпен 2 байланысады. Тұтқыштың ортаңғы бөлігінде басқада дәл осындай тұтқыштар орналасатын айналу болады. Әрбір тұтқыштың жоғарғы бөлігінде күшеюші құрылғы орнатылған.
Аталған құрылғыға екі шықпалы ілмектер 3, яғни, жоғарғы және төменгі ілмектер топсалы түрде бекітілген.

Осы шықпалы ілмектерге өздерінің бағыттаушысында барып келу қозғалысын жасаушы пышақтар 4 және 5 әсер етеді. Ол иінді білікте 9 бекітілген тартпа 6, қосиін 7 және эксцентриктердің 8 әсерімен қозғалады. Жоғарғы пышақ 4 оңнан солға қарай қозғалғанда, төменгі пышақ 5 солдан оңға қарай қозғалады. Егер осы жағдайда ілмек бірнеше биіктікке көтерілген болса, онда жоғарғы пышақтың әсерімен ілмек бұрышы сағат тіліне қарама қарсы тұтқышты 2 бұра отырып оңға және солға орын ауыстырады. Осы тұтқыштардың бұрылуы сәйкесінше ремизкалардың көтерілуіне және түсірілуіне алып келеді.
Ілмектерді көтеру және түсіру үшін призмаға ілінген ұшы жоқ шынжырлы 11 алты бұрышты призма 10 қызмет атқарады. Шынжыр серіппесінде екі түрлі диаметрлі білікшелер орнатылған, олардың таңдау тәртібі сәйкесінше айқаспа суретіне толық сәйкес
келеді. Әрбір күзуді қалыптастыру үшін призма бұрылысы тартпа 12 және тұтқыштар 13, 14 және 15 арқылы эксцентиктермен іске асырылады.
Тартпа қосиықты тұтқыш және шанышқылы арқылы басты біліктің әрбір айналымында призма 1/6 айналымға, яғни, бір бұрышқа бұрады.
Білікше немесе төлкенің ілмекте болуына байланысты жоғарғы және төменгі пышақтардың әсеріне түсе отырып олар көтеріледі немесе төмен түседі. Осының нәтижесінде сәйкесінше ремизкалардың көтерілуі немесе түсірілуі іске асады.
Күзуді жабу барысында пышақтар тұтқышты келтіреді, демек, ремизканы да орта күйге келтіреді.
Жабық күзудегі тасымалдауда пышақтардың толық циклді қозғалысы басты біліктің толық бір айналымында іске асырылады. аталған кареткалы тоқыма станогында күзу шалу процессінде негіз жіптері орта күйден жоғары төмен қозғала отырып, басты біліктің әрбір айналымында орта деңгейге қайта келіп отырады. Сондықтан да тасымалдау толық немесе жабық күзулерді қалыптастырады. Мұндай жағдайда ремизкалардың тұрып қалуы болмайды.
Ашық күзулі бір көтермелі күймеше. Ашық күзулі бір көтермелі тасымалдау жүнді тоқымада қолданылады. Осы тасымалдаудағы әрбір ремизка тырнаша деп аталатын (сурет

  1. қосиықты тұтқыштардың бірімен байланысады. Әрбір тырнашаның жоғарғы иығы тұтқыштың 2 көмегімен тасымалдаудан қанша тырнаша болса, сонша тегершіктермен топсалы түрде байланысады. Әрбір тегершік ремизканы көтеруді және түсіруді реттеуші қатырма қағаз шынжырының білікшесі әсер етуші тұтқышпен 4 қамтамасыз етіледі. Тегершіктің асты және үстінде тісті барабаншалар 6 және 7 орнатылған. тұтқышқа қатырма қағаз шынжырының үлкен білікшесі әсер еткенде, жоғарғы барабаншалардың тістеріне тістесу үшін тегершікті көтереді және сәйкесінше ремизкаларды көтере отырып, тырнашаны сағат тілі бойынша бұрады. Ал тұтқышқа шынжырдың кіші білікшесі әсер етуі барысында, ол төмен түсіп және төменгі барабаншаны кері бағыттай айналдыратын тегершікпен 3 тістесу байланысына түседі. Нәтижесінде сәйкесінше ремизкалар төмен түсіріледі.

