Түрлі түстегі арқауларды қайықсыз станоктарда қоректендіру
Көпқайықты станокта екі түсті немесе төрт түсті құрылғылар қолданылуы мүмкін. Аталған құрылғыларды қолдана отырып екі немесе төрт түсті қолдана отырып матаны шығаруға болады. Осы құрылғылар құрылғылары бір біріне өте ұқсас болып келеді. Арқаулы жібі бар орауыш станоктың сол жағында қозғалмайтын түрде орнатылған. Әрбір орауыштан жіп тежеуші құрылғы немесе керу өтеуіштің көзшесі арқылы арқауды қайтарушыға жібереді. Арқау жібінің түсін алмастыру үшін арқауды қайтарушыны алмастыру және арқауды қармаушы жіпті беруді сәйкесінше керу өтеуішінің және арқау тежегішін іске қосу барысында іске асыру талап етілген.
Құрылғы дискісі 1 (сурет 80) айналмалы қозғалысты шынжырлы беріліс арқылы 2 жетекті білікшеден 3 алады. Білікше дискісінде саусақшалар 4 орнатылған, сол арқылы мальтиялық айқаспа 5, ал одан тегершіктер Z1 және Z2 арқылы қатырма қағаз призмасы қозғалыс алады. Қатырма қағазға серіппенің әсерімен білікше 8 қысылады, ал пластинаның жүрісі барысында аталған білікше төмпешікпен бірге бір бағытта қысылады, ал дөңесті тілімше жүрісі барысында жеке дара бағытта қысылады.
Тұтқыш 9 (сурет 81) жіппен бірге арқауды қайтарушыны қажетті түске орын алмастырады. Жұмыс барысында арқауды қайтарушы ұстатқыш белгіленеді. Қос жұдырықшадан 10 тұтқыш 13 арқылы қозғалысты тартпа 12 алады, ал одан кеспелі тұтқыштың 9 бірінде білікшемен 14 бірге белгіленетін қосиықты тұтқыш 13 қозғалыс алады.
Жұмысшы күйге арқауды қайтарушының бірін немесе басқасын беру өз кезегінде қатырма қағазда пластиналардың орналасуына байланысты болып келеді. Қостүсті құрылғы жұмысы барысында әрбір түстің арқаулы тастандыларының не жұп сандарын болмаса тақ сандарын қабылдауға болады. Төрт түсті құрылғыларда қолдану барысында станок қоректендіргіші қозғалмайтын төрт орауыштан іске асырылады. Раппортқа сәйкес жіптерді таңдау өз кезегінде қостүсті құрылғы барысындағыдай процесспен сәйкес келеді.
Сурет 80. СТБ станогының қостүсті
құрылғының сұлбасы