Осы тасымалдауда пышақ рөлін ойнаушы барабаншалар қозғалысты иінді біліктен алады, дегенмен біліктің бір айналымында олар, яғни, барабаншалар бір айналымға ие болады. Жоғарғы барабанша сағат тіліне қарама қарсы айналса, ал төменгі барабанша сағат тілі бойынша айналады.

Сурет 63. Ашық күзулі бір көтермелі тасымалдау сұлбасы

Қос барабаншадағы тісшелер олардың шеңберлігі бойынша жартысында ғана орналасады, осының нәтижесінде онымен тістесуші тегершік әрбір іске қосылуында тек қана жарты айналымға бұрылады. Бір жағынан тегершікте 3 бір де бір тіс жоқ, осының себебінен тегершік барабаншамен тістесуі барысында тістер тістерге секіріс жасайды.

Тегершікте қарама қарсы жағында үш тіс болмайды, бұл өз кезегінде оның барабаншалармен қайталамалы түрде тістесуіне жол бермейді (соңғысы тегершікті жарты айналымға бұрғаннан кейін). Бір тіске тегершік тістесетін 3 барабанша жағына қарай бағытталады. Бұл тасымалдау бір көтермелі, өйткені басты біліктің бір айналымында тасымалдаудың жұмысшы құралдарының қозғалыс циклі аяқталады. Тасымалдауыш өз кезегінде ашық күзудің қалыптасуын қамтамасыз етеді, өйткені оның жұмыс істеуі барысында басты біліктің бірнеше айналымы бойында ең жоғарғы немесе ең төменгі бөлігінде ремизкалардың тұрып қалуы іске асырылады.
Тоқыманың түрлі салаларында тоқыма станоктарында қолданылатын ремизка көтеруші тасымалдау да болады.
Бақылау сұрақтары:

    1. Матаның тоқу станогында қалыптасуын түсіндіріңіз?

    2. Мата тоқу станогының негізгі механизмдерін атаңыз?

    3. «Мата» ұғымына түсінік беріңіз?

    4. Мата тоқу станоктарын қандай принциптері бойынша бөлуге болады?

    5. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қандай топтарға бөлеміз?

    6. Жекелеген механизмнің түріне қарай қандай топтарға бөлеміз?

    7. ДОРНЬЕ А1 тоқу станогынан шығарылатын өнімдер түрін атаңыз?

    8. DORNIER PIC® пневматикалық арқауды салу жүйесінің ерекшелігін түсіндіріңіз?

    9. DORNIER ServoControl®-2 жүйелі компактілі дроссел блогының қызметі қандай?

    10. Жаңа эстафеталы ауа өткізгіштердің артықшылықтары?

    11. TandemPlus және TRIM опцияларының станок өнімділігіне әсері?

    12. Triple Weft датчигінің қызметі?

    13. Сапаны қамтамасыз етуші – STS датчигінің артықшылықтары?

    14. Бердо жетегінің мықтылығының тигізетін оң әсерлері қандай?

    15. ДОРНЬЕ А1тоқу станогында қолданылатын жіптің номерлері?

    16. DORNIER ErgoWeave®: интуитивті басқару жүйесі қандай мүмкіншіліктерге ие?

    17. Жиектерді түзіші механизмнің қызметін түсіндіріңіз?

    18. USB және Ethernet интерфейстерінің артықшылықтары?

    19. Басқару жүйесінің негізгі инновациялары?

    20. OMNIPlus800 тоқу станогының артықшылықтары?

    21. Қайықты мата тоқу станогының ең басты ерекшелігі?

    22. Қайықты тоқу станогының негізгі механизмдерін атаңыз?

    23. Қайықтың қызметін түсіндіріңіз?

    24. Қайықсыз тоқымашылықтың ерекшеліктері?

    25. Пневморапирлі станокта өндірілетін өнімдерде қолданылатын жіптердің сызықтық тығыздығы?

    26. Кіші габаритті арқау салу тоқу станогының ерекшелігі?

    27. тоқу станогында матаның қалыптасуы?

    28. Кіші габаритті арқау салу тоқу станогында өндірілетін өнімнің түрлері?

    29. Жетек механизмінің қызмет?

    30. Станокты іске қосу қалай жүзеге асырылады?

    31. Күзу дегеніміз не?

    32. Күзудің биіктігі дегеніміз не?

    33. Ремизка қозғалысына тәуелді эксцентрикті механизмнің ерекшелігі?

    34. Ремизка қозғалысына тәуелсіз эксцентрикті механизмнің жұмысы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